Аккаунтыма хакерлік шабуыл жасалды

Аккаунтыңызды хакерлер бұзып ашты деп уайымдасаңыз, аккаунтыңызға хакерлік шабуыл жасалғанының белгілерін анықтау және аккаунтты қорғау бойынша төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз.
Егер мына күдікті іс-әрекеттердің бірін байқасаңыз, аккаунтыңызға хакерлік шабуыл жасалған болуы мүмкін:
• Аккаунтыңыздың құпиясөзі немесе онда көрсетілген телефон нөмірі өзгерсе.
• Аккаунтыңыздағы пайдаланушы аты немесе лақап ат өзгерсе.
• Бейнелеріңіз сіздің рұқсатыңызсыз жойылса немесе жарияланса.
• Сіздің аккаунтыңыздан сіз жазбаған хабарлар жіберілген болса.
TikTok аккаунтын қорғау бойынша кеңестер:


1. Құпиясөзді қалпына келтіріңіз


1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Аккаунт» түймесін түртіңіз.
4. «Құпиясөз» түймесін түртіңіз.
5. Құпиясөзді өзгертіңіз.


2. Телефон нөмірін байланыстырыңыз


1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Аккаунт» түймесін түртіңіз.
4. «Аккаунт туралы ақпарат» түймесін түртіңіз.
5. «Телефон нөмірі» түймесін түртіңіз.
6. Телефон нөмірін байланыстырыңыз.


3. Күдікті құрылғыларды жойыңыз


1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Қауіпсіздік және рұқсаттар» түймесін түртіңіз.
4. «Құрылғыларды басқару» түймесін түртіп, тізімдегі құрылғыларды қарап шығыңыз.
5. Қажетсіз немесе күдікті құрылғыларды жойыңыз.


TikTok аккаунтыңыздың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ оны хакерлік шабуылдардан және деректердің ұрлануынан қорғау үшін қауіпсіздік кеңестері туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?