TikTok аккаунтыңыз лақап ат пен пайдаланушы атынан тұрады. Лақап ат – аккаунтыңыздың аты. Ол TikTok қызметінде басқаларға (мысалы, «Ұсыныстар» лентасында, пікірлерде және жеке хабарламаларда) көрінеді. Пайдаланушы атыңыз лақап атыңыздан бөлек. Ол профиль сілтемесін білдіретін @username сияқты тегтен тұрады.
TikTok-та лақап атыңызды өзгерту үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «Профильді өзгерту» опциясын түртіңіз.
3. Ат түймесін түртіңіз.
4. Өзіңіз қалаған лақап атты енгізіңіз. Ең көбі 30 таңба жазуға болады. Лақап аттар Қауымдастық ережелерімізге сәйкес болуы керек және оларды тек 7 күнде бір рет өзгертуге болатынын есте сақтаңыз.
5. «Сақтау» түймесін түртіңіз.
Пайдаланушы атын өзгерту туралы толығырақ біліңіз.