Бөлімге өту
Жеке аккаунттар • Бизнес аккаунттар • Аккаунт түрін қалай ауыстыруға болады • Ұйым аккаунттары
TikTok желісінде жеке аккаунтты, бизнес аккаунтты немесе ұйым аккаунтын таңдауға болады. TikTok-тағы аудиторияңызға немесе көздеген мақсаттарыңызға байланысты осы аккаунт түрлерінің бірі пайдалануға тиімді болуы мүмкін.
Жеке аккаунттар
TikTok-тағы адамдардың көбі жеке аккаунттарды пайдаланады. Аккаунттың бұл түрі жалпы TikTok пайдаланушылары, контент авторлары және қоғам қайраткерлерінің көбі үшін аса қолайлы. Жеке аккаунттар TikTok қолданбасын түрлі жолдармен пайдалану мүмкіндігін береді. Мұндай аккаунт түрі адамдарға мына мақсаттар үшін ыңғайлы:
• Басқа адамдардың контентін қарау және өзара әрекеттесу: «Ұсыныстар» лентасында бейнелерді қарауға, жаңа контентті табу үшін іздеу құралын пайдалануға, басқа адамдарға жазылуға және қызықты контентті көру үшін хэштегтерді таңдаулылар тізіміне қосуға болады.
• Басқа адамдарға ұнайтын контентті жасау: жеке аккаунтта кеңейтілген авторлар құралдары қолжетімді. Бұл құралдар сіз жасаған контент пен аудиторияңызға ұнайтын контент туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі. Осылайша автор ретінде қауымдастық құру мүмкіндігіне ие боласыз.
Жеке аккаунт мүмкіндіктері
Жеке аккаунттарда мынадай мүмкіндіктер қолжетімді:
Монетизация бағдарламалары мен мүмкіндіктері
• TikTok-та табыс алу үшін монетизация бағдарламалары мен мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндіктердің кейбірі аймақтарда әлі қолжетімді болмауы мүмкін екенін және белгілі бір мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін арнайы шарттарды орындау қажет екенін ескеріңіз.
• Жеке аккаунттардағы басқа қолжетімді монетизация мүмкіндіктері туралы толығырақ мәліметті Авторлар академиясынан қараңыз.
Музыка мен дыбыстар кітапханасы
Жалпы музыка кітапханасы мен Коммерциялық музыкалар жинағындағы (CML) музыка мен дыбыстарға қол жеткізіңіз.
Жеке аккаунт
• Аккаунтыңызды жеке етіп өзгертсеңіз, сізге тек сіз мақұлдаған адамдар жазыла алады және контентіңізді қарай алады.
• TikTok-та жеке немесе жария аккаунтты таңдау туралы толығырақ біліңіз.
Аналитика
• Аналитика контентіңіздің TikTok-тағы өнімділігі туралы пайдалы мәліметті, соның ішінде жазба аналитикасын, жазылушы, тікелей эфир және басқа да көрсеткіштерді көрсетеді.
• Аналитиканы қарау үшін кем дегенде бір жария жазба болуы қажет екенін ескеріңіз.
• Аналитика туралы толығырақ мәліметті Авторлар академиясынан қараңыз.
Жарнамалау
• Жарнамалау — контентіңізбен көбірек адамды таныстуға, веб-сайтыңызға көбірек адамды бағыттауға, көбірек жазылушыны жинауға, т.б. мүмкіндік беретін жарнама құралы.
• TikTok-тағы «Жарнамалау» мүмкіндігі туралы толығырақ біліңіз.
TikTok тікелей эфирі
• Аудиторияңызбен нақты уақыт режимінде байланысу үшін TikTok-та эфирге шығыңыз.
• Эфирге шығу үшін жас және жазылушылар санына қатысты талаптарға сай келуіңіз тиіс екенін ескеріңіз.
• TikTok тікелей эфирі туралы толығырақ біліңіз.
Профильдегі веб-сайтқа сілтеме
Кем дегенде 1000 жазылушысы бар жеке аккаунттар профильде веб-сайтқа сілтемені жариялай алады.
Бизнес аккаунттар
Бизнес аккаунттар — брендтер мен компанияларға желідегі өкілдігін басқаруға, белсенділікті арттыруға және TikTok-тағы маркетинг құралдарының көмегімен аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік беретін жария профильдер. Мұндай аккаунт түрі компанияларға мына мақсаттар үшін ыңғайлы:
• Тұтынушыларды қызықты жолдармен тарту: мысалы, TikTok-тағы адамдар өзара әрекеттесе алатын органикалық контентті жасауға болады.
• Коммерциялық бағыттағы құралдарды пайдалану: бизнес аккаунттағы кеңейтілген бизнес құралдар кешенді маркетингтік стратегияны құруға мүмкіндік береді.
TikTok желісіндегі негізгі мақсаты өз бизнесін (өнімін немесе қызметін) жарнамалау болған кез келген адам бизнес аккаунтты пайдалануы керек. Бизнес аккаунттар туралы қосымша ақпаратты TikTok for Business веб-сайтынан қарауға болады.
Бизнес аккаунт мүмкіндіктері
Бизнес аккаунттарда мынадай мүмкіндіктер қолжетімді:
Коммерциялық музыкалар жинағы
• Коммерциялық музыкалар жинағы (CML) — коммерциялық қолданыс үшін алдын ала тазартылған әндер мен дыбыстар топтамасы. Компаниялар мен брендтер CML жинағын лицензия сатып алмастан өз контентін жасау үшін пайдалана алады.
• Бизнес аккаунттарға жалпы музыка кітапханасы қолжетімді емес, себебі ондағы әндер коммерциялық қолданыс үшін тазартылмаған және тек ойын-сауық мақсатында жеке қолдануға арналған.
• CML туралы толығырақ мәліметті Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.
Бизнеске арналған құралдар
• Бизнеске арналған құралдар — бизнес аккаунт арқылы кіруге болатын қосымша мүмкіндіктер (мысалы, аналитиканы бақылау тақтасы және ықтимал тұтынушылар бойынша диспетчер) шоғырланған орын.
• Бизнеске арналған құралдар контенті мен аналитикалық мәліметтеріне TikTok қолданбасынан немесе веб-браузерден кіруге болады. Веб-браузердегі бизнеске арналған құралдар туралы толығырақ мәліметті Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.
• Трендтегі контентті іздеу және жазбалар үшін шабыт табу үшін шығармашылық платформасын қолданбада немесе веб-браузерде пайдаланыңыз. Сондай-ақ TikTok-тағы жазбаларыңызды жақсарту үшін контент стратегиясы бойынша кеңестерді және басқа ұсыныстарды қарауыңызға болады.
Аналитика
• Аналитика контентіңіздің TikTok-тағы өнімділігі туралы пайдалы мәліметті, соның ішінде жазба аналитикасын, жазылушы, тікелей эфир және басқа да көрсеткіштерді көрсетеді.
• Аналитиканы қарау үшін кем дегенде бір жария жазба болуы қажет екенін ескеріңіз.
• Аналитика туралы толығырақ мәліметті Авторлар академиясынан қараңыз.
Жарнамалау
• Жарнамалау — контентіңізбен көбірек адамды таныстуға, веб-сайтыңызға көбірек адамды бағыттауға, көбірек жазылушыны жинауға, т.б. мүмкіндік беретін жарнама құралы.
• TikTok-тағы «Жарнамалау» мүмкіндігі туралы толығырақ біліңіз.
TikTok тікелей эфирі
• Аудиторияңызбен нақты уақыт режимінде байланысу үшін TikTok-та эфирге шығыңыз.
• Эфирге шығу үшін жас және жазылушылар санына қатысты талаптарға сай келуіңіз тиіс екенін ескеріңіз.
• TikTok тікелей эфирі туралы толығырақ біліңіз.
Профильдегі веб-сайтқа сілтеме
Бизнес аккаунттар веб-сайтты жарнамалау үшін профильде веб-сайтқа сілтемені жариялай алады.
Аккаунт түрін қалай ауыстыруға болады
Параметрлер бөлімінде аккаунт түрін жеке немесе бизнес аккаунт етіп өзгертуге болады.
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Аккаунт» түймесін түртіңіз.
4. «Бизнес аккаунтқа ауысу» түймесін түртіп, аккаунт түрін ауыстыру қадамдарын орындаңыз.
Ескертпе: бизнес аккаунттан жеке аккаунтқа және керісінше ауыспаған жөн. Компанияңызды TikTok желісінде жарнамалап, сонымен қатар органикалық жеке контентті де жариялағыңыз келсе, осы екі әрекетті екі бөлек аккаунтта орындағаныңыз жөн.
Ұйым аккаунттары
Ұйым аккаунттары — брендтер мен үйымдарға желідегі өкілдікті басқаруға мүмкіндік беретін, бірақ әртүрлі ұжым мүшелері дербес пайдалана алатын профильдер. Мұндай аккаунт түрі ұйымдарға мына мақсаттар үшін ыңғайлы:
• Аккаунтты бірнеше адамның басқаруы: ұйымдарда аккаунттарды бірнеше ұжым мүшесі басқаруы қажет болуы мүмкін. Ұйым аккаунты арқылы бір немесе бірнеше аккаунтты жасауға болады және оны бір уақытта бірнеше адам жүргізе алады.
• Аккаунт материалдарын қорғау: ұйым аккаунтына кірудің жалғыз жолы — растау коды, яғни жеке аккаунтыңызға кіру деректері мен байланыс ақпаратыңыз ұйым аккаунтымен байланыстырылмайды. Егер адамдар ұйымнан кететін болса, аккаунт пен ондағы материалдарды басқа қызметкерлер әрі қарай басқарады.
Ұйым аккаунттары туралы мына нәрселерді білген жөн:
• Бұл аккаунт түрі кейбір аймақтарда қолжетімді емес.
• Басқа адамдар ұйым аккаунтының пайдаланушы атының астындағы белгіні түртіп, аккаунт туралы көбірек ақпаратты қарай алады.
• Ұйым аккаунтын тек белгілі бір бизнес платформалардан, мысалы, TikTok Shop сатушылар орталығынан жасауға болады.
• Егер жаңа ұйым аккаунтын жасасаңыз, расталған белгішеге өтініш қалдыра аласыз. Ұйым аккаунттары туралы толығырақ мәліметті Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.
Ұйым аккаунтының мүмкіндіктері
Ұйым аккаунттарында мынадай мүмкіндіктер қолжетімді:
Коммерциялық музыкалар жинағы
• Коммерциялық музыкалар жинағы (CML) — коммерциялық қолданыс үшін алдын ала тазартылған әндер мен дыбыстар топтамасы. Компаниялар мен брендтер CML жинағын лицензия сатып алмастан өз контентін жасау үшін пайдалана алады.
• Ұйым аккаунттарына жалпы музыка кітапханасы қолжетімді емес, себебі ондағы әндер коммерциялық қолданыс үшін тазартылмаған және тек ойын-сауық мақсатында жеке қолдануға арналған.
• CML туралы толығырақ мәліметті Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.
TikTok тікелей эфирі
• Аудиторияңызбен нақты уақыт режимінде байланысу үшін TikTok-та эфирге шығыңыз.
• Эфирге шығу үшін жас және жазылушылар санына қатысты талаптарға сай келуіңіз тиіс екенін ескеріңіз.
• TikTok тікелей эфирі туралы толығырақ біліңіз.
Ұйым аккаунттары үшін кейбір мүмкіндіктер қолжетімсіз болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Ұйым аккаунттары үшін мүмкіндіктің қолжетімділігі туралы толығырақ мәліметті Бизнес анықтама орталығынан қараңыз.