TikTok 13 жасқа толмағандар үшін пайдалану нұсқаулары

Бөлімге өту


13 жасқа толмағандардың TikTok платформасын пайдалануы  •  13 жасқа толмаған пайдаланушылар TikTok-та не істей алады?  •  Қалай кері байланыс жіберуге болады  •  Аккаунтыңызды қалай жоюға болады 






13 жасқа толмағандардың TikTok платформасын пайдалануы


TikTok 13 жастағы және одан асқан (немесе Құпиялылық саясаты және Қызмет көрсету шарттары бөлімдерінде көрсетілген кейбір аймақтардағы басқа жастардағы) жасөспірімдер үшін қолжетімді. Алайда, егер сіз АҚШ-та болсаңыз және жасыңыз 13 жасқа толмаған болса, бізде жасөспірімдерге арналған бөлек TikTok тәжірибесі бар. 13 жасқа толмаған әркім TikTok платформасына тіркелу үшін туған күнін енгізген кезде, оларға жас бойынша реттелемелер атоматты түрде қолданылады.






13 жасқа толмағандар TikTok-та не істей алады?


13 жасқа толмаған әркім TikTok-та:
•  Ұсыныстар лентасын көре алады
•  Өзекті лентасын көре алады
•  Жазбаларға лайк қоя алады
•  Жазбаларға шағымдана алады
•  Құрылғыңызға сақталатын бейнелерді жасай алады

13 жасқа толмаған болсаңыз, мына нәрселерді есте сақтаңыз:
•  Аккаунтыңыз автоматты түрде жеке болады.
•  Сіз бейне жасай аласыз, алайда оларды жариялай алмайсыз. Сіз жасайтын кез келген бейне аккаунтыңызда шимай жазба болып сақталғанның орнына, құрылғыңызға сақталады.
•  Біз тек көру үшін қолжетімді «Ұсыныстар» және «Қызықты» ленталары үшін көрермен жасына сәйкес келетін және танымал бейнелерді іріктеу үшін Common Sense Networks компаниясымен бірге қызмет істейміз.






Сын-пікірді қалай жіберуге болады


13 жасқа толмаған болсаңыз, бізге хабарласу үшін:
1. TikTok қолданбасында төменгі оң жақ бұрыштағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Параметрлер және құпиялылық бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Қосымша опциялар» … түймесін түртіңіз.
3. «Мәселеге шағымдану» түймесін түртіңіз.
4. Сын-пікіріңізді жіберу үшін тақырыпты таңдап, нұсқаулықтарды орындаңыз.






Аккаунтыңызды қалай жоюға болады


13 жасқа толмаған болсаңыз, аккаунтыңызды жою үшін:
1. TikTok қолданбасында төменгі оң жақ бұрыштағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Параметрлер және құпиялылық бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Қосымша опциялар» … түймесін түртіңіз.
3. «Аккаунтты басқару» түймесін түртіңіз.
4. «Аккаунтты жою» опциясын таңдаңыз.



Бұл сізге көмектесті ме?