Бөлімге өту
TikTok-тағы контент модерациясы • Аккаунтқа берілетін қатаң ескертулер мен бұғаттаулар
TikTok-тағы контент модерациясы
Біздің Қауымдастық ережелеріміз барлық пайдаланушыға қолданылады және жайлы, қауіпсіз әрі көңілді орта қалыптастыру үшін TikTok-та рұқсат етілген және рұқсат етілмеген ережелерді белгілейді.Біз Қауымдастық ережелеріне қайшы келетін зиянды контент пен әрекетті анықтайтын және жоятын құралдар мен технологияны әзірледік.Бұл құралдар бізге қауымдастықтың қауіпсіздігін күшейтуге және платформаның тұтастығын сақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар біз монетизациялайтын немесе басқаша айтқанда өздерін жоғары деңгейге көтеру мақсатында платформаны пайдаланатын авторларға қолдау көрсетеміз.TikTok-тағы авторлардан Авторлардың мінез-құлық кодексін ұстануын және басқалардың қауіпсіздігіне немесе платформаның тұтастығына қауіп төндірмейтіндей әрекет етуін күтеміз.
Авторлардың мінез-құлық кодексі туралы толық ақпаратты Авторлар академиясынан алыңыз.
TikTok бұзу жағдайларын қалай анықтайды және Қауымдастық ережелерінің сақталуын қалай жүзеге асырады?
Қауымдастық ережелерін бұзу жағдайларын анықтау үшін автоматтандырылған және адамдар жүргізетін тексеру әдістерін пайдаланамыз және ережелерді бұзатын аккаунттар мен контентке шаралар қолданамыз.Егер бұзу жағдайларын анықтап, шара қолданатын болсақ, аккаунт иесі хабарландыру алады.
TikTok контентіңіз тексерілсе, не болады?
TikTok контентіңіз тексеріліп жатқан болса, Қауымдастық ережелеріне сәйкес оны жою немесе «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз ету қажеттігін анықтау үшін оны сенім және қауіпсіздік ұжымы тексереді.Бұл контентті жүктеп салған кезде, танымалдыққа ие болса немесе оған шағым түссе, орын алуы мүмкін.
Бұзу жағдайы анықталса:
• Біз контентті жоямыз және жойылған жағдайда, себебі туралы хабарландыру жібереміз.
• Сізге шешімге апелляция беру мүмкіндігі беріледі.
Жазба «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз болса, не болады?
Қауымдастық ережелерінде көрсетілгендей кей жағдайларда контентіңіздің «Ұсыныстар» лентасында көрсету үшін жарамсыз екені анықталуы мүмкін.Мұндай жағдайда сіздің жазбаңыз «Ұсыныстар» лентасында көрсетілмейді.Себебін қарап, шешіміміз туралы пікір қалдыра аласыз және қателік жібердік деп ойласаңыз, апелляция беруіңізге болады.Егер апелляцияңыз қанағаттандырылса, жазбаңыз «Ұсыныстар» лентасында көрсету үшін жарамды болады.
Біз қабылдаған шешімді қарап шығу үшін TikTok параметрлері бөлімінде аналитика функциясын іске қосуыңыз керек екенін есте сақтаңыз.
Жазбаларда аналитиканы іске қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «TikTok Studio» опциясын таңдаңыз.
3. «Аналитика» бөлімінде «Бастау» түймесін түртіңіз.
4. «Қосу» түймесін түртіңіз.
Қабылданатын шешім туралы қосымша ақпарат алу үшін:
1. Қажетті жазбаны TikTok қолданбасында ашыңыз.
2. Экранның төменгі жағындағы «Қосымша статистика» түймесін түртіңіз немесе жазбаның бүйіріндегі «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз, содан кейін «Аналитика» түймесін түртіңіз.
3. Жарамсыз жазбаға арналған хабарландыруды түртіңіз.
4. Кері байланысты оқып шығыңыз.«Иә» немесе «Жоқ» опциясын таңдау арқылы сіз жазбаның «Ұсыныстар» лентасында көрсетуге неліктен жарамсыз екенін түсінгеніңізді не түсінбегеніңізді көрсете аласыз.«Жоқ» опциясын таңдасаңыз, келесі экрандағы пікір бөлісу қадамдарын орындау арқылы бізге модерация шараларын жақсартуымызға көмектесе аласыз.
Жазбаның «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз деп танылуы туралы шешіммен келіспесеңіз, апелляция беруіңізге болады.
Апелляция жіберу үшін:
1. TikTok қолданбасында «Ұсыныстар» лентасы үшін жарамсыз жазбаны ашыңыз.
2. Экранның төменгі жағындағы «Қосымша статистика» түймесін түртіңіз немесе жазбаның бүйіріндегі «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз, содан кейін «Аналитика» түймесін түртіңіз.
3. Жарамсыз жазбаға арналған хабарландыруды түртіңіз.
4. Экранның жоғарғы жағындағы «Апелляция беру» түймесін түртіңіз.
TikTok мемлекеттік ұйымдар, саясаткерлер және жаңалықтарға арналған аккаунттар бойынша Қауымдастық ережелерінің сақталуын қалай жүзеге асырады?
Біз мемлекеттік ұйымдар, саясаткер және саяси партиялардың аккаунттары мен жаңалықтар ұйымдары бойынша басқа TikTok аккаунттары үшін қолданатын контентті модерациялау тәжірибелерін қолданамыз.Бұл шынайы өмірдегі зорлық-зомбылық немесе азаптау көріністерін қамтитын контенттің ережелерді қатаң бұзу жағдайлары бойынша ережені бұзатын контентті жоятынымызды және аккаунттарды біржолата бұғаттайтынымызды білдіреді.Алайда осы қоғамдық мүдде аккаунттарының азаматтық процестер мен азаматтық қоғамда атқаратын рөліне байланысты біз адам құқықтары мен өз пікірін еркін білдіру жөніндегі міндеттемемізге сәйкес әртүрлі аккаунт шектеулерін қолданамыз.Егер олар барлық аккаунт үшін белгіленген ескерту шегіне жетсе, 90 күн бойы «Ұсыныстар» және «Жазылымдар» ленталарында көрсетуге уақытша жарамсыз болады.
Қоғамдық мүдде аккаунттары қоғам қауіпсіздігіне айтарлықтай жоғары қауіп төндіретін кей жағдайларда (мысалы, азаматтық толқулар, сайлаулар немесе басқа да жоғары қауіпті әлеуметтік және саяси орталарда) біз басқа шектеулер енгізуіміз мүмкін.Егер қоғамдық мүдде аккаунты азаматтық процеске нұқсан келтіретін немесе шынайы зиян келтіруі мүмкін зорлық-зомбылықты, өшпенділікті немесе жалған ақпаратты насихаттайтын контентті аса қауіпті кезеңдерде жарияласа, біз бұзу жағдайының өрескелдігіне және айналадағы қауіпке байланысты ол аккаунттың контент жариялау мүмкіндігін 7 күннен 30 күнге дейін шектей аламыз.Егер аккаунт иесінің әрекеттерінен бұзу жағдайларын жалғастыруы мүмкін екенін және қоғам қауіпсіздігіне әлі де жоғары қауіп төніп тұрғанын байқасақ, шектеу мерзімін ұзартуымыз мүмкін.Сонымен қатар шешім қабылдау кезінде TikTok-тан тыс әрекеттерді де ескереміз.
Аккаунтқа берілген қатаң ескертулер мен бұғаттаулар
Контентіңіз жойылса, TikTok аккаунтыңызға не болады?
Контентіңіз Қауымдастық ережелерін бұзу себебінен бірінші рет жойылғанда, аккаунтыңызға жеңіл ескерту беріледі.Контентіңіздің жойылу себебі, қандай ережені бұзғаны және оған сенімсіз болсаңыз, апелляция жіберу жолы түсіндірілген хабарландыру аласыз.Ережені алғаш рет өрескел түрде бұзсаңыз, бұл шара қолданылмайтынын және жеңіл ескерту орнына қатаң ескерту алатыныңызды есте сақтаңыз.Сонымен қатар аккаунтыңызды бұғаттауымыз мүмкін.
Жүйе аккаунтыңыздың Қауымдастық ережелерін қанша рет бұзғанын санап отырады және бірінші жеңіл ескертуден кейінгі әрбір бұзу жағдайы үшін аккаунтыңызға қатаң ескертулер беріледі.
Біз Қауымдастық ережелерінде көрсетілген саясат саласы бойынша (мысалы, қауіпсіздік және мәдениеттілік) немесе мүмкіндік бойынша (мысалы, пікірлер немесе жеке хабарламалар) қатаң ескертулерді санаймыз.Аккаунт иесіне саясат ережелерін бұзу өрескелдігі негізінде қатаң ескерту беріледі.Қатаң ескертулер аккаунтыңыз шекке жеткенше жинақталады, сол кезде аккаунтыңыз біржолата бұғатталады.Ережені қатарынан бірнеше рет бұзсаңыз, сондай-ақ сізге бұғаттау қаупі төніп тұрса, сізге хабарлаймыз.Сондай-ақ ережені бұзу жағдайларының тарихын «Аккаунтты тексеру» бөлімінен көруге болады.
Ережені бұзу жағдайлары туралы хабарламаларды қарап шығу үшін:
1. TikTok қолданбасында «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. «Жүйе хабарландырулары» түймесін түртіңіз.
3. «Аккаунт жаңартулары» түймесін түртіңіз.Бетті айналдыру керек болуы мүмкін.
Бұзу әрекеттері қайталанатын жағдайда немесе бір бұзу жағдайының өрескелдігіне байланысты, аккаунтыңызды біржолата бұғаттайтынымызды есте сақтаңыз.Тікелей эфир немесе жеке хабарламалар сияқты белгілі бір функцияларды пайдалану кезінде бұзу жағдайлары орын алатын болса, контентіңізді тексеру барысында бұзу әрекеттеріне қайта жол бермеу үшін функцияны пайдалану мүмкіндігін уақытша шектейміз.
TikTok аккаунтыңыздағы қатаң ескертулердің мерзімі аяқтала ма?
TikTok аккаунтыңызға берілген қатаң ескертулердің мерзімі 90 күннен кейін аяқталады және аккаунтты біржолата бұғаттау үшін ескерілмейді.
TikTok аккаунттарды қай кезде бұғаттайды?
Қауымдастық ережелері мен Қызмет көрсету шарттары бойынша мынадай бұзу жағдайлары анықталса, аккаунттарды біржолата бұғаттауымыз мүмкін, мысалы:
• қызмет көрсету шарттарында көрсетілген ең төменгі жас талаптарына немесе басқа талаптарға сай болмасаңыз;
• аккаунт иесі басқа тұлғаны немесе кез келген ұйым өкілінің атын жамылып, пайдаланушыларды жаңылыстырса;
• аккаунтыңызда бірнеше өрескел бұзу жағдайы орын алса:
༚ жастарды өз еріктерінсіз пайдалану немесе балаларға сексуалды зорлық-зомбылық көрсету (CSAM) бойынша материалдарды жариялау, жарнамалау немесе насихаттау;
༚ зорлықты жарнамалау немесе тарату;
༚ зорлау немесе қырындап тиісу сияқты сексуалды зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнелейтін контентті жариялау немесе жарнамалау;
༚ адам саудасына алып келетін контентті жариялау;
༚ шынайы қинау әрекетін көрсететін контентті жариялау;
• басқа аккаунтқа қойылған шектеулерді немесе оны біржолата бұғаттау әрекетін қасақана айналып өту үшін басқа TikTok аккаунтын жасау немесе пайдалану;
• аккаунтыңыз саясатқа немесе мүмкіндікке байланысты бірнеше бұзу әрекеті бойынша қатаң ескерту шегіне жетті;
• біздің Зияткерлік меншік саясатымызды бірнеше рет бұзу;
• аккаунтыңыз тек біздің ережелерімізді бұзуға арналған.
TikTok аккаунтыңыз біржолата бұғатталғанын қалай білесіз?
Аккаунтыңыз бұғатталған болса, сізге бұғаттау туралы хабарлау үшін, жүйеге кіруге әрекеттенген кезде, бұғаттау туралы хабарландыру жіберіледі.
Бұғатталғаннан кейін TikTok аккаунтыма қалай кіруге болады?
Аккаунтыңыз бұғатталған болса, аккаунтқа апелляция жіберу үшін және жеке деректеріңізді жүктеп алу үшін кіре аласыз.Қолданыстағы заңдарға және деректерді сақтау саясатына сәйкес белгілі бір уақыттан кейін жеке деректер жойылатынын есте сақтаңыз.Жойылғаннан кейін, аккаунтыңыз бұдан былай кіру мүмкін болмайды.
Контентіңіз жойылса немесе TikTok аккаунтыңыз бұғатталса, қалай апелляция беруге болады?
Контентіңіз немесе аккаунтыңыз қателікпен жойылды деп ойласаңыз, бұл шешімге апелляция беруге болады.
Апелляцияңыз мақұлданса:
• контентіңіз немесе аккаунтыңыз қалпына келтіріледі (аккаунт немесе контентті жоймаған болсаңыз);
• қатаң ескерту аккаунтыңыздан жойылады.
Ескертпе: контентті жойсаңыз, қатаң ескертулер жойылмайды және ережені бұзатын контентті жойғаннан кейін де қатаң ескертулер берілуі мүмкін.
Бұғаттаудан кейін жаңа TikTok аккаунтын жасауға бола ма?
TikTok-та бірнеше аккаунт жасауға болады.Алайда өзіңіздің басқа аккаунтыңызға енгізілген шектеулердің немесе бұғаттаулардың алдын алу үшін қандай да бір әрекеттер жасасаңыз, аккаунтыңызды біржолата шектеуіміз немесе бұғаттауымыз мүмкін, соның ішінде:
• аккаунтыңыз өрескел бұзу жағдайы үшін бұғатталғаннан кейін, жаңа аккаунт жасау;
• жаңа немесе қолданыстағы аккаунтыңызда ережені бұзатын контент жариялау;
• бірнеше аккаунт арқылы контенттің ереже бұзу жағдайларын тарату.
Бұл шектеу басқа аккаунтыңызда белсенді күйде болғанда қолданылады.