Авторлық құқық

Бөлімге өту


Авторлық құқық деген не?  •  Авторлық құқықты қалай алуға болады?  •  Контентті TikTok-қа авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз жариялауға бола ма?  •  TikTok-та авторлық құқығыңыз бұзылса не істеу керек?  •  TikTok-та авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағым түскеннен кейін не болады?  •  Контент авторлық құқықты бұзды деген себеппен қателікпен жойылса не істеуге болады?  •  TikTok-та авторлық құқықты бұзу жағдайларын жинап барып бір ескерту жасау жүйесі бар ма?  •  Контентіңіз авторлық құқықты бұзбауы үшін не істеу керек? 






Авторлық құқық деген не?


Авторлық құқық — автордың бейне және музыка сияқты түпнұсқа туындылары бойынша құқықтарын қорғаудың заңды құралы. Авторлық құқық туындылардың негізінде жатқан идеялар мен деректерді емес, идеялардың түпнұсқасын көрсетілуін (мысалы, бейнелер мен музыканы жасаудың немесе жобалаудың белгілі бір тәсілі арқылы) қорғайды.






Авторлық құқықты қалай алуға болады?


Түпнұсқа туынды жасап шығарсаңыз, әдетте авторлық құқықты автоматты түрде аласыз.

Авторлық құқық тек түпнұсқа көрсетілімдерге ғана беріледі. Ол идеяларды, процедураларды, жұмыс әдістерін және математикалық тұжырымдамаларды қамтымайды. Мысалы, бір адам белгілі бір фильмнің (бірақ оның астарындағы оқиғаның немесе фильмде қамтылған тақырыптардың емес) авторлық құқығының иесі болуы мүмкін.

Әдетте, авторлық құқықты алу үшін жасалған жұмысыңызды тіркеудің қажеті жоқ. Дегенмен, кейбір юрисдикцияларда тіркеу заңды дауларды шешуді оңайлатады.






Контентті TikTok-қа авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз жариялауға бола ма?


«Қызмет көрсету шарттары» мен «Қауымдастық ережелері» бойынша басқалардың авторлық құқығын, тауар белгісін немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын кез келген материалды жариялауға, бөлісуге немесе беруге тыйым салынады. Бұл тыйым басқа тұлғаға тиесілі авторлық құқықпен қорғалған контентті тиісті рұқсатсыз немесе заңды негізсіз пайдалануды қамтиды.

Белгілі бір жағдайларда контентті авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға заңды негізіңіз болуы мүмкін. Бұған әділ пайдалану және авторлық құқықпен қорғалған материалды цитата келтіру, сынау және/немесе шолу сияқты авторлық құқықтың күші жүрмейтін ерекше жағдайлар кіреді.






TikTok-та авторлық құқығыңыз бұзылса не істеу керек?


TikTok пайдаланушысы сіздің авторлық құқығыңызды бұзды деп ойласаңыз, мәселені шешу үшін олармен тікелей байланыса аласыз. Сондай-ақ, TikTok платформасынан құқықты бұзу күдігі бар контентті алып тастауды талап етуге арналған Авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағымдануға мүмкіндігіңіз бар.

TikTok-та зияткерлік меншік құқығының бұзылғаны туралы шағымдану үшін:
1. TikTok қолданбасында хабарлағыңыз келетін бейненің бүйіріндегі
«Бөлісу» түймесін басыңыз.
2.
«Шағымдану» түймесін басыңыз.
3.
«Зияткерлік меншік құқық бұзушылығы» тармағын таңдаңыз.
4.
«Авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағымдану» түймесін басып, нұсқауларды орындаңыз.

TikTok-та авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағымдану үшін онлайн форманы да пайдалануға болады.

Есте сақтаңыз:
•  Шағымданған кезде толық және нақты ақпарат беруіңіз керек, әйтпесе шағымыңыз қабылданбауы мүмкін.
•  Авторлық құқық бойынша шағым беру үшін авторлық құқық иесі немесе уәкілетті өкіл болуыңыз керек. Шағымда сіздің меншік иесі немесе уәкілетті өкіл екеніңізді дәлелдейтін құжаттар болуы керек.
•  Егер сіз саналы түрде жалған немесе ойдан шығарылған шағым жасасаңыз, сіз тиісті елдердің заңдары бойынша келтірілген залал үшін жауапты болуыңыз мүмкін.

Біздің онлайн формамызды пайдаланып, жарнамадағы авторлық құқықтың бұзылуы туралы хабарлауға болады.

Сіз TikTok Shop дүкеніндегі авторлық құқықтың бұзылуы туралы біздің онлайн формамыз арқылы хабарлай аласыз.






TikTok-та авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағым түскеннен кейін не болады?


Авторлық құқықтың бұзылуына қатысты барлық шағымдарды зияткерлік меншік жөніндегі мамандар тобы қарастырады. Біз шағымда зерттеу жұмысына қажет барлық ақпараттың бар екенін және оны шынымен авторлық құқық иесі немесе оның уәкілетті өкілі бергенін тексереміз. Біз сізден жетіспейтін ақпаратты беруіңізді сұрауымыз мүмкін. Кешігулердің алдын алу үшін мұндай сұрауға дереу жауап бергеніңіз жөн болады.

Егер біз Зияткерлік меншік саясатының бұзылғанын анықтасақ, онда аталмыш контент платформадан жойылады. Біз шағымданушыны да, шағымға себепші пайдаланушыны да қабылданған шара туралы хабардар етеміз.






Контент авторлық құқықты бұзды деген себеппен қателікпен жойылса не істеуге болады?


Контент авторлық құқықты бұзғаны үшін жойылса, сізге қолданба арқылы хабарлама келеді. Контент қателікпен жойылды деп ойласаңыз және оны пайдалануға рұқсатыңыз немесе құқығыңыз болса, TikTok қолданбасы арқылы шағымдануға болады. Сонымен қатар Дауласу формасын толтыру арқылы апелляция беруге болады. Сізден барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде байланыс деректерін және шағымыңызды растау үшін дәлел талап етіледі, әйтпесе апелляцияңыз қабылданбауы мүмкін.

Төменде дәлелді себептер болмаса, әдетте қабылданбайтын апелляция себептері берілген:
•  Бүкіл жұмыс емес, оның аз ғана бөлігі біреуден көшіріп алынған.
•  Ұқсас контентті жариялаған басқа пайдаланушылар бар.
•  Сіз контентке авторлық құқықты талап етпейсіз.
•  Сіз контентті рұқсатсыз жариялауға болмайтынын білмедіңіз.
•  Контентті жариялау сөз бостандығы құқығымен қорғалған.

Апелляция мақұлданса, біз контентті қалпына келтіреміз.






TikTok-та авторлық құқықты бұзу жағдайларын жинап барып бір ескерту жасау жүйесі бар ма?


Иә. TikTok-тың қайталанатын ереже бұзу саясатына сәйкес, біз авторлық құқықты бұзғаны үшін контенті жойылған пайдаланушыларға ескерту жасаймыз. Аккаунтты біржола жоймас бұрын зияткерлік меншік құқығын бұзудың әрбір түріне 3-ке дейін ескерту жасалады. Авторлық құқықты бұзу мен тауар белгісіне қатысты ережені бұзу жағдайлары бөлек есептеледі. Мысалы, сіз 2 авторлық құқық және 2 тауар белгісі туралы ескерту алсаңыз, аккаунтыңыз бұғатталмайды. Бірақ авторлық құқықты бұзу туралы 3 ескерту және тауар белгісі ережесін бұзу туралы 1 ескерту алсаңыз, аккаунтыңыз бұғатталатын болады.

Ескертулер санына қарамастан, бізде Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін кез келген аккаунтты дереу жою құқығы бар екенін ескеріңіз.

90 күннен кейін ескертулер жойылады. Сонымен қатар, авторлық құқыққа қатысты шағым кері қайтарылып алынса немесе апелляцияңыз мақұлданса, ескертуді алып тастай аламыз.






Контентіңіз авторлық құқықты бұзбауы үшін не істеу керек?


TikTok-та тек ұқсасы жоқ түпнұсқа контентті ғана жариялаңыз. Егер сіз біреудің контентін пайдаланғыңыз келсе, алдымен сол адамның рұқсатын алғаныңыз дұрыс.

Белгілі бір жағдайларда контентті авторлық құқыққа ие тұлғаның рұқсатынсыз пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Мысалы, егер контент жалпыға қолжетімді болса немесе оны басқа заңды негізде пайдалануға рұқсат етілсе.

Ережені білмеу авторлық құқықты бұзу жауапкершілігінен босатпайтынын есте сақтаңыз.



Бұл сізге көмектесті ме?