Бөлімге өту
TikTok аккаунтын қорғау • Сенімді құрылғыларды қалай басқаруға болады • TikTok аккаунтын достардың растауы арқылы қалай қалпына келтіруге болады • TikTok-қа бұғатталған аккаунттар жөнінде қалай хабарласуға болады • TikTok-қа жойылған жазбалар жөнінде қалай хабарласуға болады • Аккаунт қауіпсіздігіне қатысты басқа ресурстар
TikTok аккаунтын қорғау
TikTok үшін аккаунтыңыздың қауіпсіздігі маңызды.TikTok қолданбасындағы қауіпсіздікті тексеру функциясы аккаунт қорғанысын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікті тексеру функциясына кіру үшін:
1. Экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Қауіпсіздік және рұқсаттар» түймесін түртіңіз.
4. «Қауіпсіздікті тексеру» түймесін түртіңіз.Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
༚ Телефон нөміріңізді байланыстыру және растау.
༚ Электрондық пошта мекенжайыңызды байланыстыру және растау.
༚ Екі сатылы верификацияны қосу.
༚ Сенімді құрылғыларды басқару.(Бейтаныс құрылғылар анықталса, оларды тексеруді сұраймыз.)
༚ Аккаунттың қауіпсіздігіне қатысты іс-әрекеттерді тексеру.(Соңғы 30 күн ішінде қалыптан тыс іс-әрекеттер болмаса, бұл қадам автоматты түрде орындалады.)
༚ Аккаунтқа кіру кілтін қосу.
Қауіпсіздікті тексеру тапсырмасын орындап болған соң, жасыл түсті құсбелгі көрсетіледі.Аккаунтыңызды тиімді қорғау үшін қауіпсіздік тапсырмаларын мейлінше көбірек орындауға кеңес береміз.
Егер әрбір қауіпсіздік параметрін жеке-жеке басқарғыңыз келсе, TikTok аккаунтын қауіпсіз және сенімді ету туралы төмендегі кеңестерді қараңыз:
TikTok үшін аккаунтыңыздың қауіпсіздігі маңызды.Мына жерде TikTok аккаунтын қауіпсіз және сенімді ету туралы кеңестер берілген:
1. TikTok аккаунтыңызбен телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын байланыстырыңыз.
Аккаунтыңызға екі байланыс әдісін қосуды ұсынамыз.Осылайша кіру әдістерінің бірімен кіру мүмкіндігін жоғалтсаңыз, балама әдісті пайдалануға болады.
Телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын аккаунтыңызға байланыстыру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Аккаунт» түймесін, содан кейін «Аккаунт туралы ақпарат» түймесін түртіңіз.
4. Телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.
5. «Жалғастыру» түймесін түртіңіз, содан кейін SMS және электрондық пошта арқылы жіберілген растау кодтарын енгізіңіз.
TikTok телефоныңыздың нөмірін қалай пайдаланатыны туралы толығырақ біліңіз.
2. Сенімді және бірегей құпиясөз жасаңыз.
Сіз үшін бірегей және басқалары тауып алмайтын күрделі құпиясөзді таңдаңыз.
Сенімді TikTok құпиясөзін жасау үшін:
• Ұзындығы 12–15 таңба болатын құпиясөзді пайдаланыңыз.
• Бас және кіші әріптерді, сандарды және таңбаларды араластырып пайдаланыңыз.
• Құпиясөзді жиі өзгертіп тұрыңыз.Оны 30 күн сайын өзгертуді ұсынамыз.
• Әр аккаунт үшін әртүрлі құпиясөздерді пайдаланыңыз.
3. TikTok аккаунтыңызға кіру кілтін қосыңыз.
TikTok аккаунтына кіруді бұрығыдан да жеңілдету және қорғау үшін кіру кілтін орнатуды қатаң түрде ұсынамыз.Кіру кілті — мобильді құрылғыда сақталған қауіпсіз сандық кілт, ол TikTok аккаунтына құпиясөзді енгізбестен кіруге мүмкіндік береді.
Кіру кілттері дәстүрлі құпиясөздерге қарағанда қауіпсіз кіру әдісін қамтамасыз ете алады, өйткені олар сіздің құрылғыңызда рұқсат етілген Face ID (Apple), кіру коды (Apple), саусақ ізі арқылы құлпын ашу (Android) және PIN (Android) сияқты қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдаланады.Сонымен қатар, сіз Apple ID немесе Google аккаунтыңызбен тіркелген кез келген құрылғыдан кіру кілтімен қорғалған TikTok аккаунтыңызға кіре аласыз.
TikTok аккаунтыңызға кіру кілтімен қалай кіру керектігі туралы қосымша ақпарат алыңыз.
TikTok аккаунтына кіру кілтін орнату үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Аккаунт» түймесін түртіңіз.
4. «Кіру кілті» түймесін, содан кейін келесі экрандағы «Орнату» түймесін түртіңіз де, қадамдарды орындаңыз.Google Password Manager арқылы кіру кілтін жасау опциясын таңдасаңыз, орнату процесін аяқтау үшін басқа экранға бағытталасыз.
Келесі жолы жүйеге кіруге әрекеттенгенде, сақталған кіру кілті арқылы жүйеге кіру сұралады.
4. Екі сатылы верификацияны қосыңыз.
Аккаунтты қорғау үшін екі сатылы верификацияны (2SV) қосуды ұсынамыз.Бұл қауіпсіздік мүмкіндігі жаңа немесе бейтаныс құрылғыдан кірген кезде, қосымша қорғаныс деңгейін қолдану арқылы жеке басыңызды растауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 2SV мүмкіндігі құпиясөзіңіз бұзылған жағдайда аккаунтыңызға қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді.Адамдар аккаунтын қорғау үшін тек бір деңгейлі қорғанысты пайдаланады, басқаша айтқанда, олар тек құпиясөзді пайдаланады.Дегенмен сізде 2SV қосулы болса, құпиясөзіңізді біліп алған шабуылдаушыларға аккаунтыңызға кіру үшін құписөзбен қоса тағы телефоныңызды немесе электрондық поштаңызды қажет ететін болады.
Екі сатылы верификацияны қосу үшін:
1. Экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Қауіпсіздік және рұқсаттар» түймесін түртіңіз.
4. «Екі сатылы верификация» түймесін түртіп, кем дегенде екі верификация әдісін таңдаңыз:
༚ Телефон (ұсынылады)
༚ Электрондық пошта (ұсынылады)
༚ Аутентификатор (ұсынылады).Бұл опцияны пайдалану үшін құрылғыңызда Google Authenticator немесе Microsoft Authenticator сияқты аутентификатор қолданбасы орнатылған болуы керек.QR кодын сканерлеу немесе берілген кілтті көшіру үшін келесі экрандағы нұсқауларды орындаңыз.TikTok-қа аккаунтты қосқан кезде, аутентификатор қолданбасындағы кілтті енгізіңіз.Ең соңында аутентификатор қолданбасындағы кодты TikTok қолданбасындағы келесі экранға енгізіңіз.
༚ Құпиясөз
5. Растау үшін «Қосу» түймесін түртіңіз.
6. «Телефон» немесе «Электрондық пошта» опциясын таңдасаңыз:
༚ Бұрын байланыс ақпаратын енгізбеген болсаңыз, электрондық пошта мекенжайыңызды немесе телефон нөміріңізді енгізу сұралады.SMS үшін стандартты ақы алынуы мүмкін.
༚ «Жалғастыру» түймесін түртіңіз, содан кейін SMS немесе электрондық пошта арқылы жіберілген растау кодын енгізіңіз.
Келесіде аккаунтыңызға кірген кезде. таңдалған растау әдістеріне қарай телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы немесе аутентификация қолданбасы арқылы жіберілген растау кодын енгізу сұралады.Жеке басыңызды растау үшін екі сатылы верификация терезесіне кодты енгізіңіз.
Сенімді құрылғыларды қалай басқаруға болады
Белгісіз құрылғыдан немесе үшінші тарап қолданбасынан TikTok жүйесіне кірген сайын сізден құпиясөз бен бір реттік растау коды (SMS немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі) сұралады.
Егер сіз TikTok жүйесіне үнемі белгілі және сенімді құрылғыдан кірсеңіз, оны есте сақтай аласыз, содан кейін құпиясөзді әр жолы енгізіп жатудың қажеті жоқ болады (бұл бір реттік растау кодын енгізгеннен кейін мүмкін болады).
Аккаунтыңыздағы сенімді құрылғылар тізімін көру және оны реттеу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіп, «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3. «Қауіпсіздік және рұқсаттар» түймесін түртіңіз.
4. «Құрылғыларды басқару» түймесін түртіп, тізімдегі құрылғыларды қарап шығыңыз.
5. Құрылғыны танымасаңыз, оны алып тастау үшін «Жою» түймесін басып, аккаунтыңызды қорғау үшін құпиясөзді өзгертіңіз.
TikTok аккаунтын достардың растауы арқылы қалай қалпына келтіруге болады
Егер аккаунтыңызға кіре алмасаңыз немесе құпиясөзді қалпына келтіре алмасаңыз, аккаунтыңызды TikTok-та сізге қосылған достарыңыздан растауды сұрау арқылы қалпына келтіруіңізге болады.
Аккаунтыңызды достарыңыздан растауды сұрау арқылы қалпына келтіру үшін:
1. TikTok қолданбасын ашып, экранның жоғарғы жағындағы «Анықтама» түймесін түртіңіз.
2. «Аккаунтты қалпына келтіру» түймесін түртіңіз.
3. Аккаунттағы пайдаланушы атын немесе аккаунтыңызбен байланыстырылған электрондық поштаны енгізіп, «Іздеу» түймесін түртіңіз.Сондай-ақ аккаунтыңызбен нөмірді байланыстырған болсаңыз, «Телефон нөмірі бойынша іздеу» түймесін түртуіңізге болады.
4. Аккаунт бетінің төменгі жағындағы «Кіре алмай жатырсыз ба?»түймесін түртіп, «Достардан растау сұрау» опциясын таңдаңыз.
5. «Бастау» түймесін түртіңіз.
6. Нұсқауларды қою үшін «Бөлісу» түймесін түртіп, оларды басқа әдіс арқылы (мысалы, iMessage) достарыңызға жіберіңіз.Сондай-ақ нұсқауларды өңдеуге және хабарды өзіңіз жазуыңызға болады.
Достардан растауды сұрау туралы мына нәрселерді білген жөн:
• Достарыңыз растау сұрауыңызды аккаунт параметрлерінің «Қауіпсіздік және рұқсаттар» бетіндегі хабарландыру арқылы алады.Бұл хабарландыруды көру үшін қолданбаны соңғы iOS нұсқасына жаңарту қажет болуы мүмкін.
• Растау процесі үшін кем дегенде 2 дос қажет.
• Достарыңызға аккаунтыңызды растауға шектеулі уақыт беріледі.
• Достарыңыздан растауды күніне шектеулі рет қана сұрай аласыз.
• Растаудан өтсеңіз де, өтпесеңіз де хабарландыру аласыз.Егер өтсеңіз, автоматты түрде кіресіз, ал өтпесеңіз, әрекетті қайталап көруіңізге немесе басқа қалпына келтіру әдісін қолданып көруіңізге болады.
TikTok-қа бұғатталған аккаунттар жөнінде қалай хабарласуға болады
TikTok Қауымдастық ережелерін үнемі бұзатын аккаунттарды бұғаттайды.
Аккаунтыңыз бұғатталса, қолданбаны келесіде ашқанда бұғаттау себебі туралы ақпаратты қамтитын баннер хабарландыруын көресіз.Аккаунтыңыз қателікпен бұғатталды деп ойласаңыз, бұл туралы апелляция беріңіз.
Апелляция беру үшін:
1. Аккаунтыңыз бұғатталды деген хабарландыруды ашыңыз.
2. «Апелляция беру» түймесін түртіңіз.
3. Берілген нұсқауларды орындаңыз.
TikTok-қа жойылған жазбалар жөнінде қалай хабарласуға болады
Біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзатын жазбалар TikTok-тан жойылады.Егер контентіңіз қателесіп жойылды деп ойласаңыз, апелляция жіберіңіз.Сіздің пікіріңіз пайдаланушылардың қауіпсіздігін жақсартуға көмектеседі.
Кіріс жәшігіңізден апелляция жіберу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Контентіңіз жойылды деген хабарландыруды түртіңіз.
3. «Апелляция жіберу» түймесін түртіп, берілген нұсқауларды орындаңыз.
Жойылған жазбаңыздан апелляция жіберу үшін:
1. TikTok қолданбасында жойылған жазбаға өтіңіз.
2. «Қауымдастық ережелерін бұзу: мәліметтерді көру» түймесін түртіңіз.
3. «Апелляция жіберу» түймесін түртіп, берілген нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе: біз қарап жатқан апелляциялық контентті жойсаңыз, апелляцияңыз мақұлданған жағдайда сіз шағымданған ереже бұзушылықты жоя алмауымыз мүмкін.Сондай-ақ апелляция жібергеннен кейін контентті жойған болсаңыз, біз оны қалпына келтірмейміз.
Ережелердің бірнеше рет бұзылуы аккаунтқа айыппұлдар салынуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Аккаунт қауіпсіздігіне қатысты басқа ресурстар
Егер TikTok аккаунтына қатысты қосымша көмек қажет болса, TikTok-та мәселе туралы хабарлау немесе аккаунтты жою әдісі туралы толығырақ біліңіз.
TikTok аккаунттары бойынша әлі де сұрақтарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз.