TikTok тікелей эфиріндегі модерация

Бөлімге өту


TikTok тікелей эфирінде модерация қалай жұмыс істейдіTikTok тікелей эфиріндегі модерациялау әдісі


TikTok тікелей эфирінде модерация қалай жұмыс істейді


TikTok тікелей эфиріндегі автор немесе модератор ретінде сіз біздің Қауымдастық ережелерін бұзған немесе эфир чатында қалаусыз хабарламаларды жіберген көрермендердің белгілі бір хабарламаларын бұғаттауға, көрерменге шағымдануға, дыбысын өшіруге, шектеуге немесе бұғаттауға болады.Авторлар эфир кезінде көрермендерді басқаруға көмектесу үшін адамдарды модераторлар ретінде қоса алады.

Мына нәрселерді білген жөн:
• TikTok-та эфирге тек эфирге шығу талаптарына сай авторлар шыға алады.
• Модераторларда автор рұқсаты болуы қажет.
• Веб-браузерде эфирге шығу үшін, LIVE Studio (Windows) немесе OBS Studio (Linux, macOS немесе Windows) қолданбасын жүктеп алуыңыз қажет.Эфир модераторларына веб-браузерде модерациялау кезінде LIVE Studio немесе OBS Studio қолданбаларына қатынасу рұқсаты қажет емес.


TikTok тікелей эфиріндегі модерациялау әдісі


Автор немесе модератор ретінде сіз көрермендерді эфир алдында немесе кезінде эфир параметрлерінен немесе чаттан тікелей басқара аласыз.


TikTok қолданбасы


Эфир параметрлерінен
1. Экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу» + түймесін түртіңіз.
2. Төменгі жағындағы «Тікелей эфир» түймесін түртіңіз.Бетті айналдыруыңыз керек болуы мүмкін.
3. «Параметрлер» түймесін түртіңіз.
4. Келесі параметрлер үшін қалаған мәнді таңдаңыз:
Модераторлар: модераторларды қосыңыз немесе жойыңыз.Бұл параметр тек авторларға қолжетімді.
Аудиторияны бақылау құралдары: эфирді 18 жастан асқан көрермендерге шектеу үшін осы параметрді қосыңыз немесе өшіріңіз.Бұл параметр тек авторларға қолжетімді.
5. Эфирді бастау үшін «Эфирге шығу» түймесін түртіңіз.
6. Қосымша модерация параметрлеріне өту үшін төменгі жақтағы «Қосымша» ...түймесін, содан кейін «Параметрлер» түймесін түртіңіз:
Пікір параметрлері: пікірлерге рұқсат беріңіз немесе сүзгі қойыңыз, кілтсөздерді және олардың түрленімдерін бұғаттаңыз, жағымсыз пікірлер жазатын көрермендердің дыбысын өшіріңіз, т.б.
Модераторлар: пікір параметрлерін, бұғатталған аккаунттар тізімін және т.б. басқару бойынша көмек алу үшін тікелей эфир кезінде модераторларды қосыңыз.
Дыбысы өшірілген аккаунттар: дыбысы өшірілген аккаунттар тізімін көріңіз немесе эфир кезінде бұрын дыбысы өшірілген аккаунттардың дыбысын қосыңыз.
Бұғатталған аккаунттар: бұғатталған аккаунттарды қараңыз немесе эфирді көруге бұрын тыйым салынған аккаунттарды бұғаттан шығарыңыз.


Эфир чатынан
1. Эфир кезінде чатта басқарғыңыз келетін көрерменнің профилін түртіңіз, содан кейін «Қосымша» ...түймесін түртіңіз.Сондай-ақ оның пікірін түртуіңізге де болады.
2. Көрерменді қалай басқару керектігін таңдаңыз:
Шағымдану: көрермен пікіріне шағымданыңыз.
Дыбысын өшіру: көрерменнің аккаунтының дыбысын белгілі бір уақытқа өшіріңіз.Олар дыбысы өшірілгені туралы хабарландыру алады және дыбысты өшіру уақыты аяқталғанша немесе дыбысы қосылмайынша пікірлер жібере алмайды.
Бұғаттау: көрерменнің аккаунтына эфирді көруге тыйым салу үшін бұғаттаңыз.Бұл жағдайда көрермен автормен оның жазбалары, профилі немесе жеке хабарламалар арқылы өзара әрекеттесе алмайды.Олар бұғатталғаны туралы хабарландыру алады және бұғаттан шығарылмайынша, ағымдағы автордың эфир бейнелерінің ешқайсысын көре алмайды.
Модератор қосу: бұл көрерменді эфир үшін модератор ретінде қосыңыз.Бұл параметр авторларға ғана қолжетімді және чаттағы көрермен профилін түртсеңіз ғана көрсетіледі.

Модераторды қосқаннан кейін, оларға белгілі бір параметрлерді пайдалану рұқсатын бере аласыз.Пікірлерді басқару үшін модераторлар тікелей эфирдің төменгі жағындағы «Бөлісу» түймесін, содан кейін «Параметрлер» түймесін басуы қажет.


Браузер


Эфир параметрлерінен
1. Эфир алдында немесе кезінде эфир чаты панеліндегі «Параметрлер» түймесін басыңыз.
2. «Модерация параметрлері» опциясын басыңыз, содан кейін келесі параметрлер үшін қалаған мәнді орнатыңыз:
Модераторлар: модераторларды қосыңыз немесе жойыңыз.Бұл параметр тек авторларға қолжетімді.
Дыбысы өшірілген аккаунттар: дыбысы өшірілген аккаунттар тізімін көріңіз немесе эфир кезінде бұрын дыбысы өшірілген аккаунттардың дыбысын қосыңыз.
Бұғатталған аккаунттар: бұғатталған аккаунттарды қараңыз немесе эфирді көруге бұрын тыйым салынған аккаунттарды бұғаттан шығарыңыз.

Эфир чатынан
1. Эфир кезінде чатта басқарғыңыз келетін көрерменнің профилін басыңыз, содан кейін «Қосымша» ...түймесін басыңыз.Сондай-ақ оның пікірін басуыңызға да болады.
2. Көрерменді қалай басқару керектігін таңдаңыз:
Модератор ретінде қосу: бұл көрерменді эфир үшін модератор ретінде қосыңыз.Бұл параметр тек авторларға қолжетімді.
«Пікірге шағымдану»: көрермен пікіріне шағымданыңыз.
Дыбысын өшіру: көрерменнің аккаунтының дыбысын белгілі бір уақытқа өшіріңіз.Олар дыбысы өшірілгені туралы хабарландыру алады және дыбысты өшіру уақыты аяқталғанша немесе дыбысы қосылмайынша пікірлер жібере алмайды.
Бұғаттау: көрерменнің аккаунтына эфирді көруге тыйым салу үшін бұғаттаңыз.Бұл жағдайда көрермен автормен оның жазбалары, профилі немесе жеке хабарламалар арқылы өзара әрекеттесе алмайды.Олар бұғатталғаны туралы хабарландыру алады және бұғаттан шығарылмайынша, ағымдағы автордың эфир бейнелерінің ешқайсысын көре алмайды.


Модераторды қосқаннан кейін, оларға белгілі бір параметрлерді пайдалану рұқсатын бере аласыз.Пікірлерді басқару үшін модераторлар тікелей эфирге браузерден кіруі керек.

Бұл сізге көмектесті ме?