Дыбысын өшіру

Бөлімге өту


Жеке хабарламалардың дыбысын өшіруХабарландырулардың дыбысын өшіруЖазбалардың дыбысын өшіру




Хабарландыруларға алаңдамау және сізге қызықты емес контентті жасыру үшін пайдаланушылардың немесе жазбалардың дыбысын өшіріп қоюыңызға болады.




Жеке хабарламалардың дыбысын өшіру

TikTok-та қандай да бір пайдаланушыдан келетін жеке хабарламалардың дыбысын өшірсеңіз, ол сізге жазған кезде, кіріс жәшігіңізге хабарландыру келмейтін болады.Ортақ достардың, сіз жазылған аккаунттардың немесе жазылушылардың жеке хабарламаларының дыбысын өшіруге болады.


Кіріс жәшігіндегі хабарландырулардың дыбысын өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Осы жерде мына әрекеттерді орындауға болады:
༚ iOS құрылғыларында чатты жанап өтіп, «Тағы» түймесін түртіңіз.
༚ Android құрылғыларында чатты басып тұрыңыз.
3. Чат хабарландыруларын алуды тоқтату үшін «Дыбысын өшіру» түймесін түртіңіз.


Сондай-ақ хабарландырулардың дыбысын тікелей чаттан өшіруге болады. Ол үшін «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіп, «Хабарландырулардың дыбысын өшіру» параметрін қосыңыз.Сондай-ақ алаңдамау үшін push-хабарландырулардың дыбысын өшіріп қоюыңызға болады.



Хабарландырулардың дыбысын өшіру

Хабарландырулардың дыбысын өшірсеңіз, біреу контент жариялаған немесе эфирге шыққан кезде, сізге push-хабарландырулар келмейтін болады.


Push-хабарландырулардың дыбысын өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасында автордың профиліне өтіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы «Хабарландыру параметрлері» түймесін түртіңіз.
3. Жазбалардың немесе эфир бейнелерінің дыбысын өшіру үшін «Ешқайсысы» опциясын таңдаңыз.


Егер бұрын құпиялық параметрлері арқылы сіз жазылған барлық аккаунт үшін жазба хабарландыруларын өшіріп қойған болсаңыз, хабарландыру параметрлерін жеке-жеке басқара алмайтыныңызды ескеріңіз.


Жасөспірімдердің құрылғыларында push-хабарландырулар белгілі бір уақыт аралығында өшіріледі.Егер ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз, «Отбасылық параметрлер» бөлімінде баланың push-хабарландыруларының дыбысы өшірулі болатын қосымша уақытты орната аласыз.



Жазбалардың дыбысын өшіру

Егер қандай да бір аккаунттың дыбысын өшірсеңіз, оның жазбалары сіздің ленталарыңызда пайда болмайды. Оның жазбаларын көру үшін автордың профиліне кіруіңіз қажет болады.Сіз қандай да бір аккаунттың дыбысын өшірсеңіз, оған ол туралы ешқандай хабарландыру келмейді және ол адам сіздің жазбаларыңызды бұрынғыдай көре береді.


Досыңыздың жазбаларының дыбысын өшіру үшін.
1. TikTok қолданбасында автордың профиліне өтіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
3. «Оның жазбаларының дыбысын өшіру» түймесін түртіңіз.


Басқа адамдардың жазбаларының дыбысын өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасында жазбаға өтіңіз.
2. Жазбаны басып тұрыңыз немесе «Бөлісу» түймесін түртіңіз.
3. «Қызық емес» түймесін түртіңіз.
4. «Автор» түймесін, содан кейін «Жіберу» түймесін түртіңіз.


Сондай-ақ біреудің контенті Қауымдастық ережелерін бұзады деп есептеп, оған шағымданғаннан кейін, оның контентінің дыбысын өшіре аласыз.Шағымды жіберген соң, пайдаланушы контентінің дыбысын өшіру үшін «Мына аккаунт контентінің дыбысын өшіру ...»параметрін қосыңыз.


Қандай да бір аккаунттың дыбысын қосу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» түймесін, содан кейін «Параметрлер және құпиялық» түймесін түртіңіз.3. «Қалаулы контент» түймесін түртіңіз.
4. «Дыбысы өшірілген аккаунттар» түймесін түртіңіз.
5. Басқа аккаунттың дыбысын қосу үшін пайдаланушы атының жанындағы «Бас тарту» түймесін түртіңіз.

Бұл сізге көмектесті ме?