Бөлімге өту
TikTok-та кім пікір жаза алады • TikTok жазбалары үшін пікір сүзгілерін қалай қосуға болады • Сүзгі қолданылған пікірлерді қалай тексеруге болады
TikTok-та кім пікір жаза алады
Жазбаларға пікір жазуға рұқсат беру TikTok қауымдастығымен өзара әрекеттесіп, байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Жазбаларыңызға кім пікір жаза алатынын параметрлер арқылы таңдауға болады Аккаунттың құпиялық параметрлерінде жазбаларыңызға кім пікір жаза алатынын таңдай аласыз:
• Барлығы (тек жария аккаунттар үшін): егер Барлығы опциясын таңдап, пікірлерді қосып қойсаңыз, жазбаңызға кез келген адам пікір жаза алады.
• Жазылушылар (тек жеке аккаунттар үшін): егер Жазылушылар опциясын таңдап, пікірлерді қосып қойсаңыз, жазбаларыңызға тек сізге TikTok-та жазылған адамдар ғана пікір жаза алады.
• Достар (өзара жазылған жазылушылар үшін): егер Достар опциясын таңдап, пікірлерді қосып қойсаңыз, пікірлеріңізге тек сіз өзара жазылған жазылушылар пікір жаза алады.
• Ешкім: егер Ешкім опциясын таңдасаңыз, құпиялық параметрлерінде пікірлер барлық қолданыстағы бейнелер үшін өшіріледі.Яғни пікірлерді өшіру үшін әр бейнеге бөлек өтудің қажеті жоқ.
Жазбаларыңызда кім пікір жаза алатынын таңдау үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
4. «Пікірлерге рұқсат ету» түймесін түртіп, кімнің пікір жазуына рұқсат еткіңіз келетінін таңдаңыз.«Барлығы» (тек жария аккаунттар үшін), «Жазылушылар» (тек жеке аккаунттар үшін), «Достар» (сіз өзара жазылған аккаунттар) немесе «Ешкім» опциясын таңдауға болады.
Сондай-ақ жекелеген жазбада пікір параметрлерін басқара аласыз.
Жазбаны жарияламас бұрын:
Бейнені жариялау алдындағы соңғы қадамда басқа адамдардың осы бейнеңізге пікір жазу мүмкіндігін таңдауға болады.
1. TikTok қолданбасында жазба жасаңыз.
2. «Жариялау» экранында «Қосымша опциялар …» түймесін түртіңіз.
3. «Пікірлерге рұқсат ету» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Бұрыннан бар жазба үшін:
1. TikTok қолданбасында басқарғыңыз келетін жазбаға өтіңіз.Жазбаларыңыз профиліңізде орналасқан.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз.
3. Төменгі жақтағы «Құпиялық параметрлері» түймесін түртіңіз.Оны табу үшін жанап өту қажет болуы мүмкін.
4. «Пікірлерге рұқсат ету» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Ескертпе: 18 жасқа толмаған болсаңыз, пікір параметрлеріңіз туралы қосымша мәліметтер алу үшін 18 жасқа толмаған пайдаланушылардың құпиялық және қауіпсіздік параметрлерін қарап шығыңыз.
TikTok жазбаларыңызда пікір сүзгілерін қалай қосуға болады
Пікір сүзгілері TikTok қолданысын толығырақ басқаруға мүмкіндік береді.Пікірлерге түрлі сүзгілерді қолдануға болады, мысалы, спамды сүзгілеу, кілтсөздері бар пікірлерді сүзгілеу және орынсыз немесе кемсітетін пікірлерді сүзгілеу (Авторға қамқорлық режимі).Сүзгі қолданылған пікірлерді параметрлер бөлімінен тексеруге және оларды мақұлдауға немесе жоюға болады.
Бейнелеріңіздегі барлық пікірді сүзіп алу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
4. «Пікір сүзгілері» бөлімінде «Барлық пікірді сүзгілеу» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.Егер «Барлық пікірді сүзгілеу» параметрі қосулы болса, бейнелеріңіздегі пікірлер мақұлданбайынша жасырылады.
Ескертпе: бұл мүмкіндік әзірге кейбір адамдарға қолжетімді емес.
Авторға қамқорлық режимін қосу немесе өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
5. «Авторға қамқорлық режимі» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.Егер «Авторға қамқорлық режимі» параметрін қоссаңыз, орынсыз, кемсітетін немесе балағат сөздері бар пікірлер, сондай-ақ бұрын шағым түскен, жойылған немесе дизлайк қойылған пікірлер сіз оларды мақұлдамайынша жасырылады.
Спам мен кемсітетін пікірлерді сүзгілеу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
4. «Пікір сүзгілері» бөлімінде «Жағымсыз пікірлерді сүзгілеу» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.Егер «Жағымсыз пікірлерді сүзгілеу» параметрін қоссаңыз, кемсітетін немесе спам болуы мүмкін пікірлер мақұлданбайынша жасырылады.
Пікірлерді кілтсөздер бойынша сүзгілеу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
4. «Пікір сүзгілері» бөліміндегі «Пікірлердегі кілтсөздерді сүзгілеу» түймесін түртіңіз.
5. «Белгілі бір кілтсөздерді сүзгілеу» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.Егер бұл параметрді қоссаңыз, «Кілтсөздерді қосу» түймесін түртіп, сүзгілеу қажет кілтсөздерді енгізіңіз.Бейнелеріңіздегі осы кілтсөздерді қамтитын пікірлер мақұлданбайынша жасырылады.
Сүзгі қолданылған пікірлерді тексеру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін, содан кейін «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
4. «Сүзгі қолданылған пікірлерді тексеру» түймесін түртіңіз.
5. Тексергіңіз келген пікірдің астындағы «Мақұлдау» немесе «Жою» түймесін түртіңіз.
Сүзгі қолданылған пікірлерді қалай тексеруге болады
Сүзгі қолданылған пікірлерді тексеру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Құпиялық» түймесін түртіңіз.
4. «Пікірлер» түймесін түртіңіз.
5. «Сүзгі қолданылған пікірлерді тексеру» түймесін түртіңіз.
6. Тексергіңіз келген пікірдің астындағы «Мақұлдау» немесе «Жою» түймесін түртіңіз.Басқа пайдаланушылар өз жазбаларында сіз жазған пікірлерді жойып тастай алатынын есіңізде сақтаңыз.