Бөлімге өту
TikTok қолданбасында авторды атап өту немесе бейнеге сілтеме жасау • TikTok бейнесіне сілтеме жасау жолы • TikTok бейнесінде авторды атап өту жолы • TikTok бейнесін жариялаған соң авторды атап өту жолы
TikTok қолданбасында авторды атап өту немесе бейнеге сілтеме жасау
Басқа автордың идеясын пайдаланып түсірілген немесе басқа автор қатысқан бейне жарияласаңыз, сол авторды атап өту үшін бейне сипаттамасында немесе пікірінде бейнені немесе авторды атап кетуіңізге болады. Осылайша үрдісті бастаған немесе бастапқы контентті жасаған авторлар әзірлеген контенті үшін танылып, мадақталады.
TikTok бейнесіне сілтеме жасау жолы
TikTok бейнесіне сілтеме жасау үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында жазба жасаңыз.
2. «Жазба» экранынан «Еске алу» түймесін түртіңіз.
3. «Бейнелер» түймесін түртіңіз, содан кейін «Жарияланған», «Лайк қойылған» немесе «Таңдаулылар» қойындысынан сілтеме жасалатын бейнені таңдаңыз немесе алдын оны ала көру үшін түртіңіз, содан кейін «Растау» түймесін түртіңіз. Не болмаса, бейненің URL мекенжайын жазбаңыздың сипаттамасына көшіріп қоюға болады.
4. Сипаттама жазып, бейне параметрлерін реттеп, «Жариялау» түймесін түртіңіз. Таңдалған бейне жазба сипаттамасында пайда болады және авторға хабар беріледі.
Ескерту: 3 бейнеге сілтеме жасауға болады.
TikTok бейнесінде авторды атап өту жолы
TikTok қолданбасында біреуді атап өту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында жазба жасаңыз.
2. «Жазба» экранынан «Еске алу» түймесін түртіңіз.
3. Іздеу жолағына автордың атын немесе пайдаланушы атын жазыңыз, не болмаса «Достар» және «Жазылымдар» тізімін сырғытып, авторды таңдаңыз.
4. Сипаттама жазып, бейне параметрлерін реттеп, «Жариялау» түймесін түртіңіз. Автор жазба сипаттамасында аталады және авторға хабар беріледі.
TikTok бейнесін жариялаған соң авторды атап өту жолы
Бейнені жариялап қойған болсаңыз және авторды атап өткіңіз келсе, оны пікірде атап кетуге болады. Авторды пікірде атап өту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасындағы бейнеңізде Пікірлер түймесін басыңыз.
2. Авторды іздеу және белгілеу үшін, пікір жазу жолағында «Еске алу» түймесін түртіңіз.
3. «Пікір жазу» түймесін түртіңіз. Автор пікірде аталады және оған хабар беріледі.