Бөлімге өту
Анимацияланған мұқабалар • Қалың қәріпті мәтін • Түстер контрасты • Күңгірт режим • Лентаның навигация түймелері • Фотосенсибилизация • Мәтін өлшемі
Анимацияланған мұқабалар
Арнайы мүмкіндіктер бойынша қажеттіліктеріңізге немесе визуалдық таңдауларыңызға байланысты бейне мұқабалары анимацияланған немесе статикалық болуы мүмкін.
Анимацияланған мұқабаларды қосу немесе өшіру үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жағындағы Профиль түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы Мәзір ☰ түймесін түртіп, Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Арнайы мүмкіндіктер түймесін түртіңіз.
4. Анимацияланған мұқабалар мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Қалың қәріпті мәтін
Егер құрылғыңызда қалың қаріпті мәтін параметрі қосулы болса, TikTok қолданбасындағы мәтін оқу ыңғайлылығын жақсарту үшін қалыңырақ болып көрсетіледі.TikTok қолданбасындағы қалың қаріпті мәтінді басқару үшін, құрылғының көрсету параметрлеріне өтіп, параметрді қосуға немесе өшіруге болады.
Құрылғыңыздың қалың қәріпті мәтін параметрі туралы толығырақ ақпарат алу үшін, Apple қолдау қызметі немесе Android арнайы мүмкіндіктері бойынша анықтама бөліміне өтіңіз.
Түстер контрасты
Көру қабілетіңізге қарай TikTok қолданбасындағы түстердің арасындағы контрастты реттеуге болады.
Бұл параметр құрылғыдағы түстер контрасты параметрлерінен бөлек және тек TikTok қолданбасына әсер ететінін ұмытпаңыз.Дегенмен құрылғыңызда түстер контрасты параметрі қосулы болса, TikTok қолданбасындағы түстер контрасты әдепкі бойынша артады.
Түстер контрастын басқару үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жағындағы Профиль түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы Мәзір ☰ түймесін түртіп, Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Арнайы мүмкіндіктер түймесін түртіңіз.
4. Түстердің контрастын арттыру параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Күңгірт режим
Пікірді күңгірт фонда мәтінін ашық етіп көру үшін, күңгірт режимді қосуыңызға болады.Күңгірт режим бейнелердің TikTok қолданбасындағы көрінісіне әсер етпейді.
Күңгірт режимді басқару үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жағындағы Профиль түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы Мәзір ☰ түймесін түртіп, Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Көрсету опциясын түртіңіз.
4. Күңгірт режимді қосу үшін Күңгірт опциясын, ал өшіру үшін Жарық опциясын таңдаңыз.TikTok қолданбасының көрсетілу параметрлерін құрылғыңыздың параметрлеріне автоматты түрде сәйкестендіру үшін Құрылғы параметрлерін пайдалану опциясын қосуға да болады.
TikTok-тағы күңгірт режим туралы толық ақпарат алыңыз.
Лентаның навигация түймелері
Лентаның навигация түймелері — лентаға навигация құралдарын қосатын экранды оқуға арналған көмекші құралдар.TikTok-та бұл түймелермен бірге құрылғыдағы VoiceOver (iOS) немесе TalkBack (Android) сияқты экранды оқу мүмкіндіктерін мына мақсаттар үшін пайдалануға болады:
• Бейнелерді кідірту немесе ойнату
• Келесі немесе алдыңғы жазбаға өту
• «Ұсыныстар», «Жазылымдар» және басқа ленталарды жаңарту
Лентаның навигация түймелерін пайдалану үшін алдымен құрылғы параметрлерінде |VoiceOver (iOS) немесе TalkBack (Android) мүмкіндігін қосу қажет.Оны қосқаннан кейін, бұл мүмкіндік TikTok қолданбасында автоматты түрде пайда болады.Егер құрылғыңыздың экранды оқу мүмкіндігі қосулы болғанда TikTok қолданбасында осы параметрді өшіріп қоятын болсаңыз, лентаның навигация түймелері көрсетілмейді және оны қайта қосу үшін қолданба параметрлеріне қайта оралуыңыз қажет болады.
Лентаның навигация түймелерін басқару үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жағындағы Профиль түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы Мәзір ☰ түймесін түртіп, Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Арнайы мүмкіндіктер түймесін түртіңіз.
4. Лентаның навигация түймелері параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.Бұл опцияны көру үшін, арнайы мүмкіндік параметрлеріне өтпес бұрын құрылғы параметрлерінде TalkBack (Android) немесе VoiceOver (iOS) мүмкіндігі қосылған болуы қажет.
Егер лентаның жоғарғы жағында стористер көрінсе, навигация түймелерін көрсету үшін лентаны екі рет түртіп, толық экран режиміне өтуіңіз қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Фотосенсибилизация
Фотосенситивті эпилепсия параметрі TikTok қолданбасының кей жасампаз эффектілеріне сезімтал бола алатын адамдарды қорғауға арналған ескертуді көрсетеді.Көру сезімталдығын туғыза алатын TikTok эффектілерін қамтитын бейнелерді сүзіп алуға болады.
Ұсыныстар немесе жазылымдар лентасы үшін фотосенситивті бейнелерден бас тарту үшін:
1. Фотосенситивтік ескертуі бар бейнеге өтіңіз.
2. Фотосенситивтік бейнелерді көруден бас тарту үшін, Барлығын өткізіп жіберу опциясын түртіңіз.Осындай эффектілері бар бейнелерді көруді жалғастыру үшін, Бейнені көру опциясын да түртуіңізге болады.
Фотосенситивтік бейнелер параметрін өзгерту үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жағындағы Профиль түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы Мәзір ☰ түймесін түртіп, Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Арнайы мүмкіндіктер түймесін түртіңіз.
4. Фотосенситивтік бейнелерді алып тастау параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Мәтін өлшемі
Көру қабілетіңізге қарай TikTok қолданбасында мәтін өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.
Құрылғы параметрлерінен қаріп өлшемін реттеу TikTok-тағы мәтін өлшеміне әсер етпейтінін ұмытпаңыз.TikTok қолданбасындағы мәтін өлшемін тек қолданба параметрлерінен өзгертуге болады.
TikTok қолданбасында мәтін өлшемін реттеу үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жағындағы Профиль түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы Мәзір ☰ түймесін түртіп, Параметрлер және құпиялық тармағын таңдаңыз.
3. Арнайы мүмкіндіктер түймесін түртіңіз.
4. Мәтін өлшемі опциясын түртіп, содан кейін мәтін өлшемдерін алдын ала көру үшін төменгі жақтағы жүргірткіні пайдаланыңыз.
5. Мәтін өлшемін өзгерту үшін Реттеу түймесін түртіңіз.
Егер сіз iOS құрылғысын пайдалансаңыз, мәтін өлшемін реттегеннен кейін қолданба жабылады және өзгерістерді көру үшін оны қайта ашу қажет болады.Ал егер Android құрылғысын пайдалансаңыз, қолданба автоматты түрде қайта іске қосылады, содан кейін өзгерістерді көресіз.