Қорлау туралы хабарлау

TikTok-тағы біздің мақсатымыз — қауіпсіз және жайлы қауымдастық құру.Біз қудалайтын, кемсітетін немесе қорлайтын сөздерге және мінез-құлыққа тыйым саламыз, оған қоса зорлық-зомбылық қауіптерін, ғадауат тілін, жыныстық эксплуатацияны, доксингті және біздің саясаттарымызды бұзатын басқа да қудалау формаларын қамтитын контентті жоямыз.


Біз балалар үшін қорлауға ұшыраудың қаншалықты зиянды екенін түсінеміз.Егер TikTok-та 18 жасқа толмаған адамды қорлайтын қандай да контентке тап болсаңыз, бізге мына веб-форма арқылы шағым жіберіңіз. Біз зерттеу үшін қажет қосымша мәліметтерді жинап, белгілі бір уақыт кезеңдерінде сізге SMS немесе электрондық пошта арқылы хабар жіберіп тұрамыз.Мұндай хабарларда біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзатын контентті жою бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымыз көрсетіледі.


Егер TikTok-та қорлаудың қандай да бір формасын қамтитын контентке тап болсаңыз, жалпы шағымдану опциялары арқылы бізге шағым жіберіңіз.
Қорлаудың алдын алу және ереже бұзушылықтар туралы шағымдану жолы туралы қосымша мәліметті Қауіпсіздік орталығынан қараңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?