Бөлімге өту
TikTok-тағы тақырыптарды басқару • «Ұсыныстар» лентасындағы тақырыптарды қалай басқаруға болады
TikTok-тағы тақырыптарды басқару
TikTok зерттеу үшін сан алуан контентті ұсынады.Жазылған аккаунттардан басқа авторлардың контентін көбірек немесе азырақ көру үшін «Ұсыныстар» лентасын баптауға болады.Контент тақырыбы бойынша (спорт, азық-түлік және сусындар, өмір салты, т.б.) жіктеледі және әр тақырыпты өз қалауыңыз бойынша реттей аласыз.
«Ұсыныстар» лентасындағы тақырыптарды қалай басқаруға болады
Параметрлер бөлімінен
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Қалаулы контент» түймесін түртіңіз, содан кейін «Тақырыптарды басқару» түймесін түртіңіз.
4. Әр тақырыпты қаншалықты көргіңіз келетінін таңдау үшін жүгірткіні жылжытыңыз.
5. Растау үшін жоғарғы жағындағы «Сақтау» түймесін түртіңіз.
«Ұсыныстар» лентасынан
1. TikTok қолданбасында жазбаның жанындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
2. «Неліктен бұл бейне?» опциясын түртіңіз.
3. «Ұсыныстар» лентасын реттеу түймесін түртіңіз.
4. «Тақырыптарды басқару» түймесін түртіңіз.
5. Әр тақырыпты қаншалықты көргіңіз келетінін таңдау үшін жүгірткіні жылжытыңыз.
6. Растау үшін жоғарғы жағындағы «Сақтау» түймесін түртіңіз.
TikTok-тағы тақырыптарды басқару туралы білу қажет маңызды ақпарат:
• Әртүрлі тақырыптар үшін орнатылған параметр тек «Ұсыныстар» лентасындағы контентке қолданылады. TikTok-тың басқа аймақтары (мысалы, «Жазылымдар» лентасы, профиль және кіріс жәшігі) өзгеріссіз қалады.
• Контент параметрлерін орнатқан соң, лентаның жекелендірілуіне біршама уақыт кетуі мүмкін.Ал сіз сол уақытта белгілі бір контенттің қызық еместігі жайлы пікіріңізді бөліссеңіз болады.Біз қалауларыңызды зерттеп, лентаңызды бұрынғыдан да жақсырақ етіп жекелендіруді жалғастырамыз.
«Ұсыныстар» лентасы туралы қосымша ақпарат алыңыз.