Бөлімге өту
TikTok-тағы ойнату тізімдері деген не? • TikTok-та ойнату тізімін қалай жасауға болады • Ойнату тізіміне жазбаны қалай қосуға және жоюға болады • Ойнату тізімдерін қалай басқаруға болады
TikTok-тағы ойнату тізімдері деген не?
TikTok-тағы ойнату тізімдері авторларға жария контентті санаттарға жіктеуге және көрермендерге қатысты жазбаларды белгілі бір ретпен қарауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы уақыттағы ойнату тізімдері TikTok-тағы кейбір пайдаланушылар үшін қолжетімді емес. Егер профиліңіздің жазбалар қойындысында ойнату тізімдерін жасау опциясы көрінбесе, демек ойнату тізімдері сіз үшін әлі қолжетімді емес.
TikTok-та ойнату тізімін қалай жасауға болады
Егер қатынасу рұқсатыңыз бар болса, ойнату тізімін профиліңізден немесе контентті жариялайтын кезде жасай аласыз. Ойнату тізімінде бір немесе бірнеше жария жазба бар болса ғана басқаларына көрінетінін есте сақтаңыз. Егер жеке аккаунтқа ауыстырсаңыз, ойнату тізімдерін басқара бересіз, бірақ олар TikTok-та ешкімге көрінбейтін боп қалады.
Алғашқы ойнату тізімін жасау үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. «TikTok Studio» бөлімін ашу үшін жоғары жақтағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз.
3. Қосымша құралдар ішінен «Ойнату тізімі» түймесін түртіңіз.
4. Ойнату тізімін жасау түймесін түртіңіз.
5, Алғашқы ойнату тізімін жасау қадамдарын орындаңыз.
Алғашқы ойнату тізімін жасап болған соң, басқа да ойнату тізімдерін профиліңіздегі жазбалар қойындысында «Ойнату тізімдерін басқару» түймесін түрту арқылы немесе TikTok Studio арқылы жасай аласыз.
Профильден ойнату тізімін жасау үшін:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Профиліңіздегі жазбалар қойындысында «Ойнату тізімдерін басқару» түймесін түртіңіз.
3. Ойнату тізімін жасау түймесін түртіңіз.
4, Алғашқы ойнату тізімін жасау қадамдарын орындаңыз.
Ойнату тізіміне жазбаны қалай қосуға және жоюға болады
Ойнату тізімін жасаған соң, ойнату тізіміне жасап қойған басқа жазбаларды немесе жаңа жазбаларды қосуыңызға болады.
Ойнату тізіміне тікелей жазбадағы контентті қосу үшін:
1. TikTok қолданбасында ойнату тізіміне қосқыңыз келетін бейнеге өтіңіз.
2. «Қосымша опциялар …» түймесін түртіңіз. Осы жерде:
༚ «Ойнату тізіміне қосу» түймесін түртіп, жазба қосқыңыз келетін ойнату тізімін таңдаңыз.
༚ Жазбаны ағымдағы ойнату тізімінен жою үшін «Ойнату тізімінен жою» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: жазбаны бір уақытта бірнеше ойнату тізіміне қосу мүмкін емес. Жазбаны басқа ойнату тізіміне қосқыңыз келсе, оны қосылып қойған ойнату тізімінен жоюыңыз қажет.
Жазбаны жарияламас бұрын, оны ойнату тізіміне қосу үшін:
1. TikTok қолданбасында жазба жасаңыз.
2. Жариялау экранында «Қосымша опциялар …» түймесін түртіңіз.
3. «Ойнату тізіміне қосу» түймесін түртіңіз. Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
༚ Бейне қосылатын ойнату тізімін таңдаңыз.
༚ «Жаңа ойнату тізімі» түймесін түртіп, жаңа ойнату тізімін жасау қадамдарын орындаңыз. Алдымен кем дегенде бір ойнату тізімін жасап алуыңыз қажет екенін есте сақтаңыз. Ойнату тізімін жасамаған болсаңыз, сізге «Ойнату тізіміне қосу» опциясы көрінбейді.
4. Бейнені жариялау үшін «Жариялау» түймесін түртіңіз.
Ойнату тізімдерін қалай басқаруға болады
Ойнату тізімдерін кез келген уақытта жазбалар қойындысында немесе TikTok Studio арқылы басқаруға болады.
Ойнату тізімін өңдеу үшін:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Профиліңіздегі жазбалар қойындысында «Ойнату тізімдерін басқару» түймесін түртіңіз. Сондай-ақ ойнату тізімі менеджеріне TikTok Studio арқылы кіре аласыз.
3. Өңдеу қажет ойнату тізімін таңдаңыз. Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
༚ «Жазбаларды жою» түймесін түртіп, жойғыңыз келетін жазба(лар)ды таңдаңыз.
༚ «Жазбаларды қосу» түймесін түртіп, қосқыңыз келетін жазба(лар)ды таңдаңыз.
༚ Ағымдағы ойнату тізімі атауының жанындағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз де, ойнату тізімінің жаңа атауын енгізіп, «Дайын» түймесін түртіңіз.
༚ Жазбаның ойнату тізімінде көрсетілетін ретін өзгерту үшін жазбаны басып тұрып, жылжытыңыз. Ретті өзгертпесеңіз, ойнату тізіміне соңғы қосылған жазба бірінші болып ойнатылатынын есте сақтаңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін «Жою» түймесін немесе «Қосу» түймесін түртіңіз. Сондай-ақ өзгертілген ретті сақтау үшін ойнату тізімінен шығуыңызға болады.
Ойнату тізімін жою үшін:
1. Профиліңіздегі жазбалар қойындысында жойғыңыз келетін ойнату тізімін түртіңіз.
2. Ойнату тізімі экранының жоғары жағындағы «Қосымша опциялар …» түймесін түртіңіз.
3. «Ойнату тізімін жою» түймесін түртіңіз.
4. Растау үшін «Жою» түймесін түртіңіз. Ойнату тізіміндегі жазбалар жойылмайды.