Бөлімге өту
TikTok-тағы жасқа қатысты аппеляция дегеніміз не? • Аккаунттан бір мүмкіндікті алып тастаған соң не болады? • Аппеляцияны қалай беремін? • Аппеляция берген кезде TikTok-қа жіберілген мәліметтер қалай пайдаланылады? • Аппеляция берген кезде келген мәліметтерді біз қалай сақтаймыз? • Аппеляция берген кезде келген мәліметтерді кіммен және қалай бөлісеміз? • Жас шектеулері бар функцияларға қол жеткізу рұқсаты жойылса, онда нақты деректерді қалай сұрауға болады • Ата-аналарға, қамқоршыларға және басқа сенімді ересектерге арналған ақпарат • Бала өзінің шын жасын көрсетуі неліктен маңызды? • Сіз балаңызға қандай қолдау көрсете аласыз? • Балаңызға аппеляция беруге көмектессеңіз біз сіздің деректеріңізді қалай пайдаланамыз? • Жеке деректеріңізге қандай құқықтарыңыз бар? • Бізбен құпиялылыққа қатысты мәселелер бойынша қалай хабарласуға болады?
TikTok-тағы жасқа қатысты аппеляция дегеніміз не?
Егер сіз ең төменгі жас талаптарына сәйкес келмейтін болсаңыз, кейбір мүмкіндіктерге қол жеткізу рұқсатынан айыра аламыз, соның ішінде:
• Трансляция (ең төменгі жас – 18 жас не одан үлкен)
• Тиындарды сатып алу (ең төменгі жас – 18 жас не одан үлкен немесе Оңтүстік Кореяда 19 жас)
• Жеке хабарламалар жіберу және қабылдау (ең төменгі жас – 16 жас не одан үлкен)
Бұл қате жағдай деп ойласаңыз, шешімімізге аппеляция жіберуіңізге болады. Ең төменгі жас талаптары туралы толығырақ мәліметті Қауымдастық ережелерінен оқыңыз.
Біздің ойымызша сіз TikTok-ты пайдалану үшін ең төменгі жасқа толмағандықтан аккаунтыңыз бұғатталса, кәмелетке толмағандардың аппеляция беруі туралы көбірек біліңіз.
Аккаунттан функцияны алып тастаған соң не болады?
Егер жас шектеулері бар функцияға қол жеткізу рұқсаты алынып тасталса, келесіде TikTok-ты ашқан кезде осы аккаунттың өзгертілгені туралы хабарлама аласыз. Эфирге қатынасу рұқсатыңыз жойылған күннен бастап сіз 180 күн ішінде аппеляция бере аласыз. Әлі де TikTok аккаунтына кіре беруге болады және қажет болса, біздің Қауымдастығымыздың ережелерін бұзбайтын кез келген эфирді жазуға немесе жеке хабарламаны жүктеп алуға болады. Аппеляция бермесеңіз немесе аппеляциялық шағымыңыз мақұлданбаса, сіз жас шектеулері бар функцияларға қол жеткізе алмайсыз.
Аппеляцияны қалай беремін?
Жас шектеуі бар функцияны пайдалану рұқсатыңызды жойсақ, сізге хабарлаймыз. Жас шектеулері бар мүмкіндіктерге қол жеткізу рұқсаты қателікпен жойылды деп ойласаңыз, апелляциялық шағым беру арқылы бізге хабарлаңыз.
Апелляция жіберу үшін:
1. Хабарландыруды TikTok қолданбасында ашыңыз.
2. Аппеляция процесін бастау үшін «Апелляция жіберу» түймесін түртіңіз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Нәтижелер туралы сізге хабарлаймыз.
Жасыңыз бен орналасқан жеріңізге қарай жасыңызды келесі әдістердің бірімен растауыңыз керек:
Жеке куәлікпен бірге селфи түсіру (16 жаста не одан үлкен болсаңыз)
Жеке куәлікпен бірге түскен селфи арқылы аппеляция беру үшін мына ақпаратты беруіңіз керек:
• Мемлекеттік жеке куәлігіңіздің фотосуреті.
• (а) Мемлекеттік жеке куәлікті және (б) апелляцияны қарау барысында сізге жіберілетін бірегей код анық және түсінікті етіп жазылған қағаз парағын ұстап түскен селфиіңіз.
Заңды құқығыңыз бен міндетіңізге сай жеке куәлігіңіздің кез келген бөлігін жабуға болады.
Ата-анаңыздан немесе қамқоршыңыздан сұраңыз (13-17 жаста болсаңыз)
Апелляция беру үшін ата-анаңыздан немесе қамқоршыңыздан жасыңызды растауды сұрауыңызға болады. Сіз және/немесе сіздің ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз мыналарды қамтамасыз етуіңіз керек:
• 13 жастан асқаныңызды растау үшін ата-ананың немесе қамқоршының электрондық пошта мекенжайы.
• Ата-анаңыздың немесе қамқоршыңыздың жасыңызды растауы. Олар туған күніңізді растау үшін электрондық хат алады. Растауды тек ұялы телефон арқылы орындауға болады. Егер сіздің ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз компьютерді пайдаланса, олар растау сілтемесінде берілген QR кодын сканерлеуі немесе сілтемені мобильді браузерге көшіруі керек. Ата-аналар мен қамқоршыларға берілген растау сілтемесін пайдалану үшін TikTok аккаунты қажет емес.
• Ата-анаңыз немесе қамқоршыңыз олардың жасы 18-ден асқанын растау үшін несие картасының ақпаратын ұсынуы керек. Несие картасының түпнұсқалығын растау үшін авторизациялау процесі кезінде шағын және уақытша төлем алынады. Олардан алынған кез келген төлем кері қайтарылады.
Ата-анаңызбен/қамқоршыңызбен бірге түскен фотосурет (16-17 жаста болсаңыз)
Ата-анаңызбен немесе қамқоршыңызбен бірге түскен фотосурет арқылы аппеляция беру үшін мыналарды беруіңіз қажет:
• Ата-анаңызбен немесе қамқоршыңызбен (кемінде 25 жаста болуы керек) бірге түскен фотосуретіңіз. Егер ата-ана немесе қамқоршы сізге көмектесе алмаса, 25 жастан асқан басқа сенімді ересек адамнан сізбен суретке түсуді сұраңыз. Фотосуретте беттеріңіз анық көрінуі керек.
• Ата-анаңыз, қамқоршыңыз немесе басқа сенімді ересек адам камераға қарап, қолында келесі нәрселер анық және түсінікті етіп жазылған қағазды ұстап тұруы керек:
༚ Қағазға «TikTok proof of age» деп жазыңыз
༚ Туған күніңіз
༚ Апелляцияны қарау барысында сізге жіберілетін бірегей код
Кредиттік карта арқылы аппеляция беру (18 жаста не одан үлкен болсаңыз)
Кредиттік карта арқылы аппеляция беру үшін сізге банк картасының деректерін беру қажет болады. Картаңыздан аз сома алынады, содан кейін кері қайтарылады. Сізден алынған кез келген төлем кері қайтарылады.
Апелляция беру кезінде TikTok-қа жіберілетін деректер қалай пайдаланылады?
Аппеляция берсеңіз, біз сізден туған күніңізді растау үшін кейбір ақпаратты сұраймыз, осылайша біз сізге қатынау рұқсатын қайта беру туралы шешім қабылдай аламыз және біздің шешіміміз туралы хабарлай аламыз, өйткені біз TikTok қауымдастығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Құпиялылық саясатымызға сәйкес қызметтерімізді дұрыс пайдаланбауды болдырмауға заңды түрде мүдделіміз. Сіз таңдаған туған күнді растау әдісіне қарай бізге әртүрлі ақпарат қажет болады.
Есіңізде болсын:
• Аппеляцияңыз мақұлданса, аккаунтыңыздағы туған күнді жаңартамыз.
• Аппеляцияңыз мақұлданбаса, туған күніңізді сіз жіберген ақпаратқа сай жаңарта аламыз. Сіздің туған күніңіз TikTok-та басқа ешкімге көрінбейді.
• Біз сіз берген ақпаратты тек сіздің жасыңызды растау және біз қабылдаған шешім туралы хабарлау үшін пайдаланамыз. Мысалы, фотосуреттерді жүктеуді таңдасаңыз, олар сіздің профиліңізде немесе TikTok-тың кез келген жерінде пайда болмайды.
Аппеляцияға өтініш берген кезде сіз берген ақпарат қалай сақталады?
Аппеляция процесі аяқталған кезде, селфилеріңіз бен жеке куәлігіңізді ұстап түскен фотосуреттеріңізді қоса біз сіз берген мәліметтерді жоюды бастаймыз.
Апелляцияңыз мақұлданбаса:
• Жасыңыз 13-17 аралығында болса, эфир жазбаларын жазылған күннен бастап 30 күннен соң жоямыз. Әлі қатынасу рұқсатыңыз бар эфир жазбаларын сұрай аласыз.
• Жасыңыз 13-15 аралығында болса, осыған дейін айтылғандай жеке хабар алмасу рұқсатын жоямыз, бірақ жеке хабарларды сұрау мүмкіндігі қалады.
Апелляцияңыз мақұлданған болса:
• TikTok аккаунтыңыз болғандықтан, туған күніңіз, апелляция растауыңыз, қалай апелляция жасағаныңыз және оның нәтижесі туралы жазбаларды сақтаймыз; • жеке куәлігіңіздің көшірмесін сақтамаймыз (берілген болса), алайда үшінші тарап қызметі сақтайтын ID идентификациясы туралы ақпаратты сақтаймыз. Мысалы, сіздің бірінші апелляцияңыз қабылданбаған болса, біз сіздің жеке куәлігіңізді тексеру әрекеттерінің саны туралы деректерді, сондай-ақ мердігердің тексеру нәтижелерін жіберу уақытын сақтаймыз.
• Егер сіз TikTok аккаунтын жоятын болсаңыз, жоғарыда аталған барлық деректер (қалған басқа деректермен бірге) жойылады.
• Біз сіздің апелляцияңыздың күйін және ол туралы мәліметтерді бақылау үшін жазба жасаймыз. Бұл жазба 90 күн сақталады, содан кейін біз оны жоямыз.
Аппеляцияға өтініш берген кезде берген ақпаратыңызды қалай бөлісеміз?
Біз сіз берген туған күн туралы деректерді мердігерлерімізге бере аламыз, бұл жеке куәліктердің түпнұсқалығын анықтауға немесе кредиттік картаны тексеру операцияларын жүргізуге көмектеседі. Деректер апелляциялық шағымдарды қарауға қатыспайтын үшінші тараптарға берілмейді.
Жас шектеулері бар функцияларға қол жеткізу рұқсаты жойылса, онда нақты деректерді қалай сұрауға болады
Жас шектеулері бар мүмкіндіктерге қол жеткізу рұқсатынан айырылсаңыз, эфир жазбалары мен жеке хабарларды қоса өз деректеріңізді сұрау үшін Деректеріңізді жүктеп алу құралын қолдана аласыз. Эфир жазбалары жасалғаннан кейін оларды сұрауға 30 күн, ал жеке хабарламаларды сұрауға 113 күн (немесе Еуропалық экономикалық аймақта (ЕЭА) болсаңыз 180 күн немесе АҚШ-та 23 күн) беріледі. Есіңізде болсын, сіз тек Қауымдастық ережелерін бұзбайтын деректерді ғана жүктеп ала аласыз.
Құпиялылық саясатымыздан құқықтарыңыз бен таңдауларыңыз туралы толығырақ біліңіз.
Ата-аналарға, қамқоршыларға және басқа сенімді ересектерге арналған ақпарат
Егер біз адам жас шектеулері бар мүмкіндікті пайдалану үшін жеткілікті жасқа жетпеген деп санасақ, біз оның қол жеткізу рұқсатын алып тастаймыз, бірақ ол аппеляциялық шағым жібере алады. Аккаунты бұғатталған немесе жасқа байланысты шектеу қойылған мүмкіндікке қатынасу рұқсатын жойылған жасөспірімнің ата-анасы, қамқоршысы немесе басқа сенімді ересек адамы болсаңыз, олар сізден апелляциялық шағым беруге көмектесуіңізді сұрауы мүмкін.
Неліктен балаңыз өзінің шын туған күнін көрсеткені маңызды?
Біз қолданбадағы контенттің көрерменнің жасына сәйкес келуін қамтамасыз етуге тырысамыз, сондықтан жасөспірімдер нақты туған күнін көрсетуі керек. Сонымен қатар, кейбір TikTok мүмкіндіктері кәмелетке толмаған пайдаланушылар үшін қолжетімсіз. Жасөспірімдер құпиялылығы мен қауіпсіздік параметрлері туралы толығырақ оқыңыз.
Балаңызға қалай қолдау көрсете аласыз?
TikTok және пайдаланушы қауіпсіздігі құралдары туралы көбірек білу үшін Ата-аналарға арналған нұсқаулықты оқуды ұсынамыз. Бұған қоса, бұл нұсқаулықта Интернет қауіпсіздігі туралы жалпы ақпарат бар. TikTok неге осылай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін осы ақпаратты балаңызбен бірге қарап шығыңыз.
Балаңызға көмектесу үшін берген ақпаратыңызды біз қалай пайдаланамыз?
Егер балаңыз жас шектеулері бар мүмкіндікті жою туралы шешімімізге қарсы аппеляциялық шағым беруге құқылы болса, біз оған туған күнін растаудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз. Кейбір елдерде қолжетімді нұсқалардың бірі — ата-анасы/қамқоршысы бар фотосурет, яғни туған күнін растау үшін ата-анасымен, қамқоршысымен немесе басқа сенімді ересек адаммен бірге түскен фотосуретті жүктеп салу қажет.
Балаңыз аппеляцияға жіберуге көмектесу үшін сізбен бірге суретке түсуді сұраса, мынаны ескеріңіз:
• Біз бұл фотосуретті тек баланың аппеляциясын қабылдау немесе қабылдамау шешімін шығару үшін қолданамыз. Осы мақсатта фотосуреттерді өңдеудің заңды негізі ретінде біз өзіміздің және сіздің балаңыздың заңды мүдделеріне сүйенеміз. Атап айтқанда, біз жасөспірімге туған күнін растаған жағдайда ғана жас шектеулері бар мүмкіндіктерге қатынасу рұқсатын беру арқылы қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтерімізді теріс пайдаланудың алдын алу үшін заңды мүдделерді басшылыққа аламыз. • Біз бұл фотосуреттерді басқа мақсатта пайдаланбаймыз және оларды TikTok платформасында ешбір жерде көрсетпейміз.
• Фотосурет үшінші тарап қызмет провайдерінің серверлерінде сақталады.
• Апелляцияны қарау аяқталғаннан кейін біз фотосуреттерді жоюды бастаймыз.
Жеке деректеріңізге қандай құқықтарыңыз бар?
Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақта (ЕЭА), Ұлыбританияда немесе Швейцарияда тұрсаңыз және балаңыз сізбен бірлескен фотосуретті ұсыну арқылы өзінің аккаунтын бұғаттау туралы шешімімізді аппеляцияға берсе, онда бұл фотосуретте жеке деректеріңіз болады және Құпиялылық саясатына сәйкес оны «TikTok Ireland» және «TikTok UK» бөлімшелері бірлесіп өңдейді.
Деректерді сақтау үшін үшінші тарап қызмет провайдеріне беру кезінде оны қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін біз жеке деректерді қорғау туралы GDPR ережесінің 46-тармағына сәйкес Еуропалық комиссия бекіткен стандартты келісімшарт баптарын қолданамыз. Сіз осы стандартты шарттар мен талаптардың көшірмесін онлайн форманы толтыру арқылы сұрай аласыз.
Сізде мынадай құқықтар болады:
• Фотосуретіңізді пайдалануымызға қарсы болу, оны өңдеуге тыйым салуды талап ету.
• Бізден фотосуретіңізге қол жеткізу рұқсатын сұрау.
• Бізден фотосуретті жоюды немесе түзетуді сұрау.
Осы құқықтарды пайдалану үшін онлайн формамыз арқылы бізбен байланыса аласыз
Сондай-ақ, егер сіз ЕЭА аумағында тұрсаңыз, Ирландияның деректерді қорғау комиссиясына және жергілікті бақылау органына аппеляция беру құқығыңыз бар.
Құпиялылық мәселелеріне қатысты бізбен қалай хабарласуға болады?
Құпиялылық саясатына қатысты сұрақ қою үшін бізге онлайн форманы толтыру арқылы хабарласыңыз.
Егер сіз ЕЭА елінде, Ұлыбританияда немесе Швейцарияда тұрсаңыз, онлайн форманы толтыру арқылы деректерді қорғау жөніндегі маманымызға хабарласыңыз.