Бөлімге өту
TikTok желісіндегі «Достар» қойындысы деген не? • TikTok желісінде тағы басқа достарды табу жолы
TikTok желісіндегі «Достар» қойындысы деген не?
«Достар» қойындысы – TikTok желісіндегі достарыңыз (сіз өзара жазылған жазылушылар), сіз жазылған аккаунттар және сізге ұсынылған аккаунттар (кейбір аймақтарда) арқылы таныс болуы мүмкін адамдардың контентін көрсететін лента.
Ескертпе: кейбір адамдар «Достар» қойындысының орнына «Қызықты» қойындысын көруі мүмкін.
TikTok желісінде тағы басқа достарды табу жолы
Қызығушылықтарыңыз ұқсас достарды көбірек табу үшін «Ұсыныстар» лентасын пайдалана аласыз.Сондай-ақ басқа платформалардағы достарыңызды TikTok желісіне қосылуға шақыра аласыз.TikTok желісімен бөліскен ақпаратыңызға қарай, телефоныңыздағы бір контактіге немесе Facebook желісіндегі досыңыздың аккаунтына тиесілі ұсынылған аккаунтты көрсетуіміз мүмкін.
Тағы басқа достармен байланыс орнату үшін:
1. TikTok қолданбасының төменгі оң жақ бұрышындағы «Профиль» түймесін түртіңіз.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз де, «Параметрлер және құпиялық» бөлімін таңдаңыз.
3. «Құпиялық» опциясын, содан кейін «Контактілер мен Facebook желісіндегі достарды синхрондау» опциясын түртіңіз.
4. «Контактілерді синхрондау» немесе «Facebook достарын синхрондау» параметрін қосыңыз.Осы функцияны өшіруге немесе бұрын синхрондалған контактілерді кез келген уақытта алып тастауға болады.