TikTok тікелей эфирінің жас талаптары

Бөлімге өту


TikTok қолданбасында эфирлерді өткізуге арналған жас талаптары қандай?Эфирге шығу үшін жасыңызды қалай растауға боладыЖасыңызды растау үшін жіберілген ақпарат қалай пайдаланыладыЖасыңызды растайтын болсаңыз, сіз туралы ақпарат қалай сақталадыАқпаратыңызды қалай бөлісеміз




TikTok қолданбасында эфирлерді өткізуге арналған жас талаптары қандай?


Тікелей эфирге шығу үшін 18 жастан асқан болуыңыз керек.Эфир авторлары біздің ең төменгі жас талаптарымызға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін біз сізден эфирге шықпас бұрын жасыңызды растауыңызды сұруымыз мүмкін.Эфир саясаттары туралы Қауымдастық ережелері бөлімінен толығырақ білуге болады.

Біз расталған жасыңызға сүйене отырып, эфирге шығу талаптарына сай не сай емес екендігіңізді анықтаймыз:
• 18 жасқа толғаныңызды растай алсақ, эфирге шыға аласыз.
• Жасыңызды растай алмасақ, эфирге шыға алмайсыз.
• Егер 18 жасқа толмағандығыңызды растайтын болсақ, ең төменгі жас талабына сай келмегендіктен, TikTok платформасындағы эфирді немесе басқа да мүмкіндіктерді пайдалана алмайсыз.
• Егер 13 жастан кіші екеніңізді растасақ, аккаунтыңыз TikTok платформасының ең төменгі жас шегінен төмен болғандықтан жойылады.

Ескертпе: орналасқан жеріңіз немесе бұрын жасаған жасыңызды растау әрекеттері сияқты факторларға байланысты жасыңызды растауды сұрамауымыз да мүмкін.




Эфирге шығу үшін жасыңызды қалай растауға болады


Тікелей эфирді бастағанда, 18 жастан асқаныңызды растау үшін берілген нұсқауларды орындаңыз.Орналасқан жеріңізге байланысты оны келесі әдістердің бірімен растай аласыз:

Жеке куәлік және селфи

Жасыңызды жеке куәлік пен селфи арқылы растау үшін мыналарды жіберуіңіз қажет:
• мемлекеттік үлгідегі жеке куәлігіңіздің фотосурет(тер)і;
• шын адам екеніңізді растайтын, үш түрлі ракурстан түсірілген 3 селфи.


Жеке куәлікті ұстап түскен селфи

Жеке куәлікпен бірге жасалған селфимен Incode арқылы жасыңызды растау үшін мыналарды жіберуіңіз керек:
• мемлекеттік үлгідегі жеке куәлігіңіздің фотосурет(тер)і;
• нақты уақытта түсірілген селфи;
• Incode Пайдалану шарттары мен Құпиялық саясатына келісім.

Incode қызметін пайдалану туралы мына нәрселерді білген жөн:
• Сіздің сенімді серіктесіміз Incode сіз жіберген ақпаратты жасыңызды растау үшін пайдаланады.Жасыңызды растау үшін жіберген деректеріңізді кез келген уақытты жоя аласыз.Деректерді жою үшін Incode компаниясына хабарласып, сұрау жіберіңіз.
• Сұрауды жібермес бұрын, жеке куәлігіңізді дайындап қойғаныңыз жөн.Жасыңызды растауға 15 минут беріледі.Егер Incode қызметінен жасыңызды растамастан шықсаңыз, бұл әдісті қайтадан пайдалану үшін 15 минут күтуіңіз қажет болады.
• Incode жеке басыңызды тексеріп, жасыңызды растағаннан кейін, TikTok-қа туған күніңізді айту қажет болады.Егер бұл ақпаратты беруден бас тартсаңыз, жасыңызды растай алмаймыз, себебі Incode туған күніңіз туралы ақпаратты жібере алмайды.Incode немесе басқа әдіс арқылы әрекетті қайталап көрсеңіз болады.



Несие картасымен растау
Несие картасымен авторизациялану арқылы жасыңызды растау үшін сізге банк картасының деректерін беру қажет болады.Картаңыздан аз сома алынады, содан кейін кері қайтарылады.Сізден алынған кез келген төлем кері қайтарылады.



Бет әлпеті арқылы жасты болжау
Бет әлпеті арқылы жасты бағалау әдісімен жасыңызды растау үшін селфиіңізді жіберуіңіз керек.Біз оны үшінші тараптың тиісті қызмет провайдеріне жібереміз.Бұл қызмет провайдері селфидегі бет бейнесінің сипаттамаларынан жасты анықтау үшін өз технологиясын пайдаланады.Талдау аяқталғаннан кейін, қызмет провайдері нәтижелерді бізге жібереді және сіздің селфиіңізді жояды.

Бет әлпеті арқылы жасты бағалау әдісімен жасыңызды растау үшін келесі деректерді ұсынуыңыз тиіс:
• Нақты уақытта түсірілген селфи.Бұл мақсат үшін фотоальбомнан бұрын түсірілген селфиді жіберуге болмайды.
• Бетіңізді экрандағы жақтаудың ішіне алып селфи түсіріңіз.Бас киім сияқты көлеңке түсіретін кез келген нәрсені алып тастаңыз.Көзілдірігіңізді шешпей-ақ қоюға болады.

Қажетті ақпаратты жібергеннен кейін, сізге нәтижесін хабарлаймыз.




Жасыңызды растау үшін жіберілген ақпарат қалай пайдаланылады


Құпиялық саясатымызда көрсетілгендей қауымдастықтың қауіпсіздігін сақтауға және қызметтерімізді теріс пайдаланудың алдын алуға заңды түрде мүдделі болғандықтан, тікелей эфирге рұқсат беру-бермеу туралы шешім қабылдау мақсатында жасыңызды растау үшін кейбір ақпаратты беруіңізді сұраймыз.Туған күнді растау үшін таңдаған әдісіңізге қарай бізге әртүрлі ақпарат қажет болады.

Есіңізде болсын:
• Егер жасыңыздың 18-де екені немесе одан асатыны расталса, біз сіздің аккаунтыңыздағы туған күнді жаңартамыз.
• Егер жасыңыздың 18-ден аспайтыны расталса, біз сіз берген ақпаратқа байланысты туған күніңізді жаңарта аламыз.Туған күніңіз TikTok-та басқа ешкімге көрінбейді.
• Сіз жіберген ақпаратты тек жасыңызды растау және шешімімізді хабарлау үшін пайдаланамыз.Мысалы, фотосуреттерді жүктеуді таңдасаңыз, олар сіздің TikTok профиліңізде немесе TikTok-тың кез келген жерінде пайда болмайды.




Жасыңызды растайтын болсаңыз, сіз берген ақпарат қалай сақталады


Жас растау процесі аяқталған кезде, селфилеріңіз бен жеке куәлігіңізді ұстап түскен фотосуреттеріңізді қоса біз сіз берген мәліметтерді жоюды бастаймыз.13 жасқа толмағаныңызды растасақ, аккаунтыңыз жасты растау шешімінен кейін 120-шы күні (немесе Еуропалық экономикалық аймақта (ЕЭА) болсаңыз, 187-ші күні немесе АҚШ-та болсаңыз, 30-шы күні) жойылады және сол күні барлық деректеріңіз жойыла бастайды.Кәмелетке толмағандардың TikTok-қа апелляция жіберуі және деректерді қалай жүктеп алуға болатыны туралы толығырақ біліңіз.

Егер 13 жаста немесе одан асқан екеніңізді растасақ:
• Сізде TikTok аккаунты болған кезде, біз сіздің туған күніңіздің жазбасын, жасыңыз туралы сіз жіберген ақпараттың растамасын, жасыңызды қалай растағаныңызды және нәтижені сақтаймыз.
• Егер жіберілген болса, жеке куәлігіңіздің көшірмесін сақтамаймыз, бірақ қызмет провайдері орындайтын жеке куәліктің түпнұсқалығын тексеруге қатысты ақпаратты сақтайтын боламыз.Мысалы, бірінші растау әрекеті мақұлданбаған жағдайда және қызмет провайдері бізге аутентификация нәтижесін жіберген кезде жеке куәлігіңіздің қаралу саны.
• Сіз TikTok аккаунтын пайдалану құқығынан айырылған кезде, жоғарыда аталған деректердің барлығы (сіздің қалған деректеріңізбен бірге) жоюға жіберіледі.
• Жасты растау күйі мен мәліметтерін бақылауға мүмкіндік беретін жазба жасаймыз.Бұл жазба 90 күн сақталады, содан кейін біз оны жоямыз.




Ақпаратыңызды қалай бөлісеміз


Біз сіз берген туған күн туралы деректерді мердігерлерімізге бере аламыз, бұл жеке куәліктердің түпнұсқалығын анықтауға, селфи арқылы жасты анықтауға немесе таңдалған мердігерлерімізге несиелік картаны тексеру операцияларын жүргізуге көмектеседі.Деректер жасты растау процесіне қатыспайтын үшінші тараптарға берілмейді.

Бұл сізге көмектесті ме?