TikTok-та басқа біреуді бұғаттасаңыз, бір-біріңіздің жазбаларыңызды көре алмайсыз, бір-біріңіздің профильдеріңізді іздеген кезде таба алмайсыз және жеке хабарлама жазыса алмайсыз.Дегенмен сіз оны бірнеше жүргізуші қатысатын тікелей эфирде, басқа пайдаланушылардың дуэт бейнелерінде немесе ортақ топтық чаттарда көре беруіңіз мүмкін.Сіз біреуді бұғаттаған кезде, оған ол туралы хабарландыру келмейді және ол адамнан байланыстың бәрі үзіледі.Егер TikTok-та қандай да бір пайдаланушы Қауымдастық ережелерін бұзды деп есептесеңіз, бізге шағым жіберіңіз.
Пайдаланушыны бұғаттау үшін:
1. TikTok қолданбасында автордың профиліне өтіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
3. Төменгі жақтағы «Бұғаттау» түймесін түртіңіз, содан кейін растау үшін «Бұғаттау» түймесін қайта түртіңіз.
Бірнеше пайдаланушыны бұғаттау үшін:
1. TikTok қолданбасында жазбаларыңыздың біріне өтіңіз.
2. «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
3. Пікірді басып тұрыңыз, содан кейін «Бірнеше пікірді басқару» тармағын таңдаңыз немесе экранның жоғарғы жағындағы «Сүзгілер» түймесін түртіңіз.
4. Бұғаттағыңыз келетін аккаунттар қалдырған пікірлерді таңдап, төменгі жақтағы «Тағы» түймесін түртіңіз.
5. «Аккаунттарды бұғаттау» түймесін түртіңіз.
6. Растау үшін «Бұғаттау» түймесін түртіңіз.
TikTok-та біреуді бұғаттаған соң, бұғатталған аккаунттар тізімін параметрлерден көруге болады.Егер сіз ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз, балаңыздың TikTok профилінде бұғаттаған аккаунттарының барлығын отбасылық параметрлер арқылы көре аласыз.
Пайдаланушыны бұғаттан шығару үшін:
1. TikTok қолданбасында автордың профиліне өтіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
3. Растау үшін төменгі жақтағы «Бұғаттан шығару» түймесін қайта түртіңіз.
Сондай-ақ контентті тек «Достар» қойындысы мен «Жазылымдар» лентасынан қарауға, жеке хабарламалардың параметрлерін басқаруға, алаңдамау үшін хабарландыруларды өшіруге және кейбір адамдар үшін жағымсыз болуы мүмкін контенттің көрсетілуін шектеу үшін қауіпсіз режимді пайдалануға болады.