Электронды пошта мекенжайы және телефон нөмірі

Бөлімге өту


Бір электрондық пошта мекенжайын бірнеше TikTok аккаунтында пайдалануға бола ма?  •  TikTok-та электрондық пошта мекенжайын қалай қосуға, өзгертуге немесе жоюға болады?  •  Бір телефон нөмірін бірнеше TikTok аккаунтында пайдалануға бола ма?  •  TikTok телефон нөмірін қалай қосуға, өзгертуге немесе жоюға болады?  






Бір электрондық пошта мекенжайын бірнеше TikTok аккаунтында пайдалануға бола ма?


Әрбір электрондық пошта мекенжайын тек бір TikTok аккаунтымен байланыстыруға болатындықтан, бірнеше аккаунт жасау үшін бір мекенжайды пайдалану мүмкін емес. Егер сіз жаңа аккаунт жасағыңыз келсе, басқа электрондық пошта мекенжайын пайдаланыңыз немесе бұрыннан бар аккаунтпен байланыстырылған мекенжайды өзгертіңіз.

Назар аударыңыз:
•  Егер сіз TikTok аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, құпиясөзді қайта орнатып көріңіз.
•  Егер сіз электрондық пошта мекенжайы байланыстырылған TikTok аккаунтын жойсаңыз, ол 30 күнге өшіріліп, содан кейін біржола жойылады. Осыдан кейін электрондық пошта мекенжайын жаңа аккаунтпен байланыстыруға болады.

Аккаунтыңызбен байланыстырылған электрондық пошта мекенжайын табу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» түймесін басыңыз.
2. Жоғарғы жақтағы «Мәзір» ☰ опциясын түртіңіз.
3.
«Аккаунт» түймесін түртіңіз.
4.
«Пайдаланушы ақпараты» түймесін, одан кейін «Электрондық пошта» түймесін түртіңіз.






TikTok-та электрондық пошта мекенжайын қалай қосуға, өзгертуге немесе жоюға болады?


Параметрлер бөлімінде кез келген уақытта электрондық пошта мекенжайын қосуға немесе өзгертуге болады. Аккаунтқа кірудің қосымша әдісін көрсеткен болсаңыз, электрондық пошта мекенжайын жоюға болады. Сондай-ақ, аккаунтқа әрқашан телефон нөмірін қосып қоюды ұсынамыз. Бұл электрондық поштаңызға кіре алмай қалған кезде, оған кіру мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектеседі.

Сондай-ақ, телефон нөмірін пайдаланып сіз екі қадамдық растауды іске қосу арқылы аккаунтты қорғай және қолданбадағы жарнаманы қызықты ете аласыз.

TikTok электрондық поштаңыздың мекенжайы қалай пайдаланылатынын біліңіз.

Аккаунтқа электрондық пошта мекенжайын қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» опциясын түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы 
«Мәзір»☰ түймесін түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» опциясын түртіңіз.
4.
«Аккаунт», содан кейін «Пайдаланушы ақпараты» түймесін түртіңіз.
5.
Электрондық пошта мекенжайын түртіп, Код жіберу түймесін басу арқылы растау қадамын орындаңыз.
6. Электрондық пошта мекенжайына келетін растау кодын енгізіңіз.

Аккаунтыңызбен байланыстырылған электрондық пошта мекенжайын өзгерту үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы 
«Профиль» түймесін басыңыз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы 
«Мәзір»☰ түймесін түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» опциясын түртіңіз.
4.
«Аккаунт», содан кейін «Пайдаланушы ақпараты» түймесін түртіңіз.
5.
Электрондық пошта түймесін, содан кейін «Электрондық поштаны өзгерту» түймесін түртіп, ағымдағы электрондық поштаға жіберілген растау кодын енгізіңіз.
6. Келесі экранға жаңа эл. пошта мекенжайын енгізіп, сосын 
«Кодты жіберу» түймесін түртіп, жаңадан енгізілген эл. пошта мекенжайына жіберілген растау кодын енгізіңіз.

Ескертпе: растау кодтары эл. поштаға жіберілетіндіктен, аккаунтпен байланыстырылған екі электрондық пошта да (ескі және жаңа) жарамды және жұмыс істеп тұрған болуы керек.

Аккаунтпен байланысты электрондық пошта мекенжайын жою үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы
«Мәзір» ☰ опциясын түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» түймесін түртіңіз.
4.
«Аккаунт» түймесін түртіңіз.
5.
Пайдаланушы ақпараты түймесін, одан кейін Электрондық пошта түймесін түртіңіз.
6.
Электрондық поштаның байланысын жою опциясын таңдап, байланысты жоюды жалғастыру түймесін түртіңіз.
7. Электрондық пошта мекенжайына жіберілген растау кодын енгізіңіз.






Бір телефон нөмірін бірнеше TikTok аккаунтында пайдалануға бола ма?


Телефоныңыздың нөмірін тек бір TikTok аккаунтымен байланыстыруға болатындықтан, басқа бір немесе бірнеше аккаунт жасау үшін бір телефон нөмірін пайдалану мүмкін емес. Егер сіз жаңа аккаунт жасағыңыз келсе, басқа телефон нөмірін пайдаланыңыз немесе бұрыннан бар аккаунтпен байланыстырылған телефон нөмірін өзгертіңіз.

Назар аударыңыз:
•  Егер сіз TikTok аккаунтыңызға кіре алмасаңыз, құпиясөзді қайта орнатып көріңіз.
•  Егер сіз телефон нөмірі байланыстырылған TikTok аккаунтын жойсаңыз, ол 30 күнге өшіріліп, содан кейін біржола жойылады. Осыдан кейін телефон нөмірін жаңа аккаунтпен байланыстыруға болады.

Аккаунтыңызбен байланыстырылған телефон нөмірін табу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» түймесін басыңыз.
2. Жоғарғы жақтағы
«Мәзір» ☰ опциясын түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» түймесін түртіңіз.
4.
Аккаунт түймесін, содан кейін Пайдаланушы ақпараты түймесін түртіңіз.
5.
Телефон нөмірі түймесін түртіңіз.






TikTok телефон нөмірін қалай қосуға, өзгертуге немесе жоюға болады?


Сондай-ақ, аккаунтқа әрқашан эл. пошта мекенжайын қосып қоюды ұсынамыз. Бұл телефоныңыздың нөміріне кіре алмай қалған кезде оған кіру мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ, эл. пошта мекенжайын пайдаланып, сіз екі қадамдық растауды іске қосу арқылы аккаунтты қорғай аласыз және қолданбадағы жарнама тәжірибеңізді әрі қызықты әрі персоналды ете аласыз. TikTok телефоныңыздың нөмірін қалай пайдаланатыны туралы толығырақ біліңіз.

Аккаунтыңызға телефон нөмірін қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» түймесін басыңыз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы 
«Мәзір»☰ түймесін түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» опциясын түртіңіз.
4.
Аккаунтты түртіңіз.
5.
Пайдаланушы ақпараты, содан кейін Телефон нөмірі түймесін түртіңіз.
6. Телефоныңыздың нөміріне келетін растау кодын енгізіңіз.

Аккаунтыңызбен байланыстырылған телефон нөмірін өзгерту үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» түймесін басыңыз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы 
«Мәзір»☰ түймесін түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» опциясын түртіңіз.
4.
Аккаунтты түртіңіз.
5.
Пайдаланушы ақпараты, содан кейін Телефон нөмірі түймесін түртіңіз.
6. Келесі экранға жаңа телефон нөмірін енгізіп, сосын 
«Кодты жіберу» түймесін түртіңіз да, жаңадан енгізілген телефон нөміріне жіберілген растау кодын енгізіңіз.

Ескертпе: растау кодтары құрылғыңызға жіберілетіндіктен, аккаунтпен байланыстырылған екі телефон нөмірі де (ескі және жаңа) жарамды және жұмыс істеп тұрған болуы керек.

Аккаунтыңызбен байланыстырылған телефон нөмірін жою үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы
«Профиль» түймесін басыңыз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы 
«Мәзір»☰ түймесін түртіңіз.
3.
«Параметрлер және құпиялылық» опциясын түртіңіз.
4.
Аккаунтты түртіңіз.
5.
Пайдаланушы ақпараты түймесін, содан кейін Телефон нөмірі түймесін түртіңіз.
6.
Телефон байланысын ажырату опциясын таңдаңыз, одан кейін байланысты жоюды жалғастыру түймесін түртіңіз.
7. Телефоныңыздың нөміріне келетін растау кодын енгізіңіз.

Аккаунтты қалай қауіпсіздікте ұстау керектігі туралы толығырақ біліңіз.


Бұл сізге көмектесті ме?