Бөлімге өту
TikTok-та репост деген не? • TikTok-та қалай репост жасауға болады • TikTok-та репосты қалай жоюға болады
TikTok-та репост деген не?
Репост сізге қызықты бейнелерді достарыңызбен және қауымдастықпен олардың «Ұсыныстар» лентасында бөлісуге мүмкіндік береді. Репост жасалған бейнелер «Ұсыныстар» лентасындағы басқа бейнелер сияқты көрінеді, бірақ репост жасаған адамның профиль фотосуретімен және лақап атымен бірге репост ретінде белгіленеді.
TikTok-та қалай репост жасауға болады
TikTok-та репост жасау үшін:
1. TikTok қолданбасында репост жасағыңыз келетін бейнеге өтіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ «Бөлісу»түймесін, содан кейін «Репост жасау» түймесін түртіңіз.
༚ Бейнені басып тұрыңыз, содан кейін «Репост жасау» түймесін түртіңіз.
༚ Егер бейнеге дос(тар)ыңыз репост жасаған болса, олардың бейнедегі профиль фотосуретін, содан кейін «Репост жасау» түймесін түртіңіз.
TikTok-та репосты қалай жоюға болады
TikTok-та репосты жою үшін:
1. TikTok қолданбасында сіз репост жасаған бейнеге өтіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ «Бөлісу»түймесін, содан кейін «Репосты жою» түймесін түртіңіз.
༚ Бейнені басып тұрыңыз, содан кейін «Репосты жою» түймесін түртіңіз.
༚ Бейнедегі өзіңіздің профиль фотосуретіңізді түртіп, «Репост жасалған» түймесін, содан кейін«Репосты жою» түймесін түртіңіз.
Репост жасау түймесін түрткен соң бейнеге репост жасалатынын есте сақтаңыз. Оны профиліңіздегі «Репост» қойындысынан таба аласыз. Егер аккаунтыңыз жеке аккаунт болса, репост жасалған бүкіл контентті жазылушылар ғана профиліңізде және өздерінің «Ұсыныстар» лентасында көре алады.