Бөлімге өту
TikTok-тағы хабарландырулар тақтасы дегеніміз не? • Хабарландырулар тақтасына қалай қосылуға болады • Хабарландырулар тақтасынан қалай шығуға болады • Хабарландыруға қалай жауап беруге болады • Хабарландыруға қалай шағымдануға болады
TikTok-тағы хабарландырулар тақтасы дегеніміз не?
Хабарландырулар тақтасы — бұл авторлардың өз жазылушыларымен байланысып, араласуына арналған қолданба ішіндегі арна. Хабарландырулар тақтасына қосылу арқылы сүйікті авторларыңыздың соңғы хабарландыруларына, іс-шаралары туралы мәліметтерге немесе басқа да қызықты жаңалықтарға жазыласыз.
Хабарландырулар тақтасына қалай қосылуға болады
Сіз жазылған авторлар жаңа хабарландырулар тақтасын жасағанда, TikTok-тан тақтаға қосылу туралы бір реттік хабарландыру аласыз. Сондай-ақ оған автордың профилінен де қосылуға болады.
Кіріс жәшігінен
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. «Белсенділік» түймесін, содан кейін хабарландырулар тақтасына кіруге арналған шақыруды түртіңіз.
3. «Қосылу» түймесін түртіңіз.
Автордың профилінен
1. TikTok қолданбасында автордың профиліне өтіңіз.
2. Сипаттаманың астында көрсетілген хабарландырулар тақтасын түртіңіз. Автор хабарландырулар тақтасын өз профилінде көрсетуді таңдаған жағдайда ғана оны көре аласыз.
3. «Қосылу» түймесін түртіңіз.
Хабарландырулар тақтасына қосылғаннан кейін, ол кіріс жәшігіңізде басқа хабарлама тізбектерінің жанында пайда болады. Егер сіз авторға әлі жазылмаған болсаңыз, оның хабарландырулар тақтасына қосылған кезде, оған автоматты түрде жазылатыныңызды ескеріңіз.
Хабарландырулар тақтасынан қалай шығуға болады
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Хабарландырулар тақтасын түртіп, оған кіріңіз.
3. Экранның жоғарғы жағындағы «Қосымша опциялар» ... түймесін түртіңіз.
4. «Шығу» түймесін, содан кейін растау үшін «Шығу» түймесін қайта түртіңіз.
Хабарландырулар тақтасынан шыққаннан кейін, сізге жаңа хабарландырулар келмейді, бірақ оның тарихы сізге көрініп тұрады. Егер хабарландыруларды өшіргіңіз келсе, жоғарыдағы қадамдарды орындап, «Хабарландырулар тақтасының дыбысын өшіру» параметрін қосуыңызға болады.
Хабарландыруға қалай жауап беруге болады
Хабарландырумен өзара әрекеттесу үшін эмодзи реакцияларын жібере аласыз.
1. TikTok қолданбасында кіріс жәшігіңіздегі хабарландыруға өтіңіз.
2. Реакцияны бірнеше тәсілмен бөлісуге болады:
༚ Жүрек эмодзиін жіберу үшін хабарландыруды екі рет түртіңіз.
༚ Әдепкі эмодзиді таңдау үшін хабарландыруды басып тұрыңыз.
༚ Хабарландыруды басып тұрып, өзіңізге ұнайтын эмодзиді таңдау үшін «Эмодзи» түймесін түртіңіз.
Хабарландыруға тек хабарландырулар тақтасына жазылған адамдар ғана реакция білдіре алатынын, бірақ сіздің эмодзи реакцияларыңыз барлығына көрінетінін ескеріңіз.
Хабарландыруға қалай шағымдануға болады
TikTok-ты жайлы әрі қауіпсіз желі етуге көмектесу үшін біздің Қауымдастық ережелерімізге қайшы келетін хабарландырулар тақтасының контентіне шағым жібергеніңізді құптаймыз.
Хабарландыруға шағымдану үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Кіріс жәшігі» түймесін түртіңіз.
2. Хабарландырулар тақтасын түртіп, оған кіріңіз.
3. Шағымданғыңыз келетін хабарландыруға өтіңіз.
4. Хабарландыруды басып тұрып, «Шағымдану» түймесін түртіңіз де, берілген қадамдарды орындаңыз.