Үшінші тараптың қолданбаларына қосылу

Бөлімге өту 


TikTok арқылы үшінші тарап қолданбаларына қосылу  •  Үшінші тарап қолданбасы қандай ақпаратқа қол жеткізуді сұрай алады?  •  Үшінші тарап қолданбасына қалай қосылуға болады  •  Қосылған үшінші тарап қолданбаларын қалай көруге және жоюға болады  •  Үшінші тарап қолданбасына немесе қызметіне қалай шағымдануға болады 






TikTok арқылы үшінші тарап қолданбаларына қосылу


Үшінші тарап қолданбалары — TikTok жасамаған немесе оның меншігінде емес қолданбалар немесе веб-сайттар (мысалы, музыка немесе дүкен қолданбалары). Басқа платформалардағы контентіңізге кіруді немесе бөлісуді оңайырақ ету үшін TikTok аккаунтыңыз туралы ақпаратты үшінші тарап қолданбаларында пайдалануыңызға болады.


TikTok арқылы үшінші тарап қолданбаларына қосылу туралы мына нәрселерді білген жөн:

•  TikTok сіз тұратын аймақта қолжетімді болуы керек. TikTok-тың жас талаптарына сай келуіңіз қажет.
•  Үшінші тарап қолданбасына TikTok-тағы аккаунтыңыз туралы кейбір ақпарат (мысалы, профиль фотосуретіне) қолжетімді болуы мүмкін. Алайда қолданбаға қосылмас бұрын, кейбір ақпарат түрлерін бөлісуден бас тарта аласыз.
•  Үшінші тарап қолданбасына кіру үшін қолданбаға TikTok аккаунтыңызбен байланыстырылған бірегей идентификатор беріледі. Бірегей идентификаторлар бізге және үшінші тарап қолданбаларына әртүрлі платформаларда жеке жасыңызды растауға мүмкіндік береді.
•  Қосылған үшінші тарап қолданбаларын қарап шығуға және олардың сіздің аккаунт параметрлеріңізге қол жеткізуін басқаруға болады. Қосылған қолданбаларды мерзімді түрде қарап шығып, пайдаланылмайтын қолданбаларды жойып тұруға кеңес береміз.


Желі қолданысын қауіпсіз ету үшін TikTok аккаунтын белгісіз үшінші тарап қолданбаларымен байланыстырмаған жөн екенін ескеріңіз.






Үшінші тарап қолданбасы қандай ақпаратқа қол жеткізуді сұрай алады?


TikTok аккаунтыңызды үшінші тарап қолданбасына қоссаңыз, қолданба сізден TikTok аккаунты туралы кейбір ақпаратқа қол жеткізу рұқсатын сұрайды. Басқа қолданбаға кіру үшін TikTok-ты пайдалануға келісім бермес бұрын, қолданба белгілі бір ақпаратқа рұқсат сұрайды, соның ішінде:

•  Профиль фотосуреті (аватар деп те аталады): үшінші тарап қолданбалары TikTok-тағы профиль фотосуретіңізді қарай алады және оны өз қолданбасындағы немесе веб-сайтындағы профиль фотосуреті ретінде пайдалана алады.
•  Профиль атауы: үшінші тарап қолданбалары TikTok-тағы профиліңіздің атауын қарай алады және оны өз қолданбасындағы немесе веб-сайтындағы профиль атауы ретінде пайдалана алады. Үшінші тарап қолданбасы TikTok-тағы пайдаланушы атыңызға қол жеткізе алмайды
•  TikTok-тағы жария контент: үшінші тарап қолданбалары TikTok-тағы жария контентіңізді қарай алады және осылайша сізге мұндай жазбаларды өз қолданбасында немесе веб-сайтында бөлісуге мүмкіндік береді. Егер қолданбаға жария контентіңізге қол жеткізуге рұқсат берсеңіз, TikTok жазбаларында сутаңба болады.


Үшінші тарап қолданбасына қосылмас бұрын, кейбір ақпаратты бөлісуден бас тарта алатыныңызды ескеріңіз.


Ескертпе: біз сіздің TikTok-тағы құпиясөзіңізді үшінші тарап қолданбаларымен бөліспейміз. TikTok аккаунтыңызға қосылуға рұқсат бермес бұрын, қолданбаның қызмет көрсету шарттары мен құпиялық саясаттарын қарап шығуға кеңес береміз.






Үшінші тарап қолданбасына қалай қосылуға болады


Егер үшінші тарап қолданбасында TikTok арқылы кіруге қолдау көрсетілетін болса, қолданбаға кіру экранында сәйкес опцияны көресіз.


1. Үшінші тарап қолданбасына кіру экранында TikTok-қа кіру түймесін түртіңіз. Егер TikTok-қа кірмеген болсаңыз, оған кіру қадамдарын орындаңыз.
2. Қолданбаның ақпаратқа қол жеткізу рұқсаттарын басқару бойынша қадамдарды орындаңыз. Қолданбаға қосылу үшін белгілі бір ақпарат қажет болатынын ескеріңіз.
3. Жалғастыру түймесін түртіңіз немесе TikTok аккаунтыңызды қосқыңыз келмесе, «Бас тарту» түймесін түртіңіз.






Қосылған үшінші тарап қолданбаларын қалай көруге және жоюға болады


TikTok параметрлерінде сіздің аккаунтыңызға қандай қолданбалар қосылғанын көруге және оларды жоюға болады.

1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Қауіпсіздік және рұқсаттар» түймесін түртіңіз.
4. «Қолданбалар мен қызметтердің рұқсаттары» түймесін түртіңіз.
5. Тексергіңіз келген қолданбаны түртіңіз. Мұнда сіз мыналарды орындай аласыз:
   ༚  Осы қолданбаға берілген рұқсаттар тізімін қарай аласыз.
   ༚  Қолданбаны жою үшін «Рұқсатты жою» түймесін түртуіңізге болады.






Үшінші тарап қолданбасына немесе қызметіне қалай шағымдануға болады


Егер қосылған қолданба сізге ұнамаса немесе оның деректеріңізге қол жеткізу рұқсатын өзгерткіңіз келсе, параметрлер бөлімінде қолданбаны жоюыңызға болады. Егер үшінші тарап қолданбасы деректеріңізді мақсаттан тыс пайдаланып жатыр деп ойласаңыз (мысалы, спам жасау үшін), бізге tiktokplatform@tiktok.com арқылы хабарласыңыз.

Ескертпе: TikTok үшінші тарап қолданбаларын иеленбейді және басқармайды. Туындаған мәселелерді шешу үшін қолданба әзірлеушілеріне хабарласыңыз.



Бұл сізге көмектесті ме?