Авторларға арналған салық деректері

Бөлімге өту


TikTok-та салық деректерін көрсетуАҚШ-тағы авторлар үшінАҚШ-тан тыс жердегі авторлар үшін1042-S формасы туралы


Егер АҚШ-тың салық ережелерінде талап етілетін болса, TikTok-та марапат алатын барлық автор салық деректерін көрсетуге міндетті.Біз салық бойынша консультация бере алмаймыз, дегенмен мұндағы жиі қойылатын сұрақтар қажетті құжаттарды жіберуге көмектесуі мүмкін.Жекелеген салық жағдайларында көмек алу үшін салық консультантына жүгінуді ұсынамыз.




TikTok-та салық деректерін көрсету


Неліктен мен салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін (TIN) көрсетуім қажет?
Егер сіз TikTok арқылы табыс табатын автор болсаңыз, TIN нөміріңізді көрсетуге міндеттісіз.Салық қызметінің талабы бойынша (IRS) TikTok сізге төлемдер жасамас бұрын, сіздің салық деректеріңізді алуға міндетті.Егер TIN нөміріңізді көрсетпесеңіз, TikTok салықтарды ұстап қалуға мәжбүр болуы мүмкін. Сондай-ақ сіз ағымдағы және болашақтағы бағдарламаларға қатысу құқығынан айырылуыңыз мүмкін.

Салық деректерімді қалай көрсетуім керек?
Салық деректерін төмендегі формалардың бірін толтыру арқылы көрсете аласыз:
• W-9 формасы (АҚШ азаматтары үшін)
• W-8BEN немесе W-8BEN-E формасы (АҚШ-тан тыс елдің азаматтары немесе ұйымдары үшін)

W-9 немесе W-8 формасын толтыру үшін әмиянға өтсеңіз болады. Онда төлем әдісін басқара аласыз.«Салық деректері» түймесін түртіп, сізге керек форманы таңдаңыз.Ашылған бетке салық деректерін енгізіп, қауіпсіз жолмен растай аласыз.




АҚШ-тағы авторлар үшін


Қандай салық деректерін көрсетуім керек?
Төлқұжатқа сай аты-жөніңізді және сәйкес TIN нөміріңізді көрсетуіңіз қажет.Егер сіз заңды тұлға болып табылмайтын ұйым болсаңыз, ұйым иесінің тиісті құжаттарын көрсетуіңізге болады.Оған қоса, мекенжайыңызды және федералды салық жіктемесін көрсетуіңіз қажет.

W-9 формасын кім толтырады?
W-9 формасын АҚШ азаматтары мен АҚШ-тың шетелдік резиденттері толтыруға міндетті.

W-9 формасы туралы толығырақ ақпарат алу үшін Салық қызметінің (IRS) веб-сайтына кіріңіз.




АҚШ-тан тыс жердегі авторлар үшін


Неліктен мен АҚШ-тағы автор болмасам да, менен АҚШ-тың салық құжаттарын көрсету талап етіледі?
TikTok-тағы автор ретінде сіз АҚШ-та тұратын аудиториядан марапаттар алуыңыз мүмкін.W-8BEN немесе W-8BEN-E формасы сіздің АҚШ-тағы көздерден алған марапаттарыңызға қатысты АҚШ-тағы кіріс салығын, сондай-ақ АҚШ-та ұсталатын басқа дасалықтарды (қолданылса) төлеу мақсатында салық күйіңізді АҚШ-тан тыс автор ретінде құжаттандырады.Салық күйін дұрыс құжаттандыру мәлімделген және ұсталған салық мөлшерінің салық күйіңізге сүйене отырып дәл есептелуіне кепілдік береді.

Егер мен АҚШ-тағы автор болсам, W-8BEN немесе BEN-E формасын толтыруым қажет пе?
Жоқ. Егер сіз АҚШ азаматы немесе АҚШ-тың шетелдік резиденті болсаңыз, W-9 формасын толтыруыңыз қажет.Сіз таңдаған жауаптарға сүйене отырып, сізге дұрыс форманы береміз.

Салық құжаттарын көрсетпеген жағдайда не болады?
Монетизация бағдарламаларына қатысу және жиналған соманы пайдалану үшін тиісті салық құжаттарын көрсетуіңіз қажет.Егер салық құжаттарын өткізбесеңіз, марапаттарыңызға толықтай АҚШ салықтары салынуы мүмкін және міндетті түрде ұсталады.

Салық деректерімді қай кезде жаңартуым қажет?
Салық деректерін бұрын көрсетілген деректер өзекті болмай қалған жағдайда (мысалы, аты-жөніңіз, TIN нөмірі немесе салық резидентінің күйі өзгерсе) жаңарту қажет.Сондай-ақ деректерді бастапқы жіберілген деректерде қате анықталған жағдайда да жаңарту керек.

Менің марапаттарына АҚШ салықтары салына ма?
Егер сіз АҚШ азаматы болмасаңыз, АҚШ салықтары әдетте АҚШ-тағы аудиториядан түскен марапаттардың бір бөлігіне ғана салынады.АҚШ-тағы көздерден түскен табысқа салынатын салық мөлшерлемесі әдетті 30%-ды құрайды.

Маған қандай салық формалары жіберіледі?
АҚШ-тан тыс елдегі азамат ретінде сізге1042-S формасы ұсынылады. Онда АҚШ-тағы көздерден алынған марапаттар және АҚШ-тағы ұсталған салықтар (қолданылса) туралы есеп бересіз.




1042-S формасы туралы


1042-S формасы дегеніміз не?
1042-S формасы — АҚШ-тағы көздерден, соның ішінде АҚШ-тағы аудиториялардан алынған марапаттар туралы есеп беру үшінАҚШ-тан тыс елдің азаматтарына берілетін АҚШ декларациясы.Формада АҚШ-тағы көздерден алынған және салық салынатын сома және ұсталған сома (қолданылса) көрсетіледі.

1042-S формасын алған болсам, АҚШ-тың салық декларациясын өткізуім қажет пе?
Әдетте АҚШ-тан алынған марапаттарының тиісті мөлшеріндекларациялаған және 1042-S формасы бойынша салық ұсталған АҚШ-тан тыс елдің азаматтар АҚШ-тың салық декларациясын өткізбейді.

АҚШ-та ұсталған салықты қайтара аламын ба?
TikTok 1042-S формасы бойынша ұсталған және декларацияланған салық мөлшеріне қатысты қайтару өтінімдерін өңдеуге немесе ол бойынша көмек көрсетуге жауапты емес.Егер нақты сіздің жағдайыңызда ұсталған салық мөлшері АҚШ-тың нақты салық міндеттемесінен асатын болса, өз бетіңізше немесе салық консультантының көмегімен тікелей Салық қызметіне (IRS) қайтару туралы өтінімді жіберуіңіз қажет.

1042-S формасын қашан аламын?
1042-S формасы әдетте төлем жасалған жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейін беріледі, бірақ ол 30 күнге дейін кешіктіріліп берілуі мүмкін.

1042-S формасында маған әлі төленбеген марапаттарды да көрсетуім қажет пе?
Иә.TikTok аккаунтыңызда көрсетілген марапаттар сізге төленген болса да, төленбеген болса да, оларды формада декларациялау қажет.Қосымша ақпарат алу үшін IRS ресурстарын қараңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?