Біріктіру

Бөлімге өту


TikTok-тағы «Біріктіру» деген не?Өз бейнеңізді басқа адамның бейнесімен қалай біріктіруге болады






TikTok-тағы «Біріктіру» деген не?


«Біріктіру» функциясы жасап жатқан бейнеңізбен TikTok желісіндегі қандай да бір бейнені біріктіруге мүмкіндік береді. Басқаларға бейнелері мен өз бейнеңізді біріктіру рұқсатын берсеңіз, олар бейнеңіздің бір бөлігін өз бейнелерінің бір бөлігі ретінде пайдалана алады. Басқа адамдар бейнелерін сіздің бейнелеріңізбен біріктіре алуы үшін, аккаунтыңыз ашық болуы керек екенін ескеріңіз.

Аккаунттың құпиялық параметрлерінен бейнелеріңізбен кімнің біріктірілген бейне жасай алатынын таңдаңыз
Аккаунтыңыздың құпиялық параметрлерінде бейнелеріңізбен кімнің біріктірілген бейне жасай алатынын таңдай аласыз:
• Барлығы: егер осы рұқсатты таңдап, «Біріктіру» функциясын қоссаңыз, бейнелеріңізбен кез келген адам біріктірілген бейне жасай алады.
• Достар (өзара жазылушылар): егер осы рұқсатты таңдап, «Біріктіру» функциясын қоссаңыз, онда бейнелеріңізбен сіз жазылған және сізге өзара жазылған адамдар ғана біріктірілген бейне жасай алады.

«Біріктіру» функциясын жекелеген жазбалар үшін өшіруге немесе контентіңізбен байланысты біріктірілген жазбаларды жоюға болады. «Біріктіру» функциясын өшірсеңіз, басқалары өздерінің бейнелерін сіздің бейнелеріңізбен біріктіре алмайды. «Біріктіру» функциясының құпиялық параметрлерін басқару әдісі туралы толығырақ біліңіз.

Басқаларға бейнеңізбен біріктірілген бейне жасауға рұқсат бергенде мына нәрселерді білген жөн:
Біріктірілген бейнені кім көре алатыны, оған пікір қалдыра алатыны, оны жүктеп ала алатынын немесе онымен өзара әрекеттесе алатыны пайдаланушының құпиялық параметрлерінде анықталады.
Біріктірілген бейне тек оны жасаған адамның профилінде көрсетіледі. Сіздің түпнұсқа бейнеңіз тек сіздің профиль бетіңізде көрінеді.
Жазбаңызбен байланысты біріктірілген бейнелерді жоюға болады. Егер жазба біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзады деп санасаңыз, оған шағым жіберуіңізге де болады.

Егер 18 жасқа толмаған болсаңыз:
Біріктіру параметрлері туралы толығырақ мәлімет алу үшін жасөспірімдерге арналған құпиялық және қауіпсіздік параметрлерін қарап шығыңыз.






Өз бейнеңізді басқа адамның бейнесімен қалай біріктіруге болады


TikTok қолданбасында бейнені біріктіру үшін:
1. TikTok қолданбасында біріктіргіңіз келетін бейненің бүйір жағындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
2. «Біріктіру» түймесін түртіп, біріктіргіңіз келетін бейненің бөлігін таңдаңыз, содан кейін «Келесі» түймесін түртіңіз.
3. Бейнеңіз үшін максималды ұзақтықты таңдаңыз.
4. Біріктірілген бейнені жасау үшін «Жазу» түймесін, содан кейін «Жалғастыру» ✓ түймесін түртіңіз.
5. Сүзгі, дауыс, мәтін, стикерлер, эффектілер және т.б. қосыңыз немесе кеңейтілген өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.
6. Cтористерде жариялау үшін «Сіздің сторисіңіз» түймесін немесе төмендегідей қосымша өзгерістер енгізу үшін «Келесі» түймесін түртіңіз:
༚ Сипаттама қосу
༚ Хэштегтер қосу
༚ Адамдарды белгілеу
༚ Орын қосу
༚ Сілтеме қосу
༚ Құпиялық параметрлерін басқару
7. Біріктірілген бейнені жариялау үшін «Жариялау» түймесін, ал сақтау үшін «Нобайлар» түймесін түртіңіз. Нобайларыңыз сіздің профиліңізде тек сізге ғана көрінеді.

Ескертпе: кейбір бейнелерде «Біріктіру» функциясы қосылып тұрмайды.


Құпиялық бойынша құқықтарыңызды немесе біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзатын біріктірілген бейнені көрсеңіз, онлайн форма арқылы бізге хабарласыңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?