Ұсынылған іздеуге шағымдану

TikTok-та бірдеңе іздеген кезде, сұрауыңызға сай болжанған іздеу ұсыныстары көрсетіледі.Егер Қауымдастық ережелерін бұзатын ұсынылған іздеуді көрсеңіз, бізге шағым жіберіңіз.

Ұсынылған іздеуге шағымдану үшін:
1. TikTok қолданбасында экранның жоғарғы жағындағы «Іздеу» түймесін түртіңіз.
2. Іздеу жолағына іздеу керек нәрсені енгізіңіз.Іздеу жолағының астында ұсыныстарды көресіз.
3. Шағым жібергіңіз келетін ұсынылған іздеуді басып тұрыңыз.
4. «Шағымдану» түймесін түртіп, себебін таңдаңыз.
5. «Дайын» түймесін түртіңіз.

Бұл сізге көмектесті ме?