Дуэттер

Бөлімге өту


TikTok-тағы «Дуэт» деген не?Басқа адамның бейнесімен дуэтті қалай жасауға болады






TikTok-тағы «Дуэт» деген не?


«Дуэт» функциясы бейнеңізді TikTok қолданбасындағы басқа автордың бейнесімен қатар орналастырып жариялауға мүмкіндік береді. «Дуэт» функциясында экран екіге бөлінеді және екі автордың бейнелері бір уақытта ойнатылады. Басқа адамдар бейнелеріңізбен дуэт жасай алуы үшін, аккаунтыңыз ашық болуы керек екенін ескеріңіз.

Аккаунттың құпиялық параметрлерінен бейнелеріңізбен кімнің дуэт жасай алатынын таңдаңыз
• Барлығы: егер осы рұқсатты таңдап, «Дуэт» функциясын қоссаңыз, бейнелеріңізбен кез келген адам дуэт жасай алады.
• Достар (өзара жазылушылар): егер осы рұқсатты таңдап, «Дуэт» функциясын қоссаңыз, онда бейнелеріңізбен сіз жазылған және сізге өзара жазылған адамдар ғана дуэт жасай алады.

«Дуэт» функциясын жекелеген жазбалар үшін өшіруге немесе контентіңізбен байланысты дуэт жазбаларын жоюға болады. «Дуэт» функциясын өшірсеңіз, басқалары сіздің бейнелеріңізбен дуэт жасай алмайды. «Дуэт» функциясының құпиялық параметрлерін басқару туралы толығырақ біліңіз.

Басқа біреуге бейнеңізбен дуэт жасауға рұқсат бергенде мына нәрселерді білген жөн:
Дуэтті кім көре алатыны, оған пікір қалдыра алатыны, оны жүктеп ала алатынын немесе онымен өзара әрекеттесе алатыны пайдаланушының құпиялық параметрлерінде анықталады.
Дуэт оны жазған адамның профилінде ғана пайда болады. Түпнұсқа бейнеңіз тек сіздің профиліңізде болады.
Жазбаңызбен байланысты дуэт бейнелерін жоюға болады. Егер жазба біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзады деп санасаңыз, оған шағым жіберуіңізге де болады.

Егер 18 жасқа толмаған болсаңыз:
Дуэт параметрлері туралы толығырақ ақпарат алу үшін жасөспірімдерге арналған құпиялық және қауіпсіздік параметрлерін қарап шығыңыз.






Басқа адамның бейнесін «Дуэт» функциясында қалай пайдалануға болады


TikTok-та бейнемен дуэт жасау үшін:
1. TikTok қолданбасында дуэт жасағыңыз келетін бейненің бүйір жағындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
2. Төменгі жақтағы «Дуэт» түймесін түртіңіз. Оны табу үшін төмен қарай жанап өту қажет болуы мүмкін.
3. Эффектілерді, сүзгілерді қосыңыз немесе камераның басқа құралдарын пайдаланыңыз.
4. Жазуды бастау және тоқтату үшін «Жазу» түймесін, содан кейін «Жалғастыру» ✓ түймесін түртіңіз.
5. Сүзгі, дауыс, мәтін, стикерлер, эффектілер және т.б. қосыңыз немесе кеңейтілген өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.
6. Дуэтті стористе жариялау үшін «Сіздің сторисіңіз» түймесін немесе төмендегідей қосымша өзгерістер енгізу үшін «Келесі» түймесін түртіңіз:
༚ Сипаттама қосу
༚ Хэштегтер қосу
༚ Адамдарды белгілеу
༚ Орын қосу
༚ Сілтеме қосу
༚ Құпиялық параметрлерін басқару
7. Дуэтті жариялау үшін «Жариялау» түймесін, ал сақтау үшін «Нобайлар» түймесін түртіңіз. Нобайларыңыз сіздің профиліңізде тек сізге ғана көрінеді.

Ескертпе: кейбір бейнелерде «Дуэт» функциясы қосылып тұрмайды.


Құпиялық бойынша құқықтарыңызды немесе біздің Қауымдастық ережелерімізді бұзатын дуэт бейнесін көрсеңіз, онлайн форма арқылы бізге хабарласыңыз.

Бұл сізге көмектесті ме?