Егер TikTok стикерлері бөліміндегі стикер Қауымдастық ережелерін бұзды деп ойласаңыз, ол туралы бізге хабарлаңыз. 
TikTok стикеріне шағымдану үшін: 
1. Шағымданғыңыз келген стикерлер жиынына өтіңіз. 
2. Жоғарғы жақтағы «Шағымдану» түймесін басып, берілген нұсқауларды орындаңыз. 
3. Себепті таңдап, «Жіберу» түймесін басыңыз. 
TikTok-тағы контентке шағымдану үшін онлайн форманы да пайдалануға болады.