TikTok-та жасыңызды анықтайтын технология

Бөлімге өту


Неліктен нақты туған күнді көрсету маңызды?Қандай шешімдер жасалған?Шешімдер қалай жасалған?Олар қалай жұмыс істейді?Бұл технология үшін пайдаланылатын деректер қай кезде жойылады?Мұндай ақпаратты өңдеуге заңды негіз қандай?Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?Құпиялық мәселелеріне қатысты бізге хабарласу жолы







Неліктен нақты туған күнді көрсету маңызды?


Біз TikTok-та жасқа сәйкес тәжірибені қамтамасыз етуге міндеттелеміз, сондықтан TikTok аккаунтын тіркеген кезде, нақты туған күніңізді көрсету маңызды.Қызмет көрсету шарттарына сәйкес TikTok-тағы жас пайдаланушыларға белгілі бір мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат етілмейді.Мысалы, жеке хабарламаларды жіберу және қабылдау, басқаларға өз бейнелерін жүктеп алу, «Біріктіру» және «Дуэт» жасауға мүмкіндік беру сияқты нәрселерді істеу үшін TikTok-тағы пайдаланушылар 16 жастан асқан болуы тиіс.


Жасөспірімдер құпиялығы мен қауіпсіздік параметрлері туралы толығырақ оқыңыз.







Қандай шешімдер жасалған?


Біз пайдаланушылардың белгілі бір жас ауқымына сәйкестігін болжайтын технологияны ендірдік.Егер пайдаланушы тіркелген кезде, оның туған күні талапқа сай келмесе, қауымдастықтың қауіпсіздігін қорғау үшін біз тиісті шараларды қолданамыз. Оларды төмендегі жерден толығырақ оқи аласыз.Сондай-ақ жасты болжау платформадағы жарнама мен контенттің жасқа сай болуын қамтамасыз етуге көмектеседі.


Біз бұл технологияны жасын растау үшін қосымша ақпаратты көрсеткен пайдаланушылар үшін қолданбаймыз.Мысалы, егер пайдаланушы монетизация бағдарламаларының біріне қосылу немесе жасы жетпеген пайдаланушыны бұғаттауға қарсы апелляция беру үшін жасын дәлелдейтін жеке куәлік фотосуретін көрсеткен болса, аталған технология пайдаланылмайды.







Шешімдер қалай жасалған?


Біз бұл болжау әдісінде машиналық оқытуды пайдаланамыз.Машиналық оқыту деректердегі үлгілерді анықтау үшін пайдаланылады, ал бұл үлгілерді өз кезегінде нәтижелерді болжау немесе сұраққа жауап беру үшін пайдалануға болады.Машиналық оқыту технологиясы ықтимал алаяқтық транзакцияларды анықтау үшін түрлі салаларда (мысалы, банкингте) кеңінен пайдаланылады.Біз бұл технологияларды TikTok-тағы пайдаланушылардың жасын болжап, тіркелген кездегі жасы мен расталған жасын салыстыру арқылы сынақтан өткіздік.







Олар қалай жұмыс істейді?


Болжамды жасау үшін біздің технология профиль, құрылғы туралы ақпарат, жарияланған бейнелер, басқа пайдаланушылармен өзара әрекеттесулер (мысалы, пайдаланушы жазылған аккаунттар, ол өзара әрекеттесетін аккаунттар) және басқа платформалардағы іс-әрекеттер сияқты пайдаланушы көрсеткен ақпаратты қарастырады.Технология белгілі бір пайдаланушыны нақты анықтай алмайды.Ол тек аккаунт иесінің жасы тіркелген кезде көрсетілген жасқа қаншалықты сәйкес келетінін болжайды.


Егер пайдаланушы 18 жасқа толмаған деп болжанса, жас аудитория үшін жарамсыз болуы мүмкін белгілі бір контентке сүзгі орнатуымыз немесе шектеуіміз мүмкін.


Сондай-ақ мұндай болжам пайдаланушыларға жарнаманы көрсету үшін пайдаланылатын ақпаратқа да шектеу қояды, себебі 18 жасқа толмаған пайдаланушылар жекелендірілген жарнамаларды ала алмайды.


Егер пайдаланушы 18 жастан асқан деп болжанса, ол жекелендірілген жарнамаларды алуға келісім берген болса, ол басқа жас тобына (мысалы, 18–24 жас, 25–34 жас, 35–44 жас) ауыстырылуы мүмкін. Бұл жарнама берушілерге қатысты жарнаманы көрсетуге және жарнамадан алатын әсерді жақсартуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ біз контент ұсыныстарын да жас тобыңызға сай реттейміз.Егер сіз 18 жастан асқан болсаңыз, болжалды жас ауқымы туралы ақпаратты осы жарнама туралы ақпараттық панелінен көре аласыз.


Егер пайдаланушы 18 жасқа толмаған немесе жасы TikTok-та тіркелген кезде көрсеткен жастан төмен деп болжанса:
• Арнайы оқытудан өткен модератор аккаунтты тексереді.
• Модератор Қызмет көрсету шарттарына және Қауымдастық ережелеріне сәйкес аккаунтты басқа жас тобына ауыстыру керектігін шешеді.


Егер минималды жас талаптарына сәйкес келмегеніңіз үшін белгілі бір мүмкіндіктерді пайдалану рұқсаты жойылса, TikTok аккаунтыңызға келесі жолы кірген кезде, сізге хабарландыру келеді. Онда рұқсаттың неліктен жойылғаны, деректеріңізді қалай жүктеп алуға болатыны және/немесе шешімге қарсы апелляцияны қалай жіберуге болатыны түсіндіріледі.


TikTok-та минималды жасқа жетпегені үшін бұғаттауға қарсы апелляция беру туралы қосымша ақпарат.







Бұл технология үшін пайдаланылатын деректер қай кезде жойылады?


TikTok қауымдастығының жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
• Осы технологияны оқыту және сынақтан өткізу үшін пайдаланылған пайдаланушы деректері иесіздендірілген және олар тек қажет болған уақытқа сақталады.Оқыту және сынақтан өткізу аяқталған соң, бүкіл иесіздендірілген деректер жойылады.
• Технология жасаған әрбір болжам көшірмесі болжам жасалған күннен бастап ең көп дегенде 31 күнге сақталады.







Мұндай ақпаратты өңдеуге заңды негіз қандай?


Біз қолда бар ақпаратты тек заңмен рұқсат етілген жолмен пайдаланамыз.Заң бойынша мұндай ақпаратты заңды мүдде үшін қажет болған жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.Бұл дегеніміз біреудің ақпаратын пайдалану салдарынан оның құқықтарына тиетін теріс әсер оны пайдаланудың негізді себебінен асып түспеуі керек деген сөз.


Біздің бұл технологияны әзірлеуге және жақсартуға, сондай-ақ қауымдастығымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушылардың жасын болжау үшін пайдалануға заңды мүддеміз бар.Егер сіз Еуропалық Экономикалық Аймақ, Ұлыбритания немесе Швейцария тұрғыны болсаңыз, қосымша ақпарат алу үшін Құпиялық саясатымыздың «Құқықтық негіздеріміз» және «Ақпаратыңызды қалай өңдейміз» бөлімін қарап шығыңыз.


Егер ақпаратыңыздың мұндай жолмен пайдаланылғанын қаламасаңыз, қарсылық білдіре аласыз.Жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіру құқығын жүзеге асыру және TikTok-та жасты растау туралы қосымша ақпаратты қараңыз.







Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?


TikTok-тың деректеріңізді қалай пайдаланылатыны туралы, сондай-ақ ақпаратыңызға қатысты сіздің құқықтарыңыз мен таңдауларыңыз туралы қосымша ақпаратты біздің Құпиялық саясатымыздан қараңыз.







Құпиялық мәселелеріне қатысты бізге хабарласу жолы


Құпиялық саясатына қатысты сұрақ қою үшін бізге онлайн форманы толтыру арқылы хабарласыңыз.


Егер сіз ЕЭА елінде, Ұлыбританияда немесе Швейцарияда тұратын болсаңыз, онлайн форманы толтыру арқылы деректерді қорғау жөніндегі маманымызға хабарласыңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?