Қонақ ретінде тамашалау

«Қонақ ретінде тамашалау» дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?


Қонақ ретінде тамашалау мүмкіндігі сізге аккаунт жасамай-ақ TikTok-та бейнелерді көруге мүмкіндік береді. Біз талантты авторларымыздың шығармашылығынан ләззат алу үшін TikTok-қа күн сайын көптеген адамдар кіретінін көреміз. Олардың көпшілігі платформадағы авторлармен қарым-қатынас жасалмайтын бейнелерді көргісі келеді немесе өздері ешнәрсе түсіргісі келмейді.

Олар үшін біз TikTok-ты пайдалану және өз аккаунтын жасамай-ақ контенттерді көру мүмкіндігін іске қостық. Егер сіз жай ғана бірдеңе көргіңіз келсе, «Қонақ ретінде тамашалау» опциясын таңдаңыз. Аккаунтқа кірмеген болсаңыз да, біз сіз үшін арнадағы ең қызықты және өзекті ұсыныстарды таңдауға тырысамыз. Сіз қонақ ретіндегі өзіңіздің деректеріңізге толық қол жеткізе аласыз және оларды кез келген уақытта жоюды сұрай аласыз.

Қонақтар мыналарды істей алмайды:
•  TikTok-та профиль жасау
•  TikTok-та бейнелер жариялау
•  TikTok-та контентпен және авторлармен өзара әрекеттесу (соның ішінде лүпіл басу, пікір жазу, бейнелерді таңдаулыларға сақтау және жеке хабарлар жіберу)

Қонақ әрқашан жаңа аккаунт жасай алады немесе қолда бар аккаунтқа кіре алады. Оның көмегімен сізге профиль жасауға, бейне жариялауға немесе қаласаңыз, автормен қарым-қатынас жасауға болады.





Бұл сізге көмектесті ме?