TikTok бейнелері мен фотоcуреттерін өңдеу

Бөлімге өту


TikTok-тағы өңдеу құралдарыҚосымша бейнелер мен фотосуреттерді қалай қосуға боладыБейнеклипті қалай өңдеуге боладыКлип жылдамдығын қалай реттеуге боладыДыбысты қалай қосуға боладыАуысуларды қалай қосуға және өңдеуге боладыМәтінді қалай қосуға және өңдеуге болады«Сиқыр» құралын қалай пайдалануға болады«ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігін қалай пайдалануға боладыҚабаттасуларды қалай өңдеуге боладыӨңдеу туралы мына нәрселерді білген жөн






TikTok-тағы өңдеу құралдары


TikTok-тағы жазбаларыңызды одан әрі жақсарту үшін кеңейтілген өңдеу құралдарын пайдалуға болады. Өңдеу құралдарына мыналар жатады:
• Қабаттасу және дыбыс эффектілері
• Бейне эффектілері
• Бірнеше жолдық өңдеу
• ЖИ арқылы өңдеу эффектілері

Өңдеу құралдарын ашу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз. 2. Фотосурет немесе бейне түсіріңіз. Сондай-ақ құрылғыдағы фотосуретті немесе бейнені пайдалану үшін «Жүктеп салу» түймесін түртуіңізге болады. Осы жерде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
༚ Егер бейне жазған болсаңыз, өңдеу құралдарын ашу үшін бүйірлік панельдегі «Өңдеу» түймесін түртіңіз. Төменгі жақтағы «Жалғастыру» ✓ түймесін түрту қажет болуы мүмкін.
༚ Егер фотосурет түсірген болсаңыз, өңдеу құралдарын ашу үшін бүйірлік панельдегі «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
༚ Егер контентті жүктеп салған болсаңыз, өңдеу құралдарын ашу үшін «Келесі» түймесін, содан кейін бүйірлік панельдегі «Өңдеу» түймесін түртіңіз.






Редакторға қосымша бейнелер мен фотосуреттерді қалай қосуға болады


Қосымша бейнелерді немесе фотосуреттерді жүктеп салу үшін:
1. Өңдеу экранындағы «Қосу» + түймесін түртіңіз. Құрылғыңыздағы фотосуреттер мен бейнелерге өтесіз. Егер құрылғыңызда сақталған басқа альбомдарды немесе контентті алдын ала көргіңіз келсе, жоғарғы жақтағы «Соңғылар» түймесін түртіңіз.

2. Фотосурет немесе бейне таңдаңыз. Осы жерде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
༚ Контентті жүктеп салмас бұрын алдын ала көру үшін фотосуретті немесе бейнені түртіңіз. Егер оны қосқыңыз келсе, төменгі жақтағы «Таңдау» түймесін, содан кейін «Растау» түймесін түртіңіз.
༚ Контентті тікелей жүктеп салу үшін «Растау» түймесін түртіңіз.






Клипті қалай өңдеуге болады


Клипті өңдеу немесе оның ретін өзгерту үшін:
1. Өңдеу экранында клипті түртіңіз немесе төменгі жақтағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз. Осы жерде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
༚ Жолдың ұзақтығын қысқарту немесе ұзарту үшін клиптің екі жағындағы көрсеткіні ұстап тұрып, жылжытыңыз.
༚ Клипті бөлу үшін оны бөлгіңіз келетін жерге сызықты орналастырып, төменгі жақтағы «Бөлу» түймесін түртіңіз.
༚ Клиптің ретін өзгерту үшін оны басып тұрып, жолдың керек жеріне жылжытыңыз.
༚ Масштабты реттеу үшін клипті екі саусақпен қысыңыз немесе созыңыз.






Клип жылдамдығын қалай реттеуге болады


Бейнеклипті жылдамдату немесе баяулату үшін:
1. Өңдеу экранында клипті түртіңіз немесе төменгі жақтағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз. Бұл мүмкіндік тек бейнеклиптерде ғана қолжетімді.
2. Төменгі жақтағы «Жылдамдық» түймесін түртіңіз.
3. Төменгі жақтағы «Қалыпты» немесе «Қисық» түймесін түртіп, бейне жылдамдығын таңдаңыз.
4. Таңдалған клип жылдамдығын сақтау үшін шығу түймесін түртіңіз.


Әр клипке тек бір жылдамдық түрін қоса алатыныңызды ескеріңіз.






Дыбысты қалай қосуға болады


Дыбысты қосу немесе ауыстыру үшін:
1. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «Дыбыс» түймесін түртіңіз.
2. «Дыбыс қосу» опциясын немесе клипте дыбыс болса, «Ауыстыру» опциясын таңдаңыз. Сондай-ақ жолдың астындағы дыбысты түрту арқылы ауыстыруға болады.
3. Дыбысты таңдаңыз немесе іздеңіз. Дыбыс жазбаңызға автоматты түрде қосылады.
4. Қосымша өзгерістер енгізу үшін дыбыстық клипті түртіңіз.

Дыбыстық эффектіні қосу үшін:
1. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «Дыбыс» түймесін түртіңіз, содан кейін «Дыбыстық эффект» опциясын таңдаңыз.
2. Алдын ала көру үшін кез келген дыбысты таңдаңыз. Дыбысты кейін пайдалануға сақтау үшін, «Таңдаулылар» түймесін түртуіңізге болады.
3. Дыбыстық эффектіні бейнеге сақтау үшін «Пайдалану» түймесін түртіңіз.


Дыбыстама қосу үшін:
1. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «Дыбыс» түймесін түртіңіз, содан кейін «Дыбыстама» опциясын таңдаңыз.
2. Дыбыстама жазу үшін «Жазу» түймесін түртіңіз.
3. Дыбыстама дыбысын сақтау үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.






Ауысуларды қалай қосуға және өңдеуге болады


Клиптердің арасына ауысуларды қосу үшін:
1. Өңдеу экранында клиптер арасындағы «Ауысу» түймесін түртіңіз.
2. Ауысуды таңдап, алдын ала қарап алыңыз немесе оны контентке қосыңыз. Осы жерде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
༚ Ауысуды қайта ойнату үшін оны қайта түртіңіз.
༚ Ауысуды бұрыннан бар клиптің барлығына қолдану үшін «Барлығына қолдану» түймесін түртіңіз.
3. Өзгертуді сақтау үшін «Жабу» түймесін түртіңіз.

Ауысуларды пайдалану туралы мына нәрселерді білген жөн:
• Ауысуды бірнеше клипті өңдеген кезде ғана қоса аласыз.
• Ауысудың ұзақтығы клиптің ұзақтығына қарай әртүрлі болуы мүмкін.






Мәтінді қалай қосуға және өңдеуге болады


Мәтінді қосу және өңдеу үшін:
1. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «Мәтін» түймесін түртіңіз.
2. Қосқыңыз келетін мәтінді енгізіңіз.
3. «Жалғастыру» ✓ түймесін түртіңіз. Осы жерде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
༚ Мәтін ретін өзгерту үшін бейне жолының астындағы мәтінді ұстап тұрып, қажетті жерге жылжытыңыз.
༚ Мәтіннің ұзақтығын қысқарту немесе ұзарту үшін оның бүйір жағындағы көрсеткіні ұстап тұрып, жылжытыңыз.
༚ Мәтінді өңдеу үшін оны алдын ала көру экранында түртіп, өңдеңіз немесе төменгі жақтағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
4. Мәтіндік стикерді немесе бейне жолының астындағы мәтінді түртіңіз де, мәтінді көшіру үшін «Көшіру» түймесін түртіңіз. Жаңа мәтін тікелей түпнұсқаның астына кірістіріледі. Мәтінді реттеу үшін оны алдын ала көру экранында ұстап тұрып, жылжытыңыз немесе бейне жолының астындағы мәтінді жылжытыңыз.






«Сиқыр» құралын қалай пайдалануға болады


«Сиқыр» құралы бейне немесе аудиоэффектілер сияқты арнайы эффектілерді автоматты түрде қосу арқылы жазбаларды өңдеуге көмектеседі.

«Сиқыр» құралын пайдалану үшін:
1. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «Сиқыр» түймесін түртіңіз.
2. Клипке автоматты түрде қолдану үшін өңдеу мәнерін таңдаңыз. Эффектілерді қайта ойнату үшін оларды қайта түртіңіз.
3. Өзгертулерді сақтау үшін «Жалғастыру» ✓ түймесін түртіңіз.






«ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігін қалай пайдалануға болады


«ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігі мәтіндік промпттар және сіздегі фотосуреттер мен бейнелер арқылы кескінді немесе бейнені жасауға мүмкіндік береді. «ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігін бейнені немесе фотосуретті жүктеп салғаннан пайдалана аласыз.


Ескертпе: бұл мүмкіндікті әзірге кейбір жерлерде пайдалана алмайсыз.


«ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігін пайдалану үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Фотосурет немесе бейне түсіріңіз. Сондай-ақ құрылғыңыздағы фотосуретті немесе бейнені пайдалану үшін «Жүктеп салу» түймесін түртуіңізге болады. Бұл фотосуреттің немесе бейненің сіз жасағыңыз келетін контент түріне қатысты болуы шарт емес.
3. Бүйірлік панельдегі «Өңдеу» түймесін түртіңіз. Егер бейне жасағыңыз келсе, алдымен «Жалғастыру» ✓ түймесін түртуіңіз қажет.
4. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «ЖИ көмегімен жасау» түймесін түртіңіз.
5. «ЖИ кескіні» немесе «ЖИ бейнесі» түймесін түртіңіз. «ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігін алғаш рет пайдаланып жатқан болсаңыз, қолданбаға промптты және/немесе фотосуреттерді пайдалануға рұқсат беруіңіз қажет болады.
6. Мәтіндік промптты енгізіп, «Жасау» түймесін түртіңіз. ЖИ бейнелері үшін промптпен бірге фотосуретті де жүктеп салуға болады.
7. Кескін немесе бейне дайын болған соң, мына әрекеттерді орындай аласыз:
Жасалған контентті пайдалану
༚ Ұсынылған нұсқалардың ішінен ұнаған кескінді немесе бейнені таңдаңыз.
Контентті қайта жасау
༚ Жаңа кескін немесе бейне жасау үшін «Қайта жасау» түймесін түртіңіз.
༚ Мәтіндік промптты және/немесе фотосуретті өңдеу үшін «Өзгерту» түймесін түртіңіз.
༚ ЖИ кескінінен бейне жасау үшін «Бейне жасау» түймесін түртіңіз. Мәтіндік промптты енгізіп, жаңа фотосуретті жүктеп салыңыз немесе бұрын жасалған ЖИ кескінін пайдаланыңыз. «Жасау» түймесін түртіңіз.


«ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігі контент жасап жатқан кезде, TikTok-тағы басқа мүмкіндіктерді пайдалана беруіңізге болады. Өңдеу экранынан шықпас бұрын, «Нобай ретінде жасау» түймесін түртіңіз. Жазба дайын болғанда, сізге хабарлаймыз.


«ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігі туралы мына нәрселерді білген жөн:
• Бір күндегі қайта жасау әрекеттерінің саны шектеулі болады.
• Промпттар мен жүктеп салынған фотосуреттердің барлығы Қауымдастық ережелеріне сай келуі тиіс.
• Басқа адамдардың жеке ақпаратын немесе фотосуреттерін қамтитын промпттарды немесе фотосуреттерді сол адамдардың келісімінсіз пайдаланбаңыз.
• «ЖИ көмегімен жасау» мүмкіндігі арқылы жасалған контент тек сипаттамалық мақсатқа ие болады және оны саналы түрде пайдалану қажет. Сіз жүктеп салған контенттің үшінші тараптың құқықтарын бұзғаны үшін жауапты боласыз.
• Промпттар мен сіз жүктеп салған контент 30 күнге дейін сақталады, содан кейін олар жойылады.






Қабаттасуларды қалай өңдеуге болады


Қабаттасулар бейне немесе кескін клиптерінің үстіне бейнелерді немесе фотосуреттерді қабаттастырып қоюға мүмкіндік береді.

Қабаттасуларды өңдеу үшін:
1. Өңдеу экранынының төменгі жағындағы «Қабаттасу» түймесін түртіңіз. Құрылғыңыздағы фотосуреттер мен бейнелерге өтесіз.
2. Клиптеріңіздің қабаттасуы ретінде пайдаланғыңыз келетін элементті таңдаңыз.
3. «Келесі» түймесін түртіңіз. Элемент клиптің жоғарғы жағына қойылады. Осы жерде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
༚ Қабаттасу өлшемін реттеу үшін екі саусақпен қысыңыз немесе созыңыз, ал орнын өзгерту үшін ұстап тұрып, жылжытыңыз.
༚ Ұзындығын өңдеу үшін қабаттасатын клиптің екі жағындағы көрсеткіні ұстап тұрып, жылжытыңыз.






Жиі қойылатын сұрақтар


Бір жазбаға жүктеп салуға немесе өңдеуге болатын элементтердің максималды шегі бар ма?
Бір өңдеу сеансында 35 элементке дейін (соның ішінде фотосуреттер мен бейнелерді) жүктеп салуға болады. Қабаттасулар үшін 8 элементке дейін қосуға болады. Жазбаңызға бір дыбыс қосуға болады.

Құрылғы камерасын TikTok қолданбасында пайдалана аламын ба?
Жоқ, сіз тікелей TikTok қолданбасында құрылғы камерасымен контент жаза алмайсыз. TikTok қолданбасында тек камера құралын пайдалануға болады. Құрылғыңыздың камерасын пайдаланғыңыз келсе, контентті бөлек жазып, содан кейін оны TikTok-қа жүктеп салуыңызға болады.

«Дуэт» және «Біріктіру» бейнелерінде редакторды іске қосуға бола ма?
Иә, сіз TikTok-тағы барлық «Дуэт» және «Біріктіру» бейнелері үшін өңдеу құралдарын пайдалана аласыз.

Бұл сізге көмектесті ме?