Телефон нөміріңіз бен электрондық поштаңыз TikTok-та қалай пайдаланылады

Бөлімге өту


TikTok электрондық поштаңызды және телефон нөміріңізді қалай пайдаланадыЕкі сатылы верификацияны қалай баптауға боладыTikTok желісінің аккаунтыңызды телефоныңыздағы контактілерге ұсыну мүмкіндігін қалай басқаруға боладыTikTok желісінің телефоныңыздағы контактілерді пайдаланып сізге аккаунттарды ұсыну мүмкіндігін қалай басқаруға болады




TikTok электрондық поштаңызды және телефон нөміріңізді қалай пайдаланады


TikTok аккаунтыңызға электрондық поштаңызды немесе телефон нөміріңізді қоссаңыз, платформаны тиімдірек пайдалана аласыз.Сіз көрсеткен электрондық пошта немесе телефон нөмірі мына мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін:
• TikTok аккаунтыңызға кіруге көмектесу.Пайдаланушы атыңызды, электрондық поштаңызды, телефон нөміріңізді немесе TikTok аккаунтына кіру үшін пайдаланылған басқа кіру әдісін ұмытып қалсаңыз, аккаунтты қалпына келтіру экранында аккаунтыңызбен байланысты электронлық пошта мекенжайын немесе мобильді телефон нөмірін енгізу арқылы барлық кіру әдістерін көруіңізге болады.Сондай-ақ егер құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру үшін электрондық поштаңызды немесе телефон нөміріңізді пайдалануыңызға болады.
• Аккаунт қауіпсіздігін екі сатылы верификация арқылы күшейту.
Тануыңыз мүмкін адамдарды іздеу.
• Форманы толтырған кезде, ақпаратты автоматты түрде толтыру.
• Жарнама тәжірибесін сіз және басқалары үшін жақсарту.TikTok желісінде жарнаманы көрген соң, бір өнімді сатып алған кезіңіз сияқты сіздің байланыс ақпаратыңыз пен жарнама, өлшем және дерек бойынша серіктестерімізден алатын ақпаратты салыстыра аламыз.Осылайша, параметрлеріңізге сәйкес, сізге TikTok-тан тыс белсенділікке сай жекелендірілген жарнамаларды көрсетуге, сондай-ақ TikTok қауымдастығындағы әр пайдаланушы үшін жарнама қызметтерімізді жақсартуға мүмкіндік аламыз.Жарнамалар және сіздің деректеріңіз туралы толығырақ ақпаратты Құпиялық орталығынан таба аласыз.
• Сізге трендтегі контентті, жаңалықтарды, промонауқандарды, ұсыныстарды және аккаунтқа қатысты жаңартуларды жіберу.
• Егер сіз тұратын елде TikTok Shop қолжетімді болса, сізге тапсырыс, логистика туралы жаңартуларды және қайтару күйін жіберу.


TikTok желісіндегі электрондық поштаңыз және телефон нөміріңіз туралы мына нәрселерге білген жөн:
• Электрондық поштаңыз немесе мобильді телефоныңыздың нөмірі TikTok профиліңізде көрінбейді.Аккаунтыңызға кірудің балама әдісін көрсеткеннен кейін, электрондық поштаңызды немесе телефон нөміріңізді кез келген уақытта өзгерте немесе жоя аласыз.
• Егер Facebook достарын синхрондау опциясын таңдасаңыз, электрондық поштаңыз туралы ақпаратты алуымыз мүмкін.
Аккаунтыңыздың басқа пайдаланушыларға қалай ұсынылатынын, контактілерді синхрондауды және тағы басқасын құпиялық параметрлері арқылы басқара аласыз.
• Біз сіздің жеке ақпаратыңызды, соның ішінде электрондық поштаңыз немесе мобильді телефон нөміріңізді ешкімге сатпаймыз.TikTok желісінде электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірінің пайдаланылу жолы туралы қосымша ақпаратты Құпиялық саясатымыздан қараңыз.




Екі сатылы верификацияны қалай баптауға болады


Екі сатылы верификацияны (2SV) электрондық пошта телефон нөмірі немесе басқа әдістер арқылы баптауға болады.Аккаунттың қосымша қорғанысы үшін 2SV қосып қойған жөн.Бұл қосымша қорғаныс деңгейін қосуға және рұқсат етілмеген құрылғыдан кірген кезде шынымен сіз кіріп жатқаныңызды растауға мүмкіндік беретін жалпы аккаунт қорғау шарасы болып табылады.Сондай-ақ құпиясөзіңіз біреудің қолына түскен кезде 2SV аккаунтты қорғаудың қосымша деңгейі болады.Адамдардың көбі аккаунттарын бір құпиясөзбен ғана қорғайды, бірақ 2SV іске қоссаңыз, құпиясөзіңізді білетін адамдар аккаунтыңызға кіре алмайды, себебі олар телефоныңызға немесе электрондық поштаңызға қол жеткізуі де керек болады.

Екі сатылы верификацияны қосу үшін:
1. Құрылғыда TikTok қолданбасының соңғы нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз.
2. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
3. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
4. «Қауіпсіздік және рұқсаттар» түймесін түртіңіз.
5. «Екі сатылы верификация» түймесін түртіңіз.
6. Кем дегенде екі верификация әдісін таңдап, 2SV функциясын қосу үшін қадамдарды орындаңыз:
Телефон (ұсынылады)
Электрондық пошта (ұсынылады)
Аутентификатор (ұсынылады).Бұл опцияны пайдалану үшін құрылғыңызда Google Authenticator немесе Microsoft Authenticator сияқты аутентификация қолданбасы орнатылған болуы керек.QR кодын сканерлеу немесе берілген кілтті көшіру үшін келесі экрандағы нұсқауларды орындаңыз.TikTok-қа аккаунтты қосқан кезде, аутентификатор қолданбасындағы кілтті енгізіңіз.Ең соңында аутентификатор қолданбасындағы кодты TikTok қолданбасындағы келесі экранға енгізіңіз.
Құпиясөз
7. Егер Телефон немесе Электрондық пошта опциясын таңдасаңыз:
༚ Бұрын байланыс ақпаратын енгізбеген болсаңыз, электрондық пошта мекенжайын немесе телефон нөмірін енгізу сұралады.Стандартты SMS ақысы алынуы мүмкін.
«Код жіберу» түймесін басып, SMS немесе эл. пошта арқылы жіберілген растау кодын енгізіңіз.

Келесі жолы TikTok-қа кірген кезіңізде, таңдаған тексеру әдістеріңізге қарай, телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы жіберілген, не болмаса аутентификатор қолданбасынан алуға болатын тексеру кодын енгізуіңіз сұралады.Жеке басыңызды растау үшін экрандағы 2SV жолына кодты енгізіңіз.




TikTok желісінің аккаунтыңызды телефоныңыздағы контактілерге ұсыну мүмкіндігін қалай басқаруға болады


Сіздің аккаунтыңыз мына жағдайларда TikTok-тағы басқа пайдаланушыларға ұсынылуы мүмкін:
• TikTok аккаунтыңызға телефон нөміріңізді байланыстырған болсаңыз;
Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну құпиялық параметрінде Контактілер параметрін қосқан болсаңыз;
• аккаунтыңызды ұсынған адам өзінің телефон контактілерін TikTok-пен синхрондау опциясын таңдаған болса және сіздің телефон нөміріңіз оның контактілерінде бар болса.

Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну үшін телефон нөміріңіздің пайдаланылу жолы туралы қосымша ақпарат алыңыз.

Контактілер параметрін қарап шығу және өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну» түймесін түртіңіз.
5. «Контактілер» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.




TikTok желісінің телефоныңыздағы контактілерді пайдаланып сізге аккаунттарды ұсыну мүмкіндігін қалай басқаруға болады


TikTok аккаунтыңызға телефоныңыздың нөмірін қосқан болсаңыз және телефоныңыздағы контактілер синхрондалған болса, сізге таныс адамдарды табуға және олардың жаңалықтарына жазылуға көмектесе аламыз.Синхрондауды кез келген уақытта тоқтатып, бұрын синхрондалған деректердің барлығын TikTok желісінен жоюыңызға болады.

Контактілерді синхрондау параметрін қарап шығу және өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Контактілерді және Facebook достарын синхрондау» түймесін түртіңіз.
5. «Контактілерді синхрондау» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.Сондай-ақ бұрын синхрондалған деректерді жоюыңызға болады.

Бұл сізге көмектесті ме?