«Біріктіру» функциясының құпиялық параметрлері

Бөлімге өту


Бейнелеріңізді кім біріктіре алады«Біріктіру» функциясын қалай қосуға немесе өшіруге боладыБейнеңізбен байланысты біріктірілген бейнелерді басқару



Бейнелеріңізді кім біріктіре алатынын және бейнелеріңізбен жасалған біріктірілген бейнелерді өзіңіз басқарасыз. Контентті қайта пайдалануға рұқсат ету параметрі арқылы жекелеген жазбалар үшін «Біріктіру» функциясын қосуға немесе өшіруге болады. «Біріктіру» функциясын өшірсеңіз, басқалары өздерінің бейнелерін сіздің бейнелеріңізбен біріктіре алмайды. Сондай-ақ контентіңізбен біріктіріліп жасалған жазбаларды контентті қайта пайдалану тарихы параметрі арқылы жоюға болады.

Егер «Біріктіру» функциясын өшірсеңіз, бұл параметр сіздің жазбаларыңызбен дуэт бейнесін кім түсіре алатынына және стикерлер жасай алатынына, сондай-ақ жазбаңызды өзінің сторисіне кім қоса алатынына әсер ететінін ескеріңіз.






Бейнелеріңізді кім біріктіре алады


Бейнелеріңізді кім біріктіре алатынын таңдау үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Контентті қайта пайдалану» түймесін түртіңіз.
4. «Контентті қайта пайдалануға рұқсат ету» түймесін түртіп, кімге біріктірілген бейне жасауға рұқсат беретініңізді таңдаңыз. «Барлығы» немесе «Достар» (сіз өзара жазылған жазылушылар) опциясының бірін таңдауға болады. Басқа адамдар бейнелерін сіздің бейнелеріңізбен біріктіре алуы үшін, аккаунтыңыз ашық болуы керек екенін ескеріңіз.






«Біріктіру» функциясын қалай қосуға немесе өшіруге болады


Жазба жасамас бұрын
Бейнені жарияламас бұрын, басқалардың онымен біріктірілген бейне жасау мүмкіндігін таңдауға болады.

1. Жазбаны жасаңыз.
2. «Жариялау» экранындағы «Қосымша опциялар» түймесін түртіңіз.
3. Контентті қайта пайдалануға рұқсат ету параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.

Бұрыннан бар жазба үшін

1. Жаңартқыңыз келетін бейнеге өтіңіз.
2. Бейненің бүйір жағындағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз.
3. Төменгі жақтағы «Құпиялық параметрлері» түймесін түртіңіз. Оны табу үшін төмен қарай жанап өту қажет болуы мүмкін.
4. Контентті қайта пайдалануға рұқсат ету параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз. Оны табу үшін бетті айналдыру керек болуы мүмкін.






Бейнеңізбен біріктіріліп жасалған бейнелерді басқару


Бейнеңізбен біріктіріліп жасалған бейнелердің барлығын көруіңізге немесе жоюыңызға болады. Бейнеңізбен біріктіріліп жасалған бейнелерді жоятын болсаңыз, барлық бейне, соның ішінде түпнұсқа бейнеңіз де біржолата жойылады.

Біріктіріліп жасалған бейнелерді құпиялық параметрлерінде көру немесе жою үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Контентті қайта пайдалану» түймесін түртіңіз.
4. «Контентті қайта пайдалану тарихы» бөлімін түртіңіз.
5. Басқарғыңыз келетін бейнені таңдап, жоғарғы жақтағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз.
6. «Барлық жазбаны жою» түймесін, содан кейін растау үшін «Жою» түймесін түртіңіз. Осылайша түпнұсқа жазбаңыз, сондай-ақ байланысты дуэт бейнелері мен біріктірілген бейнелер біржолата жойылады. Егер 10-нан астам жазба болса, аккаунтыңыздың сізге тиесілі екенін растауыңыз қажет болуы мүмкін.

Түпнұсқа жазбаның көшірмесін сақтағыңыз келсе, жоғарыдағы қадамдарды орындамас бұрын, оны құрылғыңызға жүктеп алуға болатынын ескеріңіз.

Белсенділік орталығынан біріктірілген жасалған бейнелерді көру немесе жою үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Белсенділік орталығы» бөлімін түртіңіз.
4. «Контентті қайта пайдалану тарихы» бөлімін түртіңіз.
5. Басқарғыңыз келетін бейнені таңдап, бейненің жанындағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз.

Құпиялық бойынша құқықтарыңызды немесе біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзатын біріктірілген бейнені көрсеңіз, онлайн форма арқылы бізге хабарласыңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?