Бөлімге өту
Жеке хабарламаларды қалай басқаруға болады • «Оқылды» күйін қалай басқаруға болады • Жеке хабарламаларға арналған қауіпсіздік мүмкіндіктері
Жеке хабарламаларды қалай басқаруға болады
Сізге жеке хабарламаларды кім жібере алатынын басқару үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Жеке хабарламалар» түймесін түртіп, тізімнен сізге хабарларды кім жібере алатынын таңдаңыз:
༚ Барлығы: кез келген адам сізге жеке хабарлама жібере алады.Ортақ достарыңыздың және сіз жазылған адамдардың хабарлары кіріс жәшігінде көрсетіледі.
༚ Ұсынылған достар: іріктелген достар, соның ішінде Facebook-пен синхрондалған достар мен телефон контактілері, сілтемелерді ашқан және сізге сілтемелерді жіберген адамдар және сізге өзара жазылған жазылушылар сізге жеке хабарлама жібере алады.
༚ Достар: сіз өзара жазылған кез келген жазылушы сізге жеке хабарлама жібере алады.
༚ Ешкім: сізге ешкімнен жеке хабарлама келмейді.
Бұл параметрді таңдасаңыз, жеке хабарламаларды мүлде алмайтыныңызды ескеріңіз.Кіріс жәшігінде хабарламалар тарихы тұра береді, бірақ чаттарға жаңа жеке хабарламалар келмейді.Кейбір пайдаланушыларға аталған опциялардың кейбірі қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.
Егер жеке хабарлама параметрін Барлығы, Ұсынылған достар немесе Достар күйіне орнатсағыз, сіз жазылмаған адамдардан келген хабарламалар кіріс жәшігінде хабарлама сұрауы ретінде келуі көрінуі мүмкін.Бұл хабарламаларды қабылдауға, жоюға, шағымдануға немесе бұғаттауға болады.
Чатты жою үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ iOS құрылғыларында чатты жанап өтіп, «Жою» түймесін, содан кейін «Растау» түймесін түртіңіз.
༚ Android құрылғыларында чатты басып тұрып, «Жою» түймесін түртіңіз.
Жекелеген жеке хабарламаны жою үшін:
1. Кіріс жәшігіндегі чатқа өтіңіз.
2. Жеке хабарламаны басып тұрып, «Жою» түймесін түртіңіз.Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ Хабарламаны тек сіз жақтан жою үшін «Мен үшін жою» түймесін түртіңіз.Алушылар хабарламаны көре береді.
༚ Хабарламаны сіз жақтан да, алушылар жақтан да жою үшін хабарламаны жібергеннен кейін 3 минут ішінде «Барлығы үшін жою» түймесін түртіңіз.
Чаттың дыбысын өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ iOS құрылғыларында чатты жанап өтіп, «Тағы» түймесін түртіңіз.
༚ Android құрылғыларында чатты басып тұрыңыз.
3. Чат хабарландыруларын алуды тоқтату үшін «Дыбысын өшіру» түймесін түртіңіз.
Сондай-ақ хабарландырулардың дыбысын тікелей чаттан өшіруге болады. Ол үшін «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіп, «Хабарландырулардың дыбысын өшіру» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Хабарлама сұрауын қабылдау немесе жою үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. «Хабарлама сұраулары» түймесін түртіңіз, содан кейін чат сұрауын таңдаңыз.Кейбір чаттар сүзгіден өткен сұрауларда көрінуі мүмкін.
3. Хабарламаны қабылдау үшін «Қабылдау» түймесін, ал кіріс жәшігінен жою үшін «Жою» түймесін түртіңіз.Сондай-ақ хабарламаға шағымдану үшін «Шағымдану» түймесін түртуге болады.Сұрауды қабылдасаңыз, екінші пайдаланушыға чат хабарландыруы келеді.
Сіз бұғаттаған аккаунттар сізге хабарлама сұрауларын жібере алмайтынын ескеріңіз.
«Оқылды» күйін қалай басқаруға болады
«Оқылды» күйі басқа пайдаланушыларға олардың жеке хабарламасын оқығаныңыз немесе оқымағаныңыз туралы білуге мүмкіндік береді.
«Оқылды» күйін қосу немесе өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Жеке хабарламалар» түймесін түртіңіз, содан кейін «Оқылды» күйі» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.18 жасқа толған пайдаланушылар үшін бұл параметр әдепкі бойынша қосулы болады.
Егер «Оқылды» күйі сізде де, хабарлама жіберушіде де қосулы тұрса, екінші пайдаланушы сіздің хабарламаны қашан оқығаныңызды көре алады.
Жеке хабарламаларға арналған қауіпсіздік мүмкіндіктері
Хабарламалардың Қауымдастық ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету және пайдаланушыларға қалаусыз хабарламаларға немесе адамдарға қарсы төмендегідей шараларды қабылдауға мүмкіндік беру үшін жеке хабарламаларға арналған бірнеше қауіпсіздік мүмкіндіктерін қостық:
• Жеке хабарламаларды жасыру үшін кілтсөздерді қосу
• Хабарлама сұрауларын басқару
• Хабарламаға немесе аккаунтқа шағымдану
• Басқаларының сізге хабарлама жіберу мүмкіндігін бұғаттау
Жеке хабарламаларға сүзгі орнату және жасыру
Қолайсыз контенті бар хабарламаларды жасыру немесе қауіпті болуы мүмкін көздерден келетін хабарламаларға сүзгі орнату үшін қауіпсіз режимде пайдалануыңызға болады.Сондай-ақ сондай сөздерді қамтитын хабарламаларды жасыру үшін кілтсөздерді қосуға болады.
Қауіпсіз режимге өту үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Жеке хабарламалар» түймесін түртіңіз.
5. «Қауіпсіз режим» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Қауіпсіз режим туралы мына нәрселерді білген жөн:
• Бұл параметр әдепкі бойынша қосулы болады.
• Орналасқан жеріңізге байланысты және бұл параметр қосулы болғанда, қолайсыз контенті бар хабарламаларды жасыруымыз мүмкін.Қаласаңыз, мұндай хабарламаларды көру опциясын таңдай аласыз.
Кілтсөздерді қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Жеке хабарламалар» түймесін түртіңіз.
5. «Сүзгі қойылған кілтсөздер» түймесін түртіңіз.
6. «Сүзгі қойылған кілтсөздер» параметрін қосыңыз.Чаттардан жасырғыңыз келетін сөзді немесе сөз тіркесін енгізіп, «Қосу» түймесін түртіңіз.
Кейбір кілтсөздерге сүзгі қолдану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Сүзгіден өткен сұрауларды басқару
Сүзгі қойылған хабарламаларды көру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. «Хабарлама сұраулары» түймесін түртіңіз.
3. Жоғарғы жақтағы «Сүзгіден өткен сұраулар» түймесін түртіп, хабарлама сұрауын таңдаңыз.Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
༚ Чатты сүзгіден өткен сұраулардан кіріс жәшігіне жылжыту үшін «Қабылдау» түймесін түртіңіз.
༚ Хабарлама сұрауын қабылдамау үшін «Жою» түймесін түртіңіз.
༚ Хабарламаға шағымдану үшін «Шағымдану» түймесін түртіңіз.
༚ «Осы жерді түртіңіз» түймесін түртіп, хабарға «Шағымдану» немесе жіберушіні «Бұғаттау» опциясын таңдаңыз.
Қолайсыз хабарламаларға сүзгі қою үшін қауіпсіз режим параметрін қосу керек екенін ескеріңіз.
Жеке хабарламаға шағымдану
Егер Қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін хабарламаны алсаңыз, ол туралы шағымдануға кеңес береміз.
Жеке хабарламаға шағымдану үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ iOS құрылғыларында чатты жанап өтіп, «Шағымдану» түймесін түртіңіз де, қадамдарды орындаңыз.
༚ Android құрылғыларында чатты басып тұрып, «Шағымдану» түймесін түртіңіз де, қадамдарды орындаңыз.
3. Шағымданудың қосымша опцияларын көру үшін чатқа өтіңіз:
༚ Жоғарғы жақтағы «Шағымдану» түймесін түртіп, нұсқауларды орындаңыз.
༚ Жоғарғы жақтағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз, содан кейін «Шағымдану» түймесін түртіп, нұсқауларды орындаңыз.
༚ Жеке хабарламаны басып тұрып, «Шағымдану» түймесін түртіңіз, содан кейін нұсқауларды орындаңыз.Бетті айналдыруыңыз керек болуы мүмкін.
4. Шағымды жіберу үшін келесі беттегі қадамдарды орындаңыз.
Басқаларының сізге хабарлама жіберу мүмкіндігін бұғаттау
Егер басқаларының сізге жеке хабарламаларды жібергенін немесе TikTok-тағы бейнелеріңізді қарағанын қаламасаңыз, оларды бұғаттауыңызға болады.
Кіріс жәшігінде қандай да бір пайдаланушыны бұғаттау үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ iOS құрылғыларында чатты жанап өтіп, «Тағы» түймесін, содан кейін «Бұғаттау» түймесін түртіңіз.
༚ Android құрылғыларында чатты басып тұрып, «Бұғаттау» түймесін түртіңіз.
3. Растау үшін «Бұғаттау» түймесін түртіңіз.
Сондай-ақ чатқа өтіп, жоғарғы жақтағы «Қосымша опциялар» … түймесін түрту арқылы «Бұғаттау» параметрін қосуға болады.Чат бұғатталды деп белгіленеді.