Бөлімге өту
Аккаунтыңыз ұсынылуы үшін талаптарға сай болмаса не болады? • Жарамсыз аккаунт бойынша апелляция беру жолы
Аккаунтыңыз ұсынылуы үшін талаптарға сай болмаса не болады?
TikTok-та барлығына қауіпсіз әрі жайлы пайдалану ортасын құрғымыз келеді. Сондықтан «Ұсыныстар» лентасында орынсыз контентті жасырып, мұндай контент жариялайтын аккаунттардың табылуын қиындатуымыз мүмкін.
Егер «Ұсыныстар» лентасында орынсыз контентті қайта-қайта жарияласаңыз, бұл лентада аккаунтыңыз бен жазбаларыңыз көрсетілмейді және оларды іздеп табу қиынға соғатын болады.
Аккаунтыңыздағы контент «Ұсыныстар» лентасына қаншалықты сәйкес келмейтініне байланысты біз кез келген уақытта аккаунтыңызды автоматты түрде қалпына келтіре аламыз. Болмаса, аппеляция жібере аласыз.
Жарамсыз аккаунт бойынша апелляция беру жолы
Егер аккаунтыңыз ұсынылуы үшін талаптарға сай болмай қалса, сізге қандай контент белгіленгені және не үшін белгіленгені түсіндірілген хабарландыруды кіріс жәшігіңізге не профиліңізге жібереміз.
Егер біз аккаунтыңызды немесе контентіңізді ұсынылуы үшін жарамсыз ету бойынша қателік жібердік деп ойласаңыз, апелляция жібере аласыз.
Апелляция жіберу үшін:
Кіріс жәшігі
1. TikTok қолданбасында төменгі жақтағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Аккаунтыңыздың ұсынылуы үшін талаптарға сай емес екені туралы хабарландыруды түртіңіз.
3. Толығырақ мәлімет түймесін түртіңіз.
4. Талаптарға сай емес бейнелерді қарап шығыңыз, содан кейін жоғарғы жағындағы Апелляция түймесін түртіңіз.
Профиль
1. TikTok қолданбасының төменгі жағында Профиль опциясын түртіңіз.
2. Пайдаланушы атыңыздың астындағы «Ұсыну үшін талаптарға сай емес» хабарландыруын түртіңіз.
3. Талаптарға сай емес бейнелерді қарап шығыңыз, содан кейін жоғарғы жағындағы Апелляция түймесін түртіңіз.