Бөлімге өту
Авторлардың мінез-құлық кодексі дегеніміз не? • TikTok аккаунтыңызда ереже бұзылған болса, оған бірдеңе бола ма? • Аккаунтыңызға шектеу қойылған жағдайда қалай апелляция беруге болады
Авторлардың мінез-құлық кодексі дегеніміз не?
Авторлардың мінез-құлық кодексінде TikTok-тағы жарнамалық және монетизация бағдарламаларына қатысу үшін TikTok-тағы авторлар ұстануы қажет мінез-құлық стандарттары белгіленген.Біз авторлардан платформада және одан тыс жерлерде басқаларының қауіпсіздігіне немесе платформаның бүтіндігіне қауіп төндірмеу үшін өзін орынды ұстайды деп күтеміз.Барлық авторлар Қауымдастық ережелерімен, Қызмет көрсету шарттарымен және монетизация өнімдеріне (мысалы, TikTok Shop, Авторлар марапаттары бағдарламасы және TikTok тікелей эфирі) қатысты кез келген саясаттармен қатар Авторлардың мінез-құлық кодексін де ұстануы тиіс.
Авторлардың мінез-құлық кодексі туралы толық ақпаратты Авторлар академиясынан алыңыз.
TikTok аккаунтыңызда ереже бұзылған болса, оған бірдеңе бола ма?
Егер авторлардың мінез-құлық кодексін бұзған болсаңыз, сізге ол туралы хабарлаймыз және аккаунтыңызға шектеу қоюымыз мүмкін.Бұл шешімді қате деп ойласаңыз, апелляция бере аласыз.
Ереже бұзушылықтың ауырлық деңгейіне қарай түрлі шектеулер қолданылады, мысалы, авторларға арналған бағдарламаларға қатысу және бұл бағдарламалардағы басқа монетизация әрекеттері белгілі бір уақытқа немесе біржолата бұғатталуы мүмкін.
Сізге қайтадан ереже бұзуға жол бермеу үшін аккаунтыңыз тексеріліп болғанша, авторларға арналған кейбір мүмкіндіктерге уақытша қол жеткізе алмайтыныңызды ескеріңіз.
Аккаунтыңызға шектеу қойылған жағдайда қалай апелляция беруге болады
Егер аккаунтыңызға шектеу қате қойылды деп санасаңыз, ереже бұзушылық туралы келген хабарландыру арқылы бұл шешімге қарсы апелляция бере аласыз.Сондай-ақ бізге қолданба арқылы хабарласуыңызға болады.
Апелляция жіберу үшін:
1. TikTok қолданбасында «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. «Жүйе хабарландырулары» түймесін түртіңіз.
3. «Аккаунт жаңартулары» түймесін түртіңіз.Бетті айналдыруыңыз керек болуы мүмкін.
4. Аккаунтқа шектеу қойылғаны туралы хабарландыруды түртіңіз.
5. Экранның жоғарғы жағындағы «Апелляция» түймесін басып, апелляция жіберу үшін қадамдарды орындаңыз.
TikTok-та ереже бұзатын контент және мұндай контентті бұғаттау туралы толық ақпарат алыңыз.