Авторлар марапаттары бағдарламасы

Бөлімге өту


Авторлар марапаттары бағдарламасы дегеніміз не?Авторлар марапаттары бағдарламасы қалай жұмыс істейді?Авторлар марапаттары бағдарламасына кімдер қосыла алады?Аккаунт пен бейнеге қойылатын талаптар қандай?Қандай контент түпнұсқа болып есептеледі?Талаптарға сай көрілімдер деген не?Марапаттар қалай есептеледі?Авторлар марапаттары бағдарламасына қосылу жолыАккаунт пен бейнені тексеру процесі қалай жүзеге асырылады?Аккаунт немесе бейне жарамсыз болса, апелляция жіберу жолы




Авторлар марапаттары бағдарламасы дегеніміз не?


Авторлар марапаттары бағдарламасы – бұл авторлардың шығармашылық қабілетін арттыруға және оларға жоғары сапалы түпнұсқа контент жариялау арқылы жоғары табыс табуға көмектесу үшін жасалған марапаттар бағдарламасы.




Авторлар марапаттары бағдарламасы қалай жұмыс істейді?


Авторлар марапаттары бағдарламасы талаптарға сай авторларды бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келетін бейнелердің көрсеткіштері негізінде марапаттайды.Марапаттар талаптарға сай көрілімдер мен талаптарға сай әр 1000 көрілім (RPM ретінде де белгілі) үшін марапаттар негізінде есептеледі.Авторлар бағдарламаға қосылған кезде көбірек марапат жинайды және олардың бейнелерінің көрсеткіштері жоғары болып қалады.Стандартты марапат пен қосымша марапат қалай есептелетіні туралы толығырақ ақпарат алыңыз.




Авторлар марапаттары бағдарламасына кімдер қосыла алады?


Авторлар марапаттары бағдарламасына қосылу және марапаттар жинау үшін авторлар мынадай шарттарға сай болуы керек:
• Авторлар марапаттары бағдарламасы бар елдердің бірінде тұруы керек;
• тиісті құқықтық мәртебесі бар, соның ішінде Қауымдастық ережелеріміз бен Қызмет көрсету шарттарымызды қайталап немесе жауапсыз бұзу жағдайлары болмаған, сондай-ақ зиянды немесе алаяқтық іс-әрекеттерге қатысты болмаған TikTok аккаунты болуы керек;
• жеке аккаунты болуы керек;Бизнес аккаунттар және саяси немесе үкіметтік ұйымдарға тиесілі аккаунттар жарамсыз;
• аккаунт туралы шынайы ақпарат, мысалы, шынайы аты-жөні мен туған күні көрсетілуі қажет;
• кемінде 18 жасқа (немесе Оңтүстік Кореяда 19 жасқа) толған болуы керек;
• кемінде 10 000 жазылушысы болуы керек;
• соңғы 30 күнде кемінде 100 000 бейне көрілімін жинауы керек;
марапаттар алуға жарамды түпнұсқа контентті жариялауы керек;
• кемінде бір минуттық бейнелерді жариялауы керек.

Авторлар қабылданғаннан кейін, Авторлар марапаттары бағдарламасы бойынша мынадай талаптарға да сай болуы керек:
• жалған бейне көрілімдерін алу немесе жазылушы санын көбейту сияқты арам ниетті немесе алаяқтық әрекеттерге қатысы болмауы керек;
• қуаныш пен шығармашылыққа шабыт беретін миссиямызға сәйкес келетін түпнұсқа және шынайы контентті жариялауы керек;
• бағдарламаға, марапаттау жүйесіне немесе ұсыныс жүйесіне араласпауы не араласуға тырыспауы керек;
• жасанды түрде тіркеу, жариялау немесе лайктарды, жазылушылар санын, көру санын, пікірлерді, бөлісу санын және т.б. көбейту үшін зиянды бағдарламалық жасақтама жасамауы немесе кодты өзгертпеуі керек;
• бағдарламаға байланысты жалған мәлімдемелер немесе кемсітетін контент жасамауы не кез келген кемсітетін мінез-құлықпен, заңсыз немесе қылмыстық әрекеттермен (соның ішінде алаяқтықпен) айналыспауы керек.

Аккаунттың жоғарыда аталған кез келген шартты бұзғаны анықталса, сізге хабарландыру жіберіледі және бұзу жағдайының ауырлығына байланысты, аккаунт Авторлар марапаттары бағдарламасынан біржола немесе уақытша жойылады.




Аккаунт пен бейнеге қойылатын талаптар қандай?


Авторлар марапаттары бағдарламасы бойынша марапаттар алу үшін аккаунт туралы ақпарат пен жарияланған контент мынадай талаптарға сай болуы керек:

• жазба толықтай өзіңіз түсірген, таңдаған және жасаған түпнұсқа әрі жоғары сапалы контент болуы керек;
• кемінде бір минуттық болуы керек;
• Авторлар марапаттары бағдарламасына қосылғаннан кейін жүктеп салынуы керек:
талаптарға сай «Ұсыныстар» лентасында кемінде 1000 көрілім болуы керек;
༚ Бір аккаунттағы бейне көрілімдері бір бейне үшін тек бір рет есептеледі.
༚ Бейне көрілімдері 5 секундтан ұзақ болуы керек.
༚ Қызығушылық танытпағаны туралы кері байланыс білдірген адамдардың бейне көрілімдері есептелмейді.
• контент Қауымдастық ережелеріне, Қызмет көрсету шарттарына және Авторлық құқық саясатына сай болуы тиіс.

Оған қоса, аккаунт туралы ақпарат пен жарияланған контентте мыналар болмауы тиіс:
• аккаунт туралы алаяқтық ақпарат немесе минималды жасқа толмаған пайдаланушының аккаунты туралы ақпарат, мысалы, жалған аты-жөні немесе туған күн;
• басқаларынан көшірілген аккаунт туралы мәліметтер немесе контент;
• орынсыз, тұрпайы немесе мазасыздық тудыратын мінез-құлық, мысалы, сексуалды мінез-құлық, ерсі дыбыстар немесе көрермендерге зиян келтіруі мүмкін көріністер;
• аккаунттағы күдікті немесе қалыптан тыс белсенділік.
• жарнамалар, ақылы жарнамалар, демеушілік мазмұн немесе серияларға байланысты бейнелер;
• бұрмаланған немесе жаңылыстырушы ақпарат;
Авторлардың мінез-құлық кодексін, Қауымдастық ережелерін немесе басқа саясаттарды бұзатын контент.Егер аккаунтыңыз немесе бейнеңіз біздің ережелерімізді бұзатын болса, сізге хабарлаймыз.


Біз Авторлар марапаттары бағдарламасы шеңберінде профиль туралы ақпараттың, соның ішінде жарияланған контенттің біздің саясаттарымыз бен талаптарымызға сай келетініне көз жеткізу үшін аккаунттарды мерзімді түрде тексеріп тұратынымызды ескеріңіз.Егер аккаунтыңыз немесе контентіңіз жойылса және бұны қате деп есептесеңіз, апелляция жіберуіңізге болады.




Қандай контент түпнұсқа болып есептеледі?


Авторлар марапаттары бағдарламасы аясындағы түпнұсқа контент – тәжірибеңізді, дарыныңызды немесе шығармашылық қабілетіңізді көрсететін, сондай-ақ Қызмет көрсету шарттарымыз бен Қауымдастық ережелерімізге сәйкес өзіңіз таңдап, түсірген және жасаған сапалы контент.

Бағдарлама бойынша түпнұсқа болып есептелмейтін контентке мыналар кіреді, бірақ олармен ғана шектеліп қалмайды:
• дуэт немесе біріктірілген бейнелер;
• басқа пайдаланушылардан және олардың су белгілерімен толығымен көшірілген контент;
• тек кішігірім өзгерістермен (соның ішінде, жылдамдатылған не сүзгілері, бекітілген мәтіндері немесе стикерлері бар бейнелер) басқа пайдаланушылардан көшіріліп алынған контент;
• жаңа және жеке идеялары жоқ басқа адамдардан, авторлардан немесе дереккөздерден алынған әртүрлі бейнелерді немесе суреттерді қамтитын контент;
• қайталанатын бейнелерді, бір немесе бірнеше фотосуретті не тек мәтін қабаттасуларын қамтитын контент;
• бір минуттан ұзақ ойнатылатын ерін жыбырлатып тұратын немесе авторлық құқықпен қорғалған музыканы қамтитын контент.Бір минуттан ұзақ авторлық құқықпен қорғалған музыкасы бар бағдарламадағы бейнелердің дыбысы өшірілу қаупі бар.




Талаптарға сай көрілімдер деген не?


Талаптарға сай көрілімдер – бұл «Ұсыныстар» лентасы арқылы жиналатын бірегей бейне көрілімдері. Олардың құрамында алдап жиналған, ақылы түрде жиналған, дизлайк алған, 5 секундтан аз, жарнамаланған және жасанды көрілімдер болмайды.Табыс табуды бастау үшін «Ұсыныстар» лентасы арқылы бейнелердің көрілім саны 1000-ға жетуі керек.




Марапаттар қалай есептеледі?


«Ұсыныстар» лентасы арқылы көрілім саны 1000-ға жеткенде, жарамды бейнелер марапаттар жинай бастайды.Стандартты марапат талаптарға сай әр 1000 көрілім (сондай-ақ RPM ретінде белгілі) үшін талаптарға сай көрілімдер мен марапаттар негізінде есептеледі, ал қосымша марапат барынша жақсы түсірілген, қызықты және арнайы контент негізінде есептеледі.Авторлар марапаттары бағдарламасы бойынша марапаттар қалай есептелетіні туралы толығырақ ақпарат алыңыз.




Авторлар марапаттары бағдарламасына қосылу жолы


Кемінде 18 жасқа (немесе Оңтүстік Кореяда 19 жасқа) толған, рұқсат етілген аймақта тіркелген аккаунты бар және қатысу талаптарына сәйкес келетін авторлар TikTok қолданбасы арқылы Авторлар марапаттары бағдарламасына өтініш бере алады.


Авторлар марапаттары бағдарламасына өтініш беру үшін:
1. Экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «TikTok Studio» опциясын таңдаңыз.
3. «Авторлар марапаттары бағдарламасы» түймесін түртіңіз.Өтінішіңізді жібергеннен кейін шамамен 3 күн ішінде жауап аласыз.

Авторлар марапаттары бағдарламасына қосылу туралы мына нәрселерді білген жөн:
• жасқа байланысты құқық TikTok аккаунтын жасау кезінде енгізілген және/немесе Авторлар марапаттары бағдарламасына өтініш беру процесінде расталған туған күніңізге негізделген;
• егер Авторлар марапаттары бағдарламасына қабылданбасаңыз және оған қосылуға құқығым бар деп ойласаңыз, 30 күн ішінде апелляция беруге немесе апелляция мерзімінен кейін 30 күн өткенде қайта өтініш беруге болады.Аккаунтыңыз жақсы күйде болуы және Қауымдастық ережелеріміз бен Қызмет көрсету шарттарымызға сәйкес келуі керек.




Аккаунтты немесе бейнені тексеру процесі қалай жүзеге асырылады?


Біз Авторлар марапаттары бағдарламасы шеңберінде жарияланған контентпен қоса аккаунт туралы ақпаратты тексеріп, марапаттарды алуға немесе бағдарламаға әрі қарай қатысуға қаншалықты жарамды екеніңізді анықтаймыз.Барлық жалаушалар мен шеттету шаралары бойынша хабарлама алғаннан кейін, 30 күн ішінде апелляция беруге болады.Бейнеге қатысты апелляциялар аккаунтыңызға әсер етпейтінін ескеріңіз.

Аккаунтыңыз немесе бейнеңіз тексеруден өтсе:
• марапаттар жинауға құқылы боласыз;
• болашақта шағым түссе немесе белгіленсе, аккаунтыңыз бейнеңіз Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылуы мүмкін.Жойылған бейнелер бойынша жиналған марапаттар теңгеріміңізден шегеріледі.

Аккаунтыңыз немесе бейнеңіз тексеруден өтпесе:
• мысалы, түпнұсқа емес немесе сапасы нашар контентке, қауіпті әрекеттерге, спамға не өтірік іс-әрекетке байланысты қауымдастық ережелерін бұзуы мүмкін;
• марапаттар жинауға құқығыңыз болмайды және себебін хабарлаймыз;
• егер аккаунтыңыз немесе бейнеңіз Қауымдастық ережелеріне немесе басқа саясат талаптарына сай келмейтін болса, оны жоямыз;
• бейне бойынша бұрын жинақталған марапаттар теңгеріміңізден шегеріледі;
• сізге Авторлар марапаттары бағдарламасының басқару тақтасынан тікелей жоюға апелляция беру мүмкіндігі беріледі.Апелляция хабарлама алынған сәттен бастап 30 күн ішінде жіберілуі керек.




Аккаунт немесе бейне жарамсыз болса, апелляция жіберу жолы


Аккаунт немесе бейне Авторлар марапаттары бағдарламасы шеңберінде қате жойылды деп ойласаңыз, апелляция жібере аласыз.Апелляцияны қарауға шамамен 3 күн кетеді.Нәтижесі туралы сізге хабарлаймыз.

Апелляция беру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «TikTok Studio» опциясын таңдаңыз.
3. «Авторлар марапаттары бағдарламасы» түймесін түртіңіз.
4. Осы жерде:
༚ Егер аккаунтыңыз шеттетілсе, төменгі жақтағы «Апелляция беру» түймесін түртіп, апелляция беру бойынша қадамдарды орындаңыз.
༚ Егер бейнеңіз шеттетілсе, жарамсыз бейнені, содан кейін төменгі жақтағы «Апелляция беру» түймесін түртіп, апелляция беру бойынша қадамдарды орындаңыз.


Сондай-ақ апелляцияны кіріс жәшігіне келген хабарландыру арқылы да беруге болатынын ескеріңіз.

Бұл сізге көмектесті ме?