TikTok тікелей эфирінің жазбалары

Бөлімге өту 


TikTok тікелей эфирінің жазбалары деген не?  •  TikTok эфир бейнелерін не үшін сақтайды?  •  Эфир жазбаларына қалай өтуге болады  •  Эфир жазбаларын қалай басқаруға болады 






TikTok тікелей эфирінің жазбалары деген не?


TikTok тікелей эфирінің жазбалары бұрынғы эфир бейнелерінің сақталған жазбалары болып табылады. Жазбалар 30 күн бойы көру және жүктеп алу үшін қолжетімді болады.






TikTok эфир бейнелерін не үшін сақтайды?


Біз эфир бейнелерін келесі мақсатпен сақтаймыз:
•  эфир жазбаларын жүктеп алуға немесе қиып алуға қолжетімді ету;
•  TikTok-та контент модерациясын жақсарту және дамыту;
•  Қауымдастық ережелеріне сәйкес ықтимал зиянды контенттің алдын алу және ол бойынша шара қолдану. Қосымша ақпарат алу үшін Құпиялық саясатын қараңыз.






Эфир жазбаларына қалай өтуге болады


1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «TikTok Studio» бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз.
3. Жоғарғы жақтағы «Тікелей эфир» түймесін түртіңіз.
4. «Эфир жазбалары» түймесін түртіңіз.


Сондай-ақ эфир жазбаларына Эфир орталығынан кіруге болатынын ескеріңіз.






Эфир жазбаларын қалай басқаруға болады


Тікелей эфирді аяқтаған соң, эфир жазбаларын жүктеп алуға, қиып алуға немесе жоюға болады.


Эфир жазбасын жүктеп алу үшін:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «TikTok Studio» бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз.
3. Жоғарғы жақтағы «Тікелей эфир» түймесін түртіңіз.
4. «Эфир жазбалары» түймесін түртіңіз.
5. Жүктеп алғыңыз келген эфир жазбасын таңдап, «Жүктеп алу» түймесін түртіңіз.


Эфир жазбасын қиып алу үшін:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «TikTok Studio» бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз.
3. Жоғарғы жақтағы «Тікелей эфир» түймесін түртіңіз.
4. «Эфир жазбалары» түймесін түртіңіз.
5. Қиып алғыңыз келген эфир жазбасын таңдап, «Қиып алу» түймесін түртіңіз. 6. Клипті өңдеңіз, содан кейін «Келесі» түймесін түртіп, клипті жариялау бойынша қадамдарды орындаңыз. Сондай-ақ клипті кейінірек жариялау үшін «Сақтау» түймесін түртуге болады.


Эфир жазбасын жою үшін:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «TikTok Studio» бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз.
3. Жоғарғы жақтағы «Тікелей эфир» түймесін түртіңіз.
4. «Эфир жазбалары» түймесін түртіңіз.
5. Жойғыңыз келген эфир жазбасын таңдап, «Жою» түймесін түртіңіз.



Бұл сізге көмектесті ме?