Бөлімге өту
TikTok платформасындағы «Сіздің жауабыңыз» деген не? • «Сіздің жауабыңыз» жазбасын қалай жасауға болады • «Сіздің жауабыңыз» жазбасына қалай жауап беруге болады • Сіздегі «Сіздің жауабыңыз» жазбаларын қалай көруге болады
TikTok платформасындағы «Сіздің жауабыңыз» деген не?
«Сіздің жауабыңыз» мүмкіндігі TikTok-тағы басқа пайдаланушылармен промпттар арқылы өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Мұндай промпттарды жазбаларыңызға қосу арқылы оған жауап бере аласыз.
«Сіздің жауабыңыз» жазбасын қалай жасауға болады
Жазбаға промптты қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Жазба қосу» + түймесін түртіңіз.
2. Құрылғыңыздан фотосурет немесе бейне жүктеп салыңыз немесе «Камера» түймесін түртіп, фотосурет түсіріңіз немесе бейне жазыңыз.
3. Өңдеу экранының бүйір жағындағы «Сіздің жауабыңыз» түймесін түртіңіз.Сондай-ақ «Стикерлер» түймесін, содан кейін «Сіздің жауабыңыз» стикерін түртуге болады.
4. Кез келген тақырып туралы промптты енгізіңіз немесе трендтегі тақырыптар негізінде ұсынылған промпттардың бірін таңдаңыз, содан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
5. Мәтін, эффектілер, дыбыс, сүзгі және тағы басқасын қосыңыз немесе кеңейтілген өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.
6. Қосымша түзетулер енгізу үшін «Келесі» түймесін түртіңіз, содан кейін «Жариялау» түймесін түртіңіз.
Промптты басқа пайдаланушының жазбасынан тікелей қосу үшін:
1. «Сіздің жауабыңыз» промпты бар жазбаға өтіңіз де, қосымша мәліметтерді көру үшін түймені түртіңіз.
2. Төменгі жағындағы «Жаңа тақырып» түймесін түртіңіз.
3. Кез келген тақырып туралы промптты енгізіңіз немесе трендтегі тақырыптар негізінде ұсынылған промпттардың бірін таңдаңыз, содан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
4. Құрылғыңыздан фотосурет немесе бейне жүктеп салыңыз немесе «Камера» түймесін түртіп, фотосурет түсіріңіз немесе бейне жазыңыз.
5. Мәтін, эффектілер, дыбыс, сүзгі және тағы басқасын қосыңыз немесе кеңейтілген өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.
6. Қосымша түзетулер енгізу үшін «Келесі» түймесін түртіңіз, содан кейін «Жариялау» түймесін түртіңіз.
«Сіздің жауабыңыз» жазбаларын жасау туралы мыналарды білген жөн:
• «Сіздің жауабыңыз» промпттары барлығына көрінеді және олармен TikTok-тағы кез келген пайдаланушы өзара әрекеттесе алады.Егер «Сіздің жауабыңыз» стикеріне жауап берсеңіз және жауабыңызды барлы пайдаланушылардың көргенін қаламасаңыз, жазбаңыздың құпиялық параметрін реттеуіңізге болады.
• Промптыңызға біреу жауап берген кезде, кіріс жәшігіңізге хабарландыру жібереміз.Егер хабарландыру алғыңыз келмесе, Атқа сілтемелер мен тегтер бөлімінде хабарландыруларды өшіріп қоюыңызға болады.
• Жазба жарияланғаннан кейін, одан «Сіздің жауабыңыз» түймесін жоя алмайсыз.Егер жазбаңызда «Сіздің жауабыңыз» промптының болғанын қаламасаңыз, жазбаның құпиялық параметрін өзгертуге немесе жазбаны жоюға болады.
• Егер жазбаңыз танымал тақырыпта болса, басқа пайдаланушыларды контентіңізбен өзара әрекеттесуге шақыру үшін оған «Сіздің жауабыңыз» түймесін қосуымыз мүмкін.Біз бұл өзгеріс жайында сізге хабарлаймыз және бұл түймені жазбаңыздан алып тастағыңыз келсе, бізге хабарландыру арқылы хабарласуыңызға болады.
«Сіздің жауабыңыз» жазбасына қалай жауап беруге болады
Егер «Сіздің жауабыңыз» промпты бар жазбаны көрсеңіз, оған жаңа жазбаны жасау арқылы тікелей жауап бере аласыз.
1. «Сіздің жауабыңыз» промпты бар жазбаға өтіңіз де, қосымша мәліметтерді көру үшін түймені түртіңіз.
2. Жазба жасау үшін төменгі жақтағы «Сіздің жауабыңыз» түймесін түртіңіз.
3. Құрылғыңыздан фотосурет немесе бейне жүктеп салыңыз немесе «Камера» түймесін түртіп, фотосурет түсіріңіз немесе бейне жазыңыз.
4. Мәтін, эффектілер, дыбыс, сүзгі және тағы басқасын қосыңыз немесе кеңейтілген өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.
5. Қосымша түзетулер енгізу үшін «Келесі» түймесін түртіңіз, содан кейін «Жариялау» түймесін түртіңіз.
«Сіздің жауабыңыз» жазбасына жауап беру туралы мыналарды білген жөн:
• Түпнұсқа «Сіздің жауабыңыз» жазбасының авторы, ортақ достар және промптқа жауап берген басқа пайдаланушылар жазбаңыз туралы хабарландыру алады.
• Жазбаңыздың құпиялық параметрлеріне байланысты жазбаңыз басқа пайдаланушыларға көрінуі мүмкін.Сондай-ақ профиль фотосуретіңіз «Сіздің жауабыңыз» түймесіндегі басқа пайдаланушыларға да көрінуі мүмкін.
Сіздегі «Сіздің жауабыңыз» жазбаларын қалай көруге болады
Сіз қосқан «Сіздің жауабыңыз» жазбаларының барлығын, сондай-ақ қандай промпттарды жасауға шақырылғаныңызды TikTok Studio-дан көре аласыз.
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы «Мәзір»☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «TikTok Studio» опциясын таңдаңыз.
3. «Қосымша құралдар» бөлімінде «Сіздің жауабыңыз» түймесін түртіңіз.Осы жерде:
༚ Барлық «Сіздің жауабыңыз» жазбаларыңызды көру үшін «Қосылғандар» қойындысын түртіңіз.Егер әлі ештеңе жарияламаған болсаңыз, жаңа тақырыпты жасау үшін «Жаңа тақырып» түймесін түртіңіз.
༚ Қандай промпттарды жасауға шақырылғаныңызды көру үшін «Қосылатындар» қойындысын түртіңіз.Тақырыпқа қосатын промптты таңдаңыз.