Сауда белгісі және контрафакция

Бөлімге өту


Сауда белгісі дегеніміз не?Сауда белгісі қорғанысын қалай алуға боладыTikTok-та сауда белгілерін пайдалануСауда белгілеріне қатысты құқықтардың бұзылуыАккаунтқа берілген қатаң ескертулер мен бұғаттауларКонтрафакция дегеніміз не?Қандай тауар түрлері бойынша контрафакция жасалады?Неліктен контрафакция зиянды?Контрафакция заңсыз ба?TikTok-та контрафакциядан қалай қорғануға болады





Сауда белгісі дегеніміз не?


Сауда белгісі дегеніміз — өнім немесе қызмет көзін анықтайтын және оны басқа өнімдер мен қызметтерден ажыратып көрсететін сөз, таңба, ұран, дизайн немесе аталғандардың тіркесімі.




Сауда белгісі қорғанысын қалай алуға болады


Сауда белгісі қорғанысын сауда белгілерін тіркеу бойынша ұлттық немесе аймақтық агенттікте тіркелу арқылы алуға болады.Сауда белгісін тіркеу талаптары туралы қосымша ақпарат алу үшін тиісті сауда белгілерін тіркеу агенттігінің веб-сайтына кіріңіз.
Жалпы алғанда, қорғаныс бірдей тауарлар мен қызметтерде пайдаланылатын барабар белгілерге ғана емес, белгі тіркелген юрисдикция(лар)дағы қатысты тауарлар мен қызметтердегі ұқсас белгілерге де қолданылады.Сауда белгісі қорғанысы әдетте 10 жылға жарамды болады және тіркеуді ұзартпаған жағдайда оның мерзімі аяқталады.
Еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сауда белгілеріне қатысты қойылатын талаптар бойынша сұрақтарыңыз болса, заңды консультация алуыңызға болады.




TikTok-та сауда белгілерін пайдалану


TikTok-та басқа адамның тіркелген сауда белгісін оның рұқсатынсыз пайдалануға бола ма?


Қызмет көрсету шарттары мен Қауымдастық ережелеріне сәйкес басқа тараптың авторлық құқықтарына, сауда белгілеріне немесе басқа да зияткерлік меншік құқықтарына шек қоятын немесе бұзатын контентті жариялауға, бөлісуге және жіберуге тыйым салынады.Оған басқа адамның тіркелген сауда белгісін тауарларды немесе қызметтерді олардың өндірілген жері, негізгі көзі, демеушілік көрсету немесе тиістілігіне қатысты түсінбеушілік, алаяқтық немесе қателік туғызатын жолмен пайдалану арқылы рұқсатсыз пайдалану да кіреді.

Басқа біреудің сауда белгісін төмендегі мақсаттар үшін пайдалану әдетте саясаттарымызды бұзбайды:
• Сауда белгісі иесінің өнімдерін немесе қызметтеріне тиісті сілтеме жасау, заңды түрде пікір қалдыру, сыни көзқарас білдіру, пародиялау немесе шолу жасау.Мысалы, өнімге шолуды жариялаған кезде, оның көзін көрсету үшін сауда белгісін көрсету.
• Сауда белгісі басқа адамның немесе үшінші тараптың тауарларын немесе қызметтерін белгілеу үшін пайдаланылмайтын басқа өнімдер мен қызметтерді салыстыру.
• Брендтің атынан сөйлемейтін болсаңыз немесе онымен байланыстымын деп мәлімдемесіз, сондай-ақ брендтің басқа да зияткерлік меншік құқықтарын бұзбайтын болсаңыз, брендтің рұқсатынсыз сол брендтің жанкүйерлер парақшасын жасау.

Егер пайдаланушы атыңыз, лақап атыңыз, профиль фотосуреті немесе сипаттама басқа тараптың сауда белгісі құқықтарын бұзатын болса, оларды өзгертуіміз мүмкін.Алайда пайдаланушы аты сауда белгісі иесінің құқықтарын бұзбайтын болса, сауда белгісіне иелік сауда белгісінің иесіне сауда белгісімен бірдей немесе ұқсас пайдаланушы атына құқық береді дегенді білдірмейді.




Сауда белгісіне қатысты құқықтардың бұзылуы


TikTok-та сауда белгісіне қатысты құқығыңыз бұзылған жағдайда не істеу керек


Егер біреу сіздің сауда белгісіне қатысты құқығыңызды бұзды деп есептесеңіз, мәселені шешу үшін сол адамға тікелей хабарласуыңызға болады.Сондай-ақ онлайн-форманы немесе қолданбадағы форманы толтыру арқылы авторлық құқықты бұзуы мүмкін контентті TikTok-тан жою туралы сұрау жіберу үшін Авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағым жібере аласызз.


TikTok-та сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуы туралы шағымдану үшін:
1. TikTok қолданбасында шағымданғыңыз келетін жазбаның жанындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
2. «Шағымдану» түймесін түртіңіз.
3. «Контрафакт және зияткерлік меншік» түймесін түртіңіз.
4. «Зияткерлік меншік құқығының бұзылуы» түймесін түртіп, шағымдану қадамдарын орындаңыз.

Жарнамалардағы сауда белгісіне қатысты құқықтардың бұзылғаны туралы шағымдану үшін:
Онлайн-форма арқылы бізге хабарласыңыз.TikTok Shop-тағы сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуы туралы шағымдану үшін:
Онлайн-форма арқылы бізге хабарласыңыз.

Зияткерлік меншік құқығының бұзылуы туралы шағымдануға қатысты мына нәрселерді білген жөн:
• Шағымда барлық қажетті және дәл ақпаратты, соның ішінде сауда белгісін тіркеу туралы жарамды куәлікті көрсетуіңіз қажет, әйтпесе шағымыңыз қабылданбауы мүмкін.
• Сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылғаны туралы шағым жіберу үшін құқығы бұзылған сауда белгісінің иесі немесе оның уәкілетті өкілі болуыңыз қажет.Шағымға сізді меншік иесі немесе уәкілетті өкіл ретінде куәландыратын ілеспе құжаттарды қосыңыз.
• Егер жаңылыстыратын немесе алаяқтық шағымды қасақана жіберсеңіз, еліңізде қолданылатын заңнамаға сәйкес зиян келтіргеніңіз үшін жауапқа тартылуыңыз мүмкін.
• Бұл беттегі ақпарат негізінен пайдаланушы жасаған контентке қатысты.Сондай-ақ зияткерлік меншікке қатысты туындаған мәселелерді шешумен TikTok Shop және TikTok For Business қызметтеріне қолдау көрсететін арнайы командалар айналысады.Жарнамалардағы сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуы туралы шағымдану үшін мына онлайн-форманы, ал TikTok Shop-тағы сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуы туралы шағымдану үшін мына онлайн-форманы пайдалану арқылы бізге хабарласуыңызға болады.


Сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуы туралы мәлімдемені TikTok-қа жібергеннен кейін не болады?


Сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуы туралы мәлімдемелердің барлығын зияткерлік меншік мәселелері бойынша маманданған команда қарап шығады.Шағымда мәлімдемелерді зерттеу үшін бүкіл қажетті ақпараттың бар-жоғын және оны сауда белгісінің иесі немесе оның уәкілетті өкілі жібергенін тексереміз.Ақпарат жеткіліксіз болса, сізге хабарласуымыз мүмкін.Біздің сұрауларымызға кешіктірмей, мейлінше тез жауап берген жөн.


Егер контенттің Зияткерлік меншік саясатын бұзатындығы анықталса, контент платформадан жойылады.Ол туралы хабар шағымданушыға да, шағым түскен пайдаланушыға да жіберіледі.


Контентіңіз сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаны үшін қателесіп жойылған жағдайда не істеу керек


Егер контентіңіз сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаны үшін жойылса, қолданбада хабарландыру аласыз.Сізде сауда белгісін пайдалануға рұқсатыңыз немесе құқығыңыз бар болғандықтан, контентіңіз қателесіп жойылды деп есептесеңіз, қолданбадағы хабарландыру арқылы апелляция бере аласыз.Бүкіл қажетті ақпаратты, соның ішінде байланыс ақпаратын және мәлімдемеңізді дәлелдейтін ақпаратты көрсетіңіз.Мұндай ақпарат болмаған жағдайда апелляцияңыз қабылданбауы мүмкін.

Төмендегі себептермен жіберілген, тиісті дәлелдері көрсетілмеген апелляциялар әдетте қабылданбайды:
• сауда белгісін дәл сондай жолмен басқа да адамдар пайдаланып жатқан болса;
• сауда белгісін рұқсатсыз пайдалануға болмайтынын білмеген болсаңыз;
• сөз бостандығы құқығына сәйкесконтентті жариялауға болатын болса.

Егер апелляцияңыз мақұлданса, контентіңізді қалпына келтіреміз.




Аккаунтқа берілген қатаң ескертулер мен бұғаттаулар


Контентіңіз сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаны үшін жойылса, TikTok аккаунтыңызға не болады?


Құқықтарды қайталап бұзуға қатысты саясатқа сәйкес, пайдаланушының контенті сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаны үшін жойылған болса, оған ескерту береміз.Әрбір зияткерлік меншік түрі бойынша ең көбі 3 ескерту беріледі, содан кейін аккаунт біржолата жойылады.Авторлық құқықты бұзғаны үшін берілген ескертулер мен сауда белгісін бұзғаны үшін берілген ескертулер бөлек-бөлек саналады.Мысалы, егер сіз авторлық құқықты бұзғаныңыз үшін 2 ескерту және сауда белгісін бұзғаныңыз үшін 2 ескерту алсаңыз, аккаунтыңыз бұғатталмайды.Бірақ егер сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаныңыз үшін 3 ескерту, ал авторлық құқықты бұзғаныңыз үшін 1 ескерту алсаңыз, аккаунтыңыз бұғатталады.Алынған ескертулер жазбалардан 90 күннен кейін жойылады.Сондай-ақ сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылғаны туралы шағым алынып тасталса немесе апелляцияңыз мақұлданса, ереже бұзушылық жағдайлары жойылады.


Алынған ескерту санына қарамастан, біз Қауымдастық ережелерімізді бұзатын кез келген аккаунтты шұғыл түрде жоюға құқығымыз бар.


Контентіңіздің сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаны үшін жойылуына жол бермеу үшін не істеу керек


Кез келген өнімде немесе қызметте (әсіресе коммерциялық мақсатта пайдаланатын болсаңыз) басқа біреудің сауда белгісін пайдаланбас бұрын, оның иесінен рұқсат алып алған жөн.Сондай-ақ сауда белгісін басқа адамдарға өнім немесе қызметтің ресми дереккөзі жайында жаңылыстыратындай жолмен пайдаланбағаныңыз жөн.


Егер сауда белгісін шолу жасау, пародиялау немесе брендтің жанкүйерлер парақшасын жасау үшін пайдалансаңыз, оны аккаунт профилінде және/немесе ондағы контентте айқын түрде көрсету қажет.Бұл контентіңізді сауда белгісіне қатысты құқықты бұзғаны үшін жойылмайтынына кепілдік бермейтінін есте сақтаңыз.Оған қоса, білімсіздік сауда белгісіне қатысты құқықтың бұзылуынан қорғамайды.




Контрафакция дегеніміз не?


Контрафакция дегеніміз — сауда белгісі иесінің рұқсатынсыз тіркелген сауда белгісімен бірдей немесе айтарлықтай ұқсайтын белгімен әдетте төмен сападағы тауарларды заңсыз түрде өндіру, импорттау, экспорттау, тарату, сату немесе басқа да жолмен сауда-саттық жасау.




Қандай тауар түрлері бойынша контрафакция жасалады?


Контрафакция көптеген салаларда таралған, соның ішінде: киім-кешек, аксессуарлар, музыка, бағдарламалық жасақтама, дәрі-дәрмектер, темекі, алкоголь өнімдері, автокөлік және ұшақ бөлшектері, тұтынушылық тауарлар, ойыншықтар, электроника және т.б.Контрафакция көбінесе сән-салтанат тауарларына жасалады.




Неліктен контрафакция зиянды?


Контрафактілік тауарларды сату мына себептермен зиянды болуы мүмкін:
Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіру: контрафактілік тауарлардың құрамында стандарттарға сай келмейтін зиянды немесе қауіпті заттар пайдаланылуы мүмкін.Оларға қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін контрафактілік жабдықтар және құрамында аллергендер мен зиянды заттар болуы мүмкін контрафактілік косметика кіреді.
Бизнестен түсетін табысты жоғалту: бренд иелері өз өнімдерін әзірлеу, жобалау және жарнамалауға елеулі ресурстар жұмсайды.Фальсификаторлар заңсыз тауарларды төмен бағамен ұсыну арқылы қаражатты заңсыз иемденіп алады, осылайша түпнұсқа бренд иелерін тұтынушысыз қалдырады және сатылымға теріс әсер етеді.
Ұйымдасқан қылмысты қолдау: контрафактілік тауарларды сатудан түскен пайданың терроризм, есірткі және адам саудасы, балалар еңбегін қанау сияқты ұйымдасқан қылмысты қолдауға жұмсалатыны белгілі.




Контрафакция заңсыз ба?


Контрафакция заңсыз болып табылады және көптеген юрисдикцияларда мұндай іс-әрекеттерге қарсы қатаң заңдар қолданылады.

TikTok-та контрафактілік тауарларды сатып алуға, сатуға, сауда-саттық жасауға немесе жарнамалауға тыйым салынады.Мұндай іс-әрекеттерге қатысы бар контентке тікелей қолданба арқылы шағымдануыңыз қажет. Мәселе түрі ретінде контрафактілік тауарлар деп көрсетіңіз.Зияткерлік меншік саясатын бұзатын контент дереу жойылады.




TikTok-та контрафакциядан қалай қорғануға болады


Контрафактілік тауарларды сатып алуды, сатуды, сауда-саттық жасауды немесе жарнамалауды ұсынатын контентті жарияламаңыз, жүктеп салмаңыз, трансляцияламаңыз және бөліспеңіз.Сондай-ақ мұндай тауарларды таныстыруға, оларға сілтемелерді беруге немесе басқа да жолдармен ілгері жылжытуға болмайды.Мысалы, контрафактілік тауарларға анпэкинг немесе шолуды жариялаған пайдаланушылардың контенті Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылуы мүмкін.


Белгілі бір тауардың контрафакт емес екеніне сенімді болмасаңыз, мына факторларға назар аударыңыз:
Бағасы: контрафактілік тауарлар әдетте түпнұсқа тауарлардан әлдеқайда арзан болады.
Қаптамасы: контрафактілік тауарлар көбінесе қаптамасыз немесе сапасы төмен немесе жазуында қателері бар қаптамамен сатылады.
Орны: контрафактілік тауарлар көбінесе брендтің ресми веб-сайттарында немесе ресми дилерлерде емес, онлайн-маркетплейстерде сатылады.Маңызды кеңес: өнім сипаттамасында, жиі қойылатын сұрақтарда, байланыс мәліметтерінде және сол сияқты басқа да ақпаратта орфографиялық немесе грамматикалық қателердің бар-жоғын тексеріп көріңіз.


Контрафакция туралы толығырақ ақпаратты Қауіпсіздік орталығынан қараңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?