Бөлімге өту
Ауыстыру • Жылдамдық • Бейне ұзақтығы • Таймер • Жарқыл • Масштаб
Ауыстыру
Камера бағытын өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
Бейне түсіру алдында
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Бүйірлік панельдегі «Айналдыру» түймесін түртіңіз немесе бейнені екі рет түртіңіз.
Бейне түсіру кезінде
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Максималды бейне ұзақтығын таңдап, «Түсіру» түймесін түртіңіз.
3. Алдыңғы немесе артқы камераға ауысу үшін бейнені екі рет түртіңіз.
Жылдамдық
Бейне түсірген кезде жылдамдықты орнату немесе реттеу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Бүйірлік панельдегі «Жылдамдық» түймесін түртіңіз.
3. Қалаған жылдамдықты таңдаңыз:
༚ 1x – стандартты түсіру жылдамдығы.
༚ 0,3x және 0,5x бейнені баяулатады.
༚ 2x және 3x бейнені жылдамдатады.
Бейне ұзақтығы
Ұзақтығы әртүрлі бейнелерді жасауға болады:
• TikTok қолданбасында түсірілген бейнелердің ұзақтығы 10 минутқа дейін болуы мүмкін.
• TikTok қолданбасында жүктеп салған бейнелеріңіздің ұзақтығы 60 минутқа дейін болуы мүмкін.
TikTok қолданбасында түсірілген бейнелерде:
1. Экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу» + түймесін түртіңіз.
2. Бейнеңіз үшін ұзақтықты таңдаңыз.
3. Түсіруді бастау және тоқтату үшін «Түсіру» түймесін түртіңіз немесе таңдалған уақыт шегіне жеткенде, бейнеңіздің түсірілу процесі автоматты түрде тоқтатылады. Бейнеңізді өңдеу үшін «Жалғастыру» ✓ түймесін түртіңіз.
Ескертпе: дыбысты бейнеңізді түсіру немесе жүктеп салу алдында таңдасаңыз, бейне ұзақтығын дыбыс ұзақтығы белгілейді.
Таймер
Таймерді түсіру түймесін басып тұрмай-ақ бейнелерді түсіру үшін пайдалануға болады.
Таймердің көмегімен бейне түсіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Бейнеңіз үшін ұзақтықты таңдаңыз.
3. Бүйірлік панельдегі «Таймер» түймесін түртіңіз.
4. Кері санақ таймерінің ұзақтығын таңдаңыз, содан кейін максималды бейне ұзақтығын таңдау үшін жолақты сырғытыңыз.
5. Таймерді бастау және бейне түсіруді бастау үшін «Кері санақты бастау» түймесін түртіңіз. Түсіруді кез келген уақытта «Түсіру» түймесін түрту арқылы тоқтатуға болады.
Жарқыл
Бейне түсіру барысында жарқылды қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Камера жарығын қосу немесе өшіру үшін «Жарқыл» түймесін түртіңіз.
Масштабты өзгерту
Түсіріп жатқан кезде ұлғайту немесе кішірейту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. «Түсіру» түймесін басып тұрыңыз. Ұлғайту үшін бір бағытта, ал кішірейту үшін екінші бағытта жылжытыңыз.
2. Бастапқы күйге оралу үшін «Түсіру» түймесіне оралыңыз.
Сондай-ақ түсіру алдында немесе барысында саусақтарыңызды камера экранында біріктіру немесе алшақтату арқылы ұлғайтуға немесе кішірейтуге болады.