Бөлімге өту
TikTok желісіндегі ұсынылатын аккаунттар деген не? • TikTok желісінің сізге аккаунттарды ұсыну жолы • TikTok желісінің аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну жолы • Аккаунттарды ұсыну функциясын қосу немесе өшіру жолы
TikTok желісіндегі ұсынылатын аккаунттар деген не?
TikTok желісінде таныстарыңызды таба алуыңыз үшін мына әрекеттерді орындауымыз мүмкін:
• Профиліңізде аккаунттардың бейнелерін және Достар қосу мүмкіндігін көрсету арқылы сізге аккаунттарды ұсына аламыз.
• Сіздің аккаунтыңызға жазылуы үшін TikTok желісіндегі басқа адамдарға аккаунтыңызды ұсына аламыз.
TikTok желісінің сізге аккаунттарды ұсыну жолы
TikTok платформасында бөлісетін ақпаратыңызға қарай біз сізге келесі адамдарға тиесілі аккаунттарды көрсетуіміз мүмкін:
• Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну параметрінде Контактілер тармағын қосып қойған, телефон нөмірін немесе электрондық поштасының мекенжайын TikTok аккаунтына қосып қойған, сондай-ақ сіз Контактілер мен Facebook желісіндегі достарды синхрондау параметрінде телефоныңыздағы контактілерді синхрондауды таңдаған кезде телефон нөмірі немесе электрондық поштасының мекенжайы телефоныңыздағы контактілерде болған адам .
• Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну параметрінде Контактілер опциясын қосқан, сіздің телефон нөміріңіз немесе эл. пошта мекенжайыңыз телефон контактілерінде бар және Контактілерді және Facebook желісіндегі достарды синхрондау параметрінде телефон контактілерін синхрондауды таңдаған (сондай-ақ сіз телефон нөміріңіз бен эл. поштаңызды TikTok аккаунтыңызға қосқан жағдай) адам.
• Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну параметрінде Facebook желісіндегі достар тармағын қосып қойған Facebook желісіндегі досыңыз және сіз де, ол да Контактілер мен Facebook желісіндегі достар параметрінде Facebook желісіндегі достарыңызды синхрондағансыздар.
• TikTok немесе Facebook желісінде (таңдаулы аймақтарда) сізбен ортақ байланыстары бар адам. Сіздің бір адаммен ортақ байланыстарыңыз бар болуының себебі: сіздер бірдей аккаунттарға жазылғансыздар, сіздер оларға жазылып қойған аккаунттарға жазылғансыздар, олар сіз де жазылған аккаунтқа жазылған және ол аккаунттар сіздерге де жазылған, сіздер олар жазылған аккаунттардан сілтемелер бөліскенсіздер немесе алғансыздар, не болмаса Facebook желісінде сіздердің бірдей аккаунттармен байланыстарыңыз бар.
• TikTok желісінде сізге жазылған адамдар.
Контактілерді және Facebook желісіндегі достарды синхрондау параметрін Құпиялылық параметрінен қосуға немесе өшіруге болады.
Мыналарды білу маңызды:
• Біз бастапқы синхрондау аяқталғаннан кейін де, сізге Facebook-достарды ұсына береміз. Facebook желісіндегі достар тізімін қайта-қайта синхрондаудың қажеті жоқ.
• Телефон контактілерін синхрондасаңыз және Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну параметріндегі Контактілер функциясын қоссаңыз, аккаунтыңыз басқа адамдарға ұсынылуы мүмкін.
• Сіз TikTok желісімен бөліскен ақпаратқа байланысты, біз сізге аккаунттарды жоғарыда аталған қатынастардың түрлі комбинацияларына сүйене отырып ұсынуымыз мүмкін.
• Егер сіз TikTok желісінің құрылғыңыздың параметрлерінде телефон контактілеріңізге қол жеткізу рұқсатын жойсаңыз немесе контактілерді синхрондау параметрін өшіріп қойсаңыз, біз ендігәрі контактілерді синхрондамаймыз, алайда біз сіздің бұрын синхрондалған контактілеріңізден аккаунттарды әрі қарай ұсына береміз. TikTok қолданбасымен синхрондалған телефон контактілеріңіздің барлығын жойғыңыз келсе және барлық құрылғыда контактілерді синхрондауды тоқтатқыңыз келсе, Контактілер мен Facebook желісіндегі достарды синхрондау параметрінен Бұрын синхрондалған контактілерді жою опциясын таңдауыңызға болады.
TikTok желісінің аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну жолы
TikTok желісіне бөлісуге рұқсат еткен ақпаратыңызға қарай, аккаунтыңызды мына адамдарға ұсынуымыз мүмкін:
• Байланыстар
• Facebook желісіндегі достар
• Сілтемеңізді ашатын немесе сізге сілтеме жіберетін адамдар
Бұл параметрлерді кез келген уақытта құпиялық параметрлеріңіздегі Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну бөлімінде қосуға немесе өшіруге болады.
Мыналарды білу маңызды:
• Осы параметрлердің барлығы өшірулі болса да, аккаунтыңыз сіз TikTok-та жазылған, өзара әрекеттесетін, ортақ контактілеріңіз бар адамдарға ұсынылуы мүмкін.
• Жасыңыз 13-17 аралығында болса, аккаунтыңыз ортақ контактілерге ұсынылмайтын болады.
• Аккаунтыңыз жеке болса және осы параметрлер қосулы болса, аккаунтыңызды басқаларға ұсынатын боламыз, алайда сіз мақұлдаған адамдар ғана сізге жазыла және бейнелеріңізді көре алады.
Байланыстар
Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну параметріндегі Байланыстар опциясы қосылып тұрғанда, төмендегі жағдайларда аккаунтыңыз TikTok желісіндегі басқа адамдарға ұсынылуы мүмкін:
• телефон нөміріңізді немесе электрондық поштаңызды TikTok аккаунтына қосылған болса;
• Аккаунтыңыз туралы ұсынысты алған адам телефонындағы байланыстарын TikTok желісімен синхрондауды таңдаған болса.
• Телефоныңыздың нөмірі немесе электрондық поштаңыздың адресі оның байланыстарында болса.
Мыналарды білу маңызды:
• Бұл параметрді қоссаңыз, телефоныңыздағы байланыстарды TikTok аккаунтыңызбен синхрондамаған болсаңыз да, аккаунтыңыз басқа адамдарға ұсынылады.
• Сонымен қатар телефондағы байланыстарды синхрондасаңыз, телефон нөмірі немесе электрондық поштасының адресі телефоныңыздың байланыстарында бар және телефон нөмірін немесе электрондық поштасының адресін TikTok аккаунтына қосқан адамдарға да аккаунтыңызды ұсынуымыз мүмкін.
Facebook желісіндегі достар
Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну параметріндегі Facebook желісіндегі достар опциясы қосылып тұрғанда, аккаунтыңыз Facebook желісіндегі досыңыз болған TikTok желісіндегі біреуге ұсынылуы мүмкін. Ол үшін екеуіңіз де TikTok желісімен Facebook желісіндегі достар тізімін синхрондау параметрін таңдаған болуыңыз тиіс.
Сілтемеңізді ашатын немесе сізге сілтеме жіберетін адамдар
Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну параметрінде Сілтемеңізді ашатын немесе сізге сілтеме жіберетін адамдар опциясы қосылып тұрса, TikTok аккаунтыңыз TikTok желісіндегі сізге сілтеме жіберген немесе сіз TikTok желісіндегі бейнеге апаратын сілтемені ашқан біреуге ұсынылуы мүмкін. Бұған TikTok платформасынан тыс (мысалы, мәтіндік хабарлама немесе бөтен платформа арқылы) жіберілген сілтемелер де кіреді.
Аккаунттарды ұсыну функциясын қосу немесе өшіру жолы
Аккаунтыңыздың басқа адамдарға ұсынылу жолын және аккаунттардың сізге ұсынылу жолын Құпиялылық параметрлерінде қарауға және басқаруға болады.
Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну
Бұл бөлімде аккаунтыңыз контактілерге, Facebook-достарға, сілтемелеріңізді ашатын және сізге сілтемесе жіберетін адамдарға ұсынылып-ұсынылмайтынын басқаруға болады. Жасыңыз 18-ге толған болса, бұл параметрлер әдепкі бойынша қосулы болады.
Аккаунтыңыздың басқа адамдарға ұсынылу жолын өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы Профиль опциясын басыңыз.
2. Жоғарғы жақтағы Мәзір ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Құпиялық опциясын, содан кейін Аккаунтыңызды басқаларға ұсыну опциясын түртіңіз.
4. Аккаунтыңыз туралы ұсынысты алатын адамдарды таңдаңыз. Егер Facebook желісіндегі достар параметрін қоссаңыз, онда төмендегі нұсқауларды орындай отырып Facebook желісіндегі достарыңызды да синхрондауыңыз керек.
Осы параметрді пайдаланып TikTok желісіне телефоныңыздағы байланыстарды және Facebook желісіндегі достарды синхрондау рұқсатын беріңіз және адамдарды тауып, оларға жазылыңыз. Синхрондауды кез келген уақытта тоқтатып, TikTok қолданбасынан бұрын синхрондалған деректерді жоюға болады.
Телефон байланыстарын синхрондап, Аккаунтыңызды басқа адамдарға ұсыну параметріндегі Контактілер опциясын қосқан болсаңыз, аккаунтыңыз телефон нөмірі немесе электрондық поштасының адресі сіздің телефоныңыздағы контактілерде бар және өз телефон нөмірін немесе электрондық поштасының мекенжайын TikTok желісіне қосқан адамға да ұсынылуы мүмкін екенін ескеріңіз.
TikTok желісінде телефон контактілерін немесе Facebook желісіндегі достарды синхрондау үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы Профиль опциясын басыңыз.
2. Жоғарғы жақтағы Мәзір ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Құпиялық опциясын, содан кейін Контактілер мен Facebook желісіндегі достарды синхрондау опциясын түртіңіз.
4. Контактілерді синхрондау немесе Facebook желісіндегі достарды синхрондау параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз. Сондай-ақ бұрын синхрондалған деректерді жоюыңызға болады.
Егер сіз TikTok желісінің құрылғыңыздың параметрлерінде телефон контактілеріңізге қол жеткізу рұқсатын жойсаңыз, біз ендігәрі контактілерді синхрондамаймыз, алайда біз сіздің бұрын синхрондалған контактілеріңізден аккаунттарды әрі қарай ұсына береміз. TikTok қолданбасымен синхрондалған телефон контактілеріңіздің барлығын жойғыңыз келсе және барлық құрылғыда контактілерді синхрондауды тоқтатқыңыз келсе, Контактілер мен Facebook желісіндегі достарды синхрондау параметрінен Бұрын синхрондалған контактілерді жою опциясын таңдауыңызға болады. TikTok телефоныңыздың нөмірін қалай пайдаланатыны туралы толығырақ біліңіз.