Коммерциялық контент жинағы

Бөлімге өту


Коммерциялық контент жинағы деген не?Коммерциялық контент жинағына қалай кіруге боладыЖарнамалар жинағында қандай ақпарат бар?Басқа коммерциялық контент жинағында қандай ақпарат бар?





Коммерциялық контент жинағы деген не?


TikTok желісінің Коммерциялық контент жинағы (ККЖ) — жарнамалар мен TikTok платформасында жарияланатын басқа коммерциялық контент түрлерінің қоймасы.

ККЖ ішінде екі негізгі ішкі жинақ бар:
Жарнамалар жинағы: бұл жинақта адамдарға көрсетуіміз үшін бізге ақы төленетін жарнамалар, соның ішінде қазір активті емес немесе жарнама берушілер кідіртіп қойған жарнамалар ұсынылады.
Басқа коммерциялық контент: бұл жинақта көрсеткеніміз үшін бізге ақша төленбейтін контент, соның ішінде брендті, өнімді немесе қызметті жарнамалайтын контент ұсынылады.

Ескертпе: ККЖ әзірге Еуропалық экономикалық аймақтағы (ЕЭА), Швейцариядағы және Ұлыбританиядағы пайдаланушыларға қолжетімді жарнамалар туралы ақпаратты қамтиды.




Коммерциялық контент жинағына қалай кіруге болады


Жарнамалар мен жарнамалық жазбаларға library.tiktok.com веб-сайтындағы Жарнамалар жинағы және басқа коммерциялық контент жинағы арқылы кіре аласыз.Жинақтарды адамдардың барлығы пайдалана алады, сондай-ақ оған кіру, оны іздеу немесе пайдалану үшін TikTok аккаунтының қажеті жоқ.




Жарнамалар жинағында қандай ақпарат бар?


Жарнамалар жинағында төмендегі жарнамалар қолжетімді:
• Кемінде бір көрілімі бар кез келген жарнама (мұндай жарнамалар соңғы көрілімнен кейін жинақта бір жыл сақталады).
• 2022 жылдың 1 қазанында немесе одан кейін жарияланған кез келген жарнама.
• ЕЭА, Швейцария немесе Ұлыбританиядағы пайдаланушыларға бағытталған кез келген жарнама.

Жарнаманың алғашқы көрілімінен бастап немесе жарнамаға немесе науқанға өзгеріс енгізілгеннен кейін, жарнаманың ККЖ жинағында пайда болуы үшін 24 сағат қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Жарнаманы таңдағаннан кейін, жарнама туралы мәліметтер бетіне өтуіңізге болады. Онда мынадай ақпарат қолжетімді:
Жарнама беруші: жарнама берушінің аты.Бар болса, расталған TikTok аккаунтының сілтемесі де көрсетілуі мүмкін.Заңды тұлғаның жалпыға мәлім атауы мен TikTok платформасына тіркелген атауы әртүрлі бола алатынын ескеріңіз.
Жарнаманы төлеуші: жарнама үшін төлеген адам немесе агенттік сияқты ұйым (егер жарнама берушінің өзі төлемеген болса).
Жарнама берушінің тіркелген орны: жарнама берушінің немесе компанияның тіркелген орны.
Алғашқы көрсетілім: жарнама алғаш рет көрсетілген күн.
Соңғы көрсетілім: жарнама соңғы рет көрсетілген күн.
Бірегей көрушілер саны: жарнаманы кемінде бір рет көрген бірегей пайдаланушылар санының болжалды диапазоны.
Таргетинг бойынша қорытынды ақпарат: мақсатты аудиторияға сәйкес келетін пайдаланушылар санының болжамы, сондай-ақ жасы, жынысы, орналасқан жері немесе қызығушылығы сияқты мақсатты аудиторияны анықтау үшін пайдаланылатын шарттар.
Орналасқан жер: жарнама көрсетілген елдер және ел ішінде жарнаманы кемінде бір рет көрген бірегей пайдаланушылар саны.

Ескертпе: кейбір жарнамаларда шарттарымызды бұзғаны үшін «жойылған» деген белгі көрсетілуі мүмкін.Бұндай жарнамаларды көре алмайсыз, бірақ жарнаманы кемінде бір рет көрген бірегей пайдаланушылар саны немесе таргетинг бойынша қорытынды ақпарат сияқты жоғарыда аталған кей жарнама мәліметтерін сонда да көре аласыз.


Жарнамалар жинағында іздеу жолы

1. «ККЖ» бөліміне өтіңіз.
2. Беттің жоғарғы жағындағы «Жарнамалар жинағы» опциясын түртіңіз.
3. «Жарнаманың мақсатты елі», «Жарнама түрі» және «Жарнама жарияланған күн» опцияларының ішінен қалаған біреуін таңдаңыз.Нақты бір кілтсөздері бар немесе белгілі бір жарнама беруші жариялаған жарнамаларды табу үшін жарнама берушінің атын немесе кілтсөзді енгізіңіз.
4. «Іздеу» түймесін басыңыз.

Іздеу нәтижелерінде кілтсөзді немесе іздеу шартына сәйкес келген жарнама берушінің атын қамтитын жарнамалар көрсетіледі.Нәтижелерді аудитория көлемі, соңғы рет көрсетілген күні және жарияланған күні бойынша сұрыптауға болады.




Басқа коммерциялық контент жинағында қандай ақпарат бар?


Басқа коммерциялық контент жинағында мынадай контент қолжетімді:
Брендті, өнімді немесе қызметті жарнамалайтын және көрсеткені үшін TikTok желісіне ақы төленбейтін кез келген контент.
• Өз контенттерін жариялаған кезде авторларға қолжетімді болатын контентті мәлім ету параметрі арқылы анықталған кез келген контент.
• Автордың аккаунтында жария болып, кемінде бір рет қаралған қолданыстағы кез келген контент.

Контентті іздеп болған соң, жазба туралы мынадай қосымша ақпаратты көре аласыз:
Пайдаланушы аты: автордың пайдаланушы аты.
Бренд атауы: автор өз контентінің демеушісі (қатысты болса) ретінде белгілеген бренд.
Жарияланған күн: контент жарияланған және барлық пайдаланушыға көрінген күн.
Бейне көрілімдері: контенттің қаралу саны.

Басқа коммерциялық контент жинағы туралы мыналарды білген жөн:
• Жинақта автор контентті мәлім ету параметрі арқылы коммерциялық деп мәлім еткен контент қана болады.
• Кей авторлардың жинақтағы контенті TikTok профильдерінде көрсетілген контенттен артық болуы мүмкін.Бұл жағдай автор бейнені профилінен алып тастағанда немесе оны жеке етіп ауыстырғанда, бірақ ол жинақта әлі де қолжетімді болғанда орын алады.
• Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр контент автор жойған соң немесе жеке болып ауыстырылған соң бір жыл бойы жинақта қолжетімді болып қала береді.


Басқа коммерциялық контент жинағынан іздеу жолы

1. «ККЖ» бөліміне өтіңіз.
2. Беттің жоғарғы жағындағы «Басқа коммерциялық контент» опциясын басыңыз.
3. «Автордың елі» мен «Жарияланған күн» опцияларының қалағанын таңдаңыз.Белгілі бір автор жариялаған контентті табу үшін автордың пайдаланушы атын жазыңыз.
4. «Іздеу» түймесін басыңыз.Нәтижелерді бейне көрілімдері мен жарияланған күні бойынша сұрыптауға болады.

Бұл сізге көмектесті ме?