Бөлімге өту
TikTok тікелей эфиріндегі «Бірнеше қонақ» дегеніміз не? • Эфирдің бірнеше қонақ параметрлерін қалай басқаруға болады • Тікелей эфир кезінде қонақтарды қалай басқаруға болады • Тікелей эфирге қонақ ретінде қалай қосылуға болады
TikTok тікелей эфиріндегі «Бірнеше қонақ» дегеніміз не?
Бірнеше қонақ мүмкіндігі авторларға эфир кезінде қонақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Көрермендер қонақ сұрауларын жібере алады, ал авторлар өз эфирдеріне аудио немесе бейне режимінде қонақтардың шектеулі санын шақыра алады. Тікелей эфир кезінде басқа көрермендер авторлар мен қосылған қонақтарға сыйлықтар жібере алады.
Эфирдің бірнеше қонақ параметрлерін қалай басқаруға болады
Бірнеше қонақ рұқсатының параметрлерін басқару үшін:
1. Тікелей эфир кезінде төменгі жақтағы «Қонақтар» түймесін түртіңіз.
2. «Параметрлер» түймесін түртіңіз, содан кейін тікелей эфир үшін төмендегі рұқсат параметрлерін реттеңіз:
༚ Көрермендердің сұрауларына рұқсат ету: барлық көрермендердңі бірнеше қонақ сұрауларына рұқсат етесіз.
༚ Тек жазылушылардың сұрауларына рұқсат ету: тек сізге жазылған адамдардың бірнеше қонақ сұрауларына рұқсат етесіз.
༚ Модераторлар: модераторларды қосыңыз немесе жойыңыз. Модераторларды қосқаннан кейін, оларға белгілі бір тікелей эфир параметрлерін пайдалану рұқсатын бере аласыз.
Бірнеше қонақ макетінің параметрлерін басқару үшін:
1. Тікелей эфир кезінде төменгі жақтағы «Қонақтар» түймесін түртіңіз.
2. «Параметрлер» түймесін түртіңіз, содан кейін тікелей эфир үшін төмендегі макет параметрлерін реттеңіз:
༚ Панель: бұл макетте суретіңіз әрқашан басты экранда болады. Бұл макетті бетпе-бет эфирге шығу немесе қонақпен аудио режимінде сөйлесу үшін пайдалану ұсынылады.
༚ Тор: бұл макетте қонақтар экранда көбірек орын алады. Бұл макетті шығармашылық қойылымдар немесе ойындар үшін пайдалану ұсынылады.
༚ Бекітілген макет: Болмаса, макет көрермендер санына қарай автоматты түрде реттеледі.
Тікелей эфир кезінде қонақтарды қалай басқаруға болады
Қонақтарды тікелей эфирге қосылуға шақыру үшін:
1. Тікелей эфир кезінде төменгі жақтағы «Қонақтар» түймесін түртіңіз.
2. «Шақыру» түймесін түртіңіз, содан кейін қонақ ретінде шақырғыңыз келетін авторларды немесе достарды таңдаңыз.
Қонақты эфирден жою үшін:
1. Тікелей эфир кезінде төменгі жақтағы «Қонақтар» түймесін түртіңіз.
2. Жойғыңыз келетін қонақтың жанындағы «Ажырату» түймесін түртіңіз.
Тікелей эфирге қонақ ретінде қалай қосылуға болады
Біреудің тікелей эфиріне қосылу сұрауын жіберу үшін:
1. Біреудің тікелей эфирі кезінде төменгі жақтағы «Бірнеше қонақ» түймесін, содан кейін «Сұрау» түймесін түртіңіз. Бірнеше қонақ опциясы кейбір пайдаланушылардың тікелей эфирінде қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.
2. Сұрауыңыз қабылданған соң, эфир бейнесінің параметрлерін реттеңіз.
3. Дайын болған кезде «Эфирге шығу» түймесін түртіңіз.
Біреудің TikTok тікелей эфиріне қосылу шақыруын қабылдау үшін:
1. Эфирге шақырудағы «Қабылдау» түймесін түртіңіз.
2. Эфир бейнесінің параметрлерін реттеңіз.
3. Дайын болған кезде «Эфирге шығу» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: тікелей эфирге қосылмас бұрын, сіздің қосыла алатыныңызға көз жеткізу үшін құрылғыңыздың камера және микрофон рұқсаттарын тексереміз. Эфир бейнесінің параметрлеріне өтпесеңіз, камера немесе микрофон қосылмайды.