Контент жариялау ережелерін бұзу және оларға қарсы шаралар

Бөлімге өту 


TikTok-та контент жариялауды қадағалау  •  Аккаунтқа берілетін ескертулер мен қарсы шаралар 






TikTok-та контент жариялауды қадағалау


Қауымдастық ережелерімізде жайлы, қауіпсіз және қызықты пайдалану ортасы қалыптасуы үшін TikTok желісінде істеуге болатын және істеуге болмайтын әрекеттер сипатталған. Біз Қауымдастық ережелерін бұзатын зиянды контент пен мінез-құлықты анықтау және жоюға арналған құралдар мен технологияларды әзірледік. Бұл құралдар қауымдастықтың қауіпсіздігін жақсартуға және платформамыздың тұтастығын сақтауға көмектеседі. 


TikTok ереже бұзушылықтарды қалай қадағалайды және қауымдастық ережелерін қалай жүзеге асырады?


Қауымдастық ережелерінің бұзылуын анықтау үшін біз адам күшін және автоматтандырылған құралдарды пайдаланамыз. Егер бұзушылықтар анықталса, біз контентті алып тастаймыз да, ол туралы аккаунт иесіне хабарлаймыз. Егер бұзушылықтар анықталса және біз контентті алып тастасақ, ол туралы аккаунт иесіне хабарлаймыз. 


TikTok-тағы контент тексеруге жіберілгенде не болады?


TikTok-тағы контентті сенім және қауіпсіздік жөніндегі топ қарастырады да, Қауымдастық ережелеріне сәйкес оны алып тастауды немесе «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз деп белгілеуді ұйғарады. Тексеру процесі контент танымал болған кезде немесе шағым түскенде орындалуы мүмкін.

Егер бұзушылықтар анықталса:
•  Біз контентті жойып, аккаунт иесіне себебін хабарлаймыз.
•  Сіздің бұл шешімімізге қарсы аппеляция беру мүмкіндігіңіз болады. 


Бейне «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз болса не болады?

Қауымдастық ережелерінде көрсетілгендей кей жағдайларда, бейнеңіздің «Ұсыныстар» лентасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталуы мүмкін. Нәтижесінде бейнеңіз бұдан былай «Ұсыныстар» лентасында көрсетілмейді және оны табу қиынырақ болады. Себебін қарап, шешіміміз туралы пікір қалдыра аласыз және қателік жібердік деп ойласаңыз, апелляция беруіңізге болады. Апелляцияңызға оң жауап берілсе, бейнеңіз «Ұсыныстар» лентасында көрсетіліп, оны табу оңайырақ болады.

Біз қабылдаған шешімді қарап шығу үшін TikTok параметрлері бөлімінде аналитика мүмкіндігін іске қосуыңыз керек екенін есте сақтаңыз.

Бейнелерде аналитика мүмкіндігін іске қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы 
«Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы 
«Мәзір»☰ түймесін түртіңіз.
3.
«Авторлар құралдары» түймесін түртіңіз.
4.
«Бастау» түймесін түртіңіз.
5.
«Қосу» түймесін түртіңіз.

Қабылданатын шешім туралы қосымша ақпарат алу үшін:
1. Қажетті бейнені TikTok қолданбасында ашыңыз.
2. Бейненің бүйіріндегі
«Қосымша опциялар ...» түймесін, содан кейін «Аналитика» түймесін түртіңіз. Болмаса, экранның төменгі жағындағы «Қосымша статистика» түймесін түртіңіз.
3.
«Көрсетілімдер» қойындысының жоғарғы жағында бейненің «Ұсыныстар» летнасы үшін жарамсыздығы туралы хабарландыруды түртіңіз.
4. Кері байланысты оқып шығыңыз.
Иә немесе Жоқ опциясын таңдау арқылы сіз бейненің «Ұсыныстар» лентасына салуға неліктен жарамсыз екенін түсінгеніңізді не түсінбегеніңізді көрсете аласыз. Жоқ опциясын таңдасаңыз, келесі экранда көрсетілген пікір бөлісу нұсқауларын орындау арқылы бізге ережелердің орындалуын қадағалау мүмкіндігін жақсартуымызға көмектесе аласыз.

Бейненің «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз деп танылуы туралы шешіммен келіспесеңіз, апелляция бере аласыз.

Апелляция жіберу үшін:
1. TikTok қолданбасында «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз бейнені ашыңыз.
2. Бейненің бүйіріндегі
«Қосымша опциялар ...» түймесін, содан кейін «Аналитика» түймесін түртіңіз. Болмаса, экранның төменгі жағындағы «Қосымша статистика» түймесін түртіңіз.
3.
«Көрсетілімдер» қойындысының жоғарғы жағында бейненің «Ұсыныстар» летнасы үшін жарамсыздығы туралы хабарландыруды түртіңіз.
4. Экранның жоғарғы жағындағы
«Апелляция» түймесін түртіңіз.

Шешіммен неге келіспейтініңіз туралы пікір жібергеннен кейін де аппеляция беруге болады. 


TikTok үкіметтік, саяси және БАҚ аккаунттарының қауымдастық ережелеріне сәйкестігін қалай қамтамасыз етеді?

Біз үкімет, саясаткерлер, саяси партиялар және БАҚ аккаунттары жариялаған контенттерді қадағалауда басқа TikTok аккаунттарына қолданғандай тәсілдерді қолданамыз. Бұл дегеніміз — біз кез келген ережеге сай емес контентті алып тастаймыз және нағыз зорлық-зомбылық немесе азаптау сияқты кез келген бір рет болған елеулі контент жариялау ережесін бұзушылық үшін аккаунтты біржола бұғаттаймыз. Дегенмен, бұл қоғамдық мүдделердегі аккаунттардың қоғамдық процестерде және жалпы қоғамда атқаратын рөлдерін ескере отырып, біз адам құқықтарын, соның ішінде сөз бостандығы құқығын сақтау жөніндегі міндеттемемізге сәйкес оларға сәл өзгеше шектеулер енгіземіз. Осындай аккаунттар барлық аккаунттар үшін орнатылған ескерту шегіне жетсе, олардың контенті 90 күн бойы «Ұсыныстар» пен «Жазылымдар» ленталарында көрсетілмейді.

Кейбір жағдайларда қоғамдық мүддедегі аккаунттар қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіруі мүмкін кейбір жағдайларда (мысалы, тәртіпсіздіктер, сайлаулар кезеңдерінде немесе жоғары қоғамдық және саяси тәуекелдермен сипатталатын басқа жағдайларда) біз басқа шектеулер қоюымыз мүмкін. Егер қоғамдық мүдде үшін пайдаланылатын аккаунт TikTok-та азаматтық процедураларды бұзуы немесе нақты зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қауіп жоғары болған кезеңде зорлық-зомбылықты, өшпенділікті немесе жалған ақпаратты насихаттайтын контентті жарияласа, бұзушылықтың ауырлығына және онымен байланысты тәуекелдерге байланысты біз мұндай аккаунт үшін 7-30 күнге контент жариялау мүмкіндігін өшіреміз. Аккаунт иесінің әрекеттері ережелерді бұзуды жалғастырып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретіні анықталса, біз бұл үзіліс мерзімін ұзартуымыз мүмкін. Шешім қабылдаған кезде біз TikTok платформасынан тыс болған әрекеттерді де қарауымыз мүмкін. 






Аккаунтқа берілетін ескертулер мен қарсы шаралар 



Контентіңіз жойылған соң, TikTok аккаунтына не болады?

Контентіңіз Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін алғаш рет жойылғанда, аккаунтыңызға ескерту беріледі. Контентіңіздің неліктен жойылғаны, қандай ережелер бұзылғаны және қателік жібердік деп ойласаңыз, қалай апелляция беруге болатыны туралы түсіндірілген хабарландыру аласыз.

Алғаш рет бұзған ережеңіздің дәрежесі жоғары болса, мұндай хабарландыру жіберілмейді және жай ескертудің орнына қатаң ескерту аласыз. Аккаунтыңызды бұғаттауымыз да мүмкін.

Жүйе аккаунтыңыздың Қауымдастық ережелерін қанша рет бұзғанын санайды да, алғаш рет ескерту алғаннан кейінгі әрбір бұзу жағдайы үшін сізге қатаң ескерту береді.

Біз Қауымдастық ережелерінде көрсетілген саясат саласы бойынша (мысалы, қауіпсіздік және мәдениеттілік) немесе функциялар бойынша (мысалы, пікірлер немесе жеке хабарламалар) ескертулерді санаймыз. Аккаунт иесіне саясат ережелерін бұзу өрескелдігі негізінде ескерту беріледі. Ескертулер аккаунтыңыз шекке жеткенше жинақталады, сол кезде аккаунтыңыз біржола бұғатталады. Мұндай бұғаттау қаупі туындаған кезде сізге хабарлаймыз.

Қайталанатын бұзу жағдайларына немесе бір бұзу жағдайының өрескелдігіне байланысты аккаунтыңызды біржола бұғаттауымыз мүмкін екенін ескеріңіз. Кейбір жағдайларда «Эфир» немесе «Жеке хабарламалар» сияқты белгілі бір мүмкіндіктерді пайдалануға қатысты бұзу жағдайларының бар-жоғын анықтау мақсатында контент тексеріліп жатқанда орын алған бұзу жағдайлары қайталанбауы үшін белгілі бір мүмкіндікке қол жеткізуді уақытша шектеуіміз мүмкін. 


TikTok аккаунтына берілген ескертулер қанша уақытқа жарамды болады?

TikTok аккаунтындағы ескертулерінің мерзімі — 90 күн. Аккаунтты біржола бұғаттаудың себебін қарау кезінде мерзімі өткен ескертулер одан әрі қаралмайды. 


TikTok аккаунты қандай жағдайда біржола бұғатталуы мүмкін?

Қауымдастық ережелері мен Қызмет көрсету шарттарының төмендегідей жолдармен бұзылғанын анықтасақ, аккаунттарды біржола бұғаттай аламыз. Оларға мыналар жатады:
•  Жасыңыз Қызмет көрсету шарттарында көрсетілген ең төменгі жас талабына немесе басқа да талаптарға сәйкес келмейді.
•  Аккаунт алаяқтық жолмен басқа тұлғаның немесе ұйымның атын жамылады.
•  Аккаунтыңызда өрескел бұзу жағдайы анықталды:
   ༚  жастарды қанау немесе балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық (CSAM) туралы материалдарды жариялау, жарнамалау немесе тарату;
   ༚  зорлық-зомбылықты жарнамалау немесе қорқыту;
   ༚  зорлау немесе жармасу сияқты пайдаланушының келісімінсіз жыныстық қатынасты бейнелейтін контентті жариялау немесе жарнамалау;
   ༚  адам саудасына ықпал ететін контентті жариялау;
   ༚  шынайы азаптау көрінісі бар контентті жариялау.
•  басқа аккаунтқа қойылған шектеулерге немесе тұрақты бұғаттауды әдейі айналып өту үшін басқа TikTok аккаунтын жасау немесе пайдалану;
•  аккаунтыңыз саясат немесе функция ережелерін көп рет бұзуына байланысты шекті деңгейге жетті;
•  Зияткерлік меншік саясаты ержелерінің көп рет бұзылуы. 


TikTok аккаунтының біржола бұғатталғанын қалай білуге болады? 

Аккаунтыңыз бұғатталған болса, оған кіруге әрекеттенген кезде сізге хабарландыру келеді. Сонымен қатар, сіздің бұзушылықтарыңыз туралы ақпаратты баннерлік хабарландыруды басу арқылы кіріс хабарламаларындағы
«Аккаунт күйі» бөлімінен көруге болады. 


Бұғатталған TikTok аккаунтына қалай кіруге болады?

Апелляцияны беру және жеке ақпаратыңызды жүктеп алу үшін бұғатталған аккаунтқа кіруге болады. Тиісті заңдарға және деректерді сақтау саясатымызға сәйкес біраз уақыттан кейін жеке деректеріңізді жоятынымызды ескеріңіз. Оларды жойғаннан кейін аккаунтыңызға кіру мүмкін болмайды. 


TikTok сайтында контенттің жойылуына немесе аккаунттың бұғатталуына қарсы апелляцияны қалай беруге болады? 

Мазмұнды жою немесе аккаунтты уақытша тоқтату қателікпен болды деп ойласаңыз, бұл шешімді апелляцияға бере аласыз.

Апелляция мақұлданған жағдайда:
•  Контент немесе аккаунт қалпына келтіріледі (егер сіз оны өзіңіз жоймаған болсаңыз).
•  Ескерту аккаунттан жойылады.

Ескертпе: контент жойылған кезде, ескерту жойылмайды, сондықтан бұғатталған контент жойылғаннан кейін де ескертулер беруіміз мүмкін. 


Бұғатталудан кейін жаңа TikTok аккаунтын жасай аламын ба? 

TikTok сайтында бірнеше аккаунт жасай аласыз. Дегенмен, басқа аккаунттың шектеулерін немесе бұғатын айналып өту үшін жасаған аккаунтыңызға келесі себептерге байланысты біржола тыйым салуымыз мүмкін:
•  аккаунтыңыз өрескел бұзу жағдайы үшін бұғатталғаннан кейін, жаңа аккаунт жасау;
•  ережелерді бұзатын контентті жаңа немесе бұрыннан бар аккаунтта жариялау;
•  ережелерді бұзатын контентті бірнеше аккаунтқа тарату.

Бұл шектеу басқа аккаунтыңызда белсенді болып тұрған кезде қолданылады.


Бұл сізге көмектесті ме?