Бөлімге өту
Пікір қалдыру • Сатып алынған өнімге қалай пікір қалдыруға болады
Пікір қалдыру
TikTok желісіндегі жарнамалар арқылы сатып алған өнімдеріңіз туралы пікірлерді қарап, өз пікіріңізді қалдыруға болады. Мұндай сатып алуға қолданбаны жүктеп алу, ықтимал тұтынушы формасын жіберу немесе үшінші тарап веб-сайты арқылы сатып алуды жатқызуға болады.
Пікір қалдырмас бұрын, мына нәрселерді білген жөн:
- Біз тек TikTok жарнамалары арқылы расталған сатып алу транзакциясын жасаған немесе өзара әрекеттескен тұтынушылардың пікірлерін қабылдаймыз.
- Жағымды болсын, жағымсыз болсын — пікір шынайы болмаса, оны бөлісуге рұқсат етілмейді. Пікіріңіз шынайы болуы және нақты алған әсеріңізді жеткізуі керек.
- Тегін сыйлықтар, ваучерлер немесе басқа да қаржылық сыйақылар үшін пікір қалдыруға рұқсат етілмейді.
- Барлық пікір біздің Қауымдастық ережелерімізге сай болуы керек.
- Пікіріңіз TikTok желісінде пайдаланылуы және басқаларға көрсетілуі мүмкін.
Сатып алынған өнімге қалай пікір қалдыруға болады
Сатып алу транзакциясын немесе іс-әрекетті аяқтағаннан кейін, сізге қысқаша сауалнама келуі мүмкін. Сонымен қатар біз тұтынушылардың пікірлері мен кері байланысын мынадай жолдармен жинауымыз мүмкін:
- Қолданба ішіндегі тұтынушы пікірлері
- Тұтынушы шағымдары
- Қолдау көрсету арналары арқылы жіберілген тікелей шағымдар
TikTok Shop арқылы тікелей сатып алу үшін TikTok Shop тұтынушыларының пікірлеріне қатысты саясатпен танысыңыз.