Алғашқы қадамдар

Егер сізде TikTok қолданбасында қиындықтар туындаса, келесі қадамдарды орындап көріңіз.

Соңғы нұсқа
Құрылғыңызда TikTok қолданбасының соңғы нұсқалары жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ құрылғыңыздың операциялық жүйесі жаңартылған болғаны жөн.

Қолданбаны және құрылғыны қайта іске қосыңыз
Бірінші қадам ретінде TikTok қолданбасын және құрылғыңызды қайта іске қосуға кеңес береміз. Бұның арқасында көбінесе мәселелерді шешуге немесе жад ресурстарын босатуға болады.

Интернет қосылымын тексеріңіз
Әлсіз деректер немесе Wi-Fi сигналы да TikTok қолданбасындағы тәжірибеңізге әсер етуі мүмкін. Мәселе қосылымнан туындаса, ақауларды жою үшін Wi-Fi және мобильді деректер арасында ауысып көріңіз.


Қолданба жадын тазалаңыз
Интернетке қосылу мәселесі болмаса, қолданба кэшін тазалап көріңіз. Бұның нәтижесінде ақау тудыруы мүмкін уақытша файлдар жойылады.

Мүмкіндіктің қолжетімділігі
Біз TikTok-та шығармашылық пен пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін үнемі жаңартып, жаңа мүмкіндіктерді әзірлейміз. Пікір жинау үшін пайдаланушылардың шектеулі санымен мүмкіндіктерді үнемі сынап тұрамыз. Бұл кейбір жаңа мүмкіндіктерді немесе өзгертулерді сіз әлі пайдалана алмауыңыз мүмкін дегенді білдіреді.

Кэшті тазарту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Орынды босату» түймесін түртіңіз.

Осы жерде:
•  Кэшті жою үшін «Кэш» опциясының жанындағы «Тазалау» түймесін түртіңіз, содан кейін растау үшін «Тазалау» түймесін қайтадан түртіңіз.
•  Жүктеп алынған файлдарды жою үшін «Жүктеп алынғандар» опциясының жанындағы «Тазалау» түймесін түртіңіз. (Бұл жүктеп алынған файлдардың қандай түрі екенін көрсетіңіз – алдыңғы пікірдегі скриншотты қараңыз)
•  Жобаларды жою үшін «Жобалар» опциясының жанындағы «Басқару» түймесін түртіңіз. «Таңдау» түймесін түртіп, жобаларды таңдап, «Жою» түймесін түртіңіз.


Жоғарыдағы қадамдарды орындасаңыз да, мәселе жойылмаса, сізге қосымша көмек көрсетуіміз үшін мәселе туралы хабарлаңыз.




Бұл сізге көмектесті ме?