TikTok контентті қалай ұсынады

Бөлімге өту


Ұсынушы жүйелер деген не?Біздің ұсынушы жүйелеріміз қалай жұмыс істейдіTikTok-та контент қалай ұсыныладыСізге ұсынылатын контентке қалай ықпал ете аласызTikTok-та жекелендіруді қалай басқаруға болады




Ұсынушы жүйелер деген не?


TikTok қолданбасының миссиясы — пайдаланушыларды қуанту, таң қалдыру және шығармашылық жетістіктерге шабыттандыру. Бізде контент пен авторлардың алуан түрі бар. Әрбір адам өзіне қызықты әрі қажеттісін таба алады. Сондықтан контентті сізге бейімдеп көрсету үшін ұсыныстар жүйелерін пайдаланамыз. Бұл жүйелер аккаунтқа жазылу немесе TikTok-тағы жазбаларға лайк қою сияқты әрекеттеріңізге сүйене отырып талғамыңызға сай контентті ұсынады.




Біздің ұсынушы жүйелеріміз қалай жұмыс істейді


Сигналдарды түсіну
TikTok аккаунтын алғаш рет тіркеген кезіңізде, біз сізді үй жануарлары немесе саяхат сияқты қызығушылық санаттарын таңдауыңызды сұрауымыз мүмкін, осылайша «Ұсыныстар», «Зерттеу» және «Эфирлер» лентасын қалыптастырамыз. Бұл қадамды өткізіп жіберсеңіз, біз сізге TikTok-тағы басқа адамдар көп тамашалайтын ең соңғы жазбаларды көрсетуден бастаймыз.

Алғашқы жазбалар жиынтығын таңдау кезінде біз мынадай контентті іздеп, сізге ұсынамыз:
Көпшілік аудиторияға арналған танымал контент.
Орналасқан жеріңіз бен тіл параметрлеріне негізделген контент.
Сонымен қатар жазылуға лайықты танымал авторларды сізге ұсынамыз.

Қолданбада өзара әрекеттесе бастағаннан кейін, әрекеттеріңіз ұсыныстар жүйелеріне сізді қызықтыра алатын контентті, сондай-ақ сізді қызықтырмайтын және өткізіп жібергіңіз келетін контентті болжауға көмектесетін сигналдар ретінде қызмет етеді. TikTok-тағы өзара әрекеттесуіңіз жүйенің лентаңызды саралап, сізге қандай контент көрсететініне әсер етуі мүмкін. Егер ешбір авторға жазылмасаңыз немесе TikTok-та достарыңыз болмаса, «Достар» қойындысында немесе «Жазылымдар» лентасында контент көрмеуіңіз мүмкін екенін ескеріңіз.

Контентті таңдау және саралау
Контенттің пайдаланушы үшін қаншалықты маңызды және қызықты болатынын болжау үшін бірқатар факторлардың негізінде контент ұсынамыз. Негізгі факторлар:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері
Контент туралы ақпарат
Пайдаланушы туралы ақпарат

Рейтинг туралы мыналарды білген жөн:
• Бұл факторлардың әрқайсысы контенттің ұсынылуы және оған рейтингтің тағайындалуы кезінде белгілі бір рөл ойнайды. Әр фактордың маңыздылығы уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.
• Көбірек рөл ойнайтын факторлар сізге ұнауы мүмкін контент түрлерін дәлірек көрсетеді.

Әр лентаның ұсынушы жүйесі жарамды контенттің үлкен топтамасының ішінен таңдап, оларды әрқайсысына деген ықтимал қызығушылығыңызға сай бағалап саралайды. Белгілі бір ұсынушы жүйелерде бұл болжамдарға қызығушылықтары ұқсас басқа адамдардың өзара әрекеттесулері де әсер етеді. Мысалы:

А деген пайдаланушы 1, 2 және 3-бейнелерді ұнатады делік;
B деген пайдаланушы 1, 2, 3, 4 және 5-бейнелерді ұнатады делік;
онда ұсынушы жүйе А деген пайдаланушы 4 және 5-бейнелерді де ұнатады деген болжам жасауы мүмкін.

Әркімнің талғамы мен жүйеге беретін сигналдары әртүрлі болғандықтан, кейбіреулердің дәл сондай контентті көргеніне қарамастан, «Ұсыныстар», «Жазылымдар», «Достар» және «Тікелей эфир» сияқты ленталар әр адам үшін бірегей болады.

Ұсыныстардың түрлерін арттыру
Біздің мақсатымыз — сізге лайықты контентті көрсетіп қана қоймай, жаңа қызығушылықтарды да табуға көмектесу. Әртүрлі көзқарастар мен идеяларды зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін біз сізді жаңа авторлармен және контентпен таныстыру арқылы ленталарыңызды түрлендіріп отыруға тырысамыз. Осы себепті «Ұсыныстар» және «Тікелей эфир» ленталарында қызыққан нәрселеріңізге сәйкес келмейтін контентті кездестіруіңіз мүмкін. Сондай-ақ біз әдетте сіз көріп қойған контентті ұсынбаймыз.

«Достар» қойындысы және «Жазылымдар» лентасындағыдай, бір автордың бірнеше жазбасын көруіңіз мүмкін, бірақ біз әдетте сол автордың қатарынан екі жазбасын ұсынбаймыз. Егер тек оларға жазылған болсаңыз, қатарынан бірнеше жазбаны ұсынуымыз мүмкін. Егер сіз «Достар» қойындысында немесе «Жазылымдар» лентасында контент шегіне жетсеңіз, біз «Ұсыныстар» лентасындағы контентті қарап шығуға кеңес береміз.

Пайдалану қауіпсіздігі
Ұсынушы жүйелер қауіпсіздікті ескере отырып әзірленген және біз Қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейді деп танылған кез келген контентті жойып отырамыз. Біз TikTok-та рұқсат етілген, бірақ «Ұсыныстар» лентасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін контентті «Ұсыныстар» лентасына шығармаймыз.

Мысалы, жалпы аудиторияға сәйкес келмеуі мүмкін белгілі санаттағы контентті, тіпті ол TikTok желісінен мүлдем жойылмаса да, оны ұсынбауға немесе шектеуге тырысамыз.

Біз Қауымдастық ережелеріне қайшы келетін эфир контентінің таралуына жол бермеу және тоқтату үшін әрдайым эфир бейнелерін тексеріп тұрамыз. Сондай-ақ осы ережелерді бұзатын авторлардың тікелей эфирге шығу мүмкіндігін шектеуіміз мүмкін. 18 жасқа толмаған адамдар тікелей эфир жүргізуге немесе Сыйлықтар жіберуге құқылы емес, сонымен қатар кейбір эфир бейнелерін көре алмайды.

Біздің қауіпсіздік командаларымыз контенттің барлығына жарамды екеніне көз жеткізу үшін танымал болып бара жатқан контенттің кейбірін тексеруі мүмкін.

«Ұсыныстар» лентасының ережелері сирек кездескенде зиянсыз болып көрінетін, бірақ жиі қайталанса, жағымсыз тәжірибеге әкелетін белгілі бір контенттің (мысалы, шектен тыс фитнес немесе диета) жиі ұсынылуын тоқтатуға бағытталған.

«Ұсыныстар» лентасына қойылатын талаптар туралы толығырақ ақпаратты Қауымдастық ережелерінен алуға болады.




TikTok-та контент қалай ұсынылады


Контентті біз үнемі жетілдіріп, кеңейтіп отыратын бірнеше лента мен мүмкіндіктер арқылы көре аласыз. Оның кең таралған мысалдары мынадай:

Ленталарыңызда

Ұсыныстар
«Ұсыныстар» лентасында сізге арналған контент легі көрсетіледі, онда өзіңізге ұнайтын контент пен авторларды таба аласыз.

«Ұсыныстар» лентасындағы контентке мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: сізге ұнайтын, бөлісетін, пікір қалдыратын, толық көретін немесе өткізіп жіберетін контент, сондай-ақ өзара жазылған пайдаланушылардың аккаунттары.
Контент туралы ақпарат: дыбыстар, хэштегтер, бейне көрілімдері және контент жарияланған ел.
Пайдаланушы туралы ақпарат: құрылғы параметрлері, тіл таңдауы, орналасқан жер, уақыт белдеуі мен апта күні, құрылғы түрі.

Көптеген пайдаланушылар үшін бейнені қарауға жұмсалған уақыт сияқты пайдаланушының өзара әрекеттесулері әдетте басқаларына қарағанда маңыздырақ.

Жазылымдар
«Жазылымдар» лентасында сіз жазылған авторлардың контенті көрсетіледі. Әрбір «Жазылымдар» лентасы ерекше. Тіпті екі адам бірдей авторларға жазылған болса да, олардың ленталары TikTok-тың қалай пайдаланылатынына сәйкес реттеледі және контентті көрсетеді.

«Жазылымдар» лентасында контентке мыналар ықпал етеді: • Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: сіз жазылған пайдаланушылардың профильдеріне өту, сондай-ақ сіз лайк басқан, бөліскен немесе пікір қалдырған және толығымен көрген немесе өткізіп жіберген контент.
Контент туралы ақпарат: дыбыстар, хэштегтер, бейне көрілімдері және контент жарияланған ел.
Пайдаланушы туралы ақпарат: құрылғы параметрлері, тіл таңдауы, орналасқан жер, уақыт белдеуі мен апта күні, құрылғы түрі.

Көптеген пайдаланушылар үшін бейнені қарауға жұмсалған уақыт сияқты пайдаланушының өзара әрекеттесулері әдетте басқаларына қарағанда маңыздырақ.

Достар
«Достар» қойындысында өзара жазылған жазылушыларыңыздың (достарыңыздың), сіз жазылған аккаунттардың және басқа ұсынылған аккаунттардың контенті көрсетіледі. Тіпті екі адам бірдей авторларға жазылған болса да, «Достар» қойындысы олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып реттеледі және контентті көрсетеді.

«Достар» лентасындағы контентке мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: достарыңыздың немесе танысыңыз болуы мүмкін пайдаланушылардың профильдеріне өту, сондай-ақ сіз лайк басқан, бөліскен немесе пікір қалдырған және толығымен көрген немесе өткізіп жіберген контент.
Контент туралы ақпарат: дыбыстар, хэштегтер, бейне көрілімдері және контент жарияланған ел.
Пайдаланушы туралы ақпарат: құрылғы параметрлері, контактілер (сіздің рұқсатыңызбен), тіл таңдауы, орналасқан жер, уақыт белдеуі мен апта күні, құрылғы түрі.

Көптеген пайдаланушылар үшін бейнеге қойылған лайктар мен пікірлер саны сияқты пайдаланушының өзара әрекеттесулері әдетте басқаларына қарағанда маңыздырақ.

Тікелей эфир
«Тікелей эфир» лентасында сіздің көңіліңізден шығатын контент пен авторларды табуға мүмкіндік беретін эфир бейнелерінің легі көрсетіледі. «Ұсыныстар» лентасының жоғарғы жағындағы «Тікелей эфир» түймесін түрту арқылы эфир бейнелерін көруіңізге немесе «Ұсыныстар» лентаңызда ұсынылған эфир бейнелерін көруіңізге болады.

«Тікелей эфир» лентасындағы контентке мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: сіз лайк басқан және пікір қалдырған эфир бейнелері, сіз жазылған авторлар, көру уақыты және жіберілген Сыйлықтар.
Контент туралы ақпарат: хэштегтер, эфир көрілімдерінің, лайктардың, тікелей эфир кезінде жіберілген Сыйлықтардың, автор жазылушыларының саны және тікелей эфир өтіп жатқан ел.
Пайдаланушы туралы ақпарат: құрылғы параметрлері, тіл таңдауы, орналасқан жер, уақыт белдеуі мен апта күні, құрылғы түрі.

Көптеген пайдаланушылар үшін белгілі бір тікелей эфирді қарауға жұмсалған уақыт сияқты пайдаланушының өзара әрекеттесулері әдетте басқаларына қарағанда маңыздырақ.

Электрондық коммерция

TikTok Shop
TikTok Shop өнімге сілтемелері бар жазбалар сияқты контент арқылы қарауға және сатып алуға болатын өнімдерді ұсынады. TikTok Shop контенті мен өнімдерін TikTok ленталары, іздеу мүмкіндігі және «Shop» қойындысы (қолжетімді болса) арқылы қарауға болады. TikTok Shop-та контенттің қалай ұсынылатыны туралы толығырақ біліңіз.

Қызықты

Іздеу
Іздеу мүмкіндіктері TikTok-та контентті іздеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар контентті табу үшін іздеу шарттарын ұсынады.

Іздеу шарттары бен іздеу нәтижелерінде ұсынылатын контентке мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: бұрынғы іздеу әрекетіңіз және сіз лайк қойған, бөліскен, пікір қалдырған және толық көрген немесе өткізіп жіберген контент.
Контент туралы ақпарат: контенттің іздеу сұрауына, хэштегтерге және пайдаланылған дыбысқа қаншалықты сәйкес келетіні.
Пайдаланушы туралы ақпарат: құрылғы параметрлері, тіл таңдауы және орналасқан жер.

Көптеген пайдаланушылар үшін контенттің белгілі бір енгізілген терминге сәйкестігі сияқты контент туралы ақпарат әдетте басқаларына қарағанда маңыздырақ.

Хабарландырулар
Сізге ұнауы мүмкін контентті, білуіңіз мүмкін адамдарды немесе сізді қызықтыруы мүмкін іздеу сөздерін ұсыну үшін сізге хабарландырулар жібереміз.

Сізге жіберілетін хабарландыруларға мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: пайдаланушының TikTok-тағы белсенділігі және бұрын хабарландырулармен жасаған өзара әрекеттесулері.
Контент туралы ақпарат: контент авторы, хэштегтер, көрілім саны және контент жарияланған ел.
Пайдаланушы туралы ақпарат: орналасқан жер, тіл таңдауы және құрылғы түрі.

Көптеген пайдаланушылар үшін алынған және ашылған хабарландырулар саны сияқты пайдаланушының өзара әрекеттесулері әдетте басқа факторларға қарағанда маңыздырақ.

Өзара әрекеттесулер

Пікірлер
TikTok қауымдастығымен байланыс орнату үшін өзіңізге қызықты жазбаларға пікір қалдыруға кеңес береміз.

Сізге көрсетілетін пікірлерге мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: сіз лайк қойған пікірлер, оларға жауап және жазба авторына немесе пікір авторына жазылған-жазылмағаныңыз.
Контент туралы ақпарат: лайктар саны және пікір жазылған тіл.
Пайдаланушы туралы ақпарат: орналасқан жер, тіл және құрылғы параметрлері.

Көптеген пайдаланушылар үшін пікір тілі және оған қойылған лайктар саны сияқты контент туралы ақпарат әдетте басқаларына қарағанда маңыздырақ.

Аккаунт ұсыныстары
TikTok-та сіз білуіңіз мүмкін адамдармен және сізді қызықтыруы мүмкін авторлармен бұрыннан араласып жатқаныңызға байланысты қарым-қатынас жасай аласыз.

Аккаунт ұсыныстарына мыналар әсер етуі мүмкін:
Пайдаланушының өзара әрекеттесулері: сіз жазылған, лайк қойған немесе контент бөлісетін аккаунт түрлері сияқты TikTok-тағы әрекеттеріңіз.
Контент туралы ақпарат: аккаунттағы жазылушылар мен көрілім саны, аккаунт орналасқан жер және басқа аккаунтты білу ықтималдығы, мысалы, олар сіздің контактілер тізіміңізде болса (сіздің рұқсатыңызбен).
Пайдаланушы туралы ақпарат: құрылғы параметрлері, тіл таңдауы және орналасқан жер.

Көптеген пайдаланушылар үшін екі аккаунт арасындағы ортақ байланыстар сияқты контент туралы ақпарат әдетте басқа факторларға қарағанда маңыздырақ.




Сізге ұсынылатын контентке қалай ықпал етуге болады


Жоғарыда TikTok-та контенттің сізге ұсынылуына әсер ететін көптеген себептер айтылып кеткен болатын. Сондай-ақ мұндай контентке сіз де ықпал ете аласыз. Бұл мақсатта біз мына мүмкіндіктер мен параметрлерді ұсынамыз:

Лайк: TikTok лайк қойылған контентке ұқсас контентті көрсетіп отырады.
Қызықты емес: лентаңызда белгілі бір контент бөлігі сізді қызықтырмаса, қызық емес деп пікір қалдыру арқылы бізге хабар беруіңізге болады, сонда біз сізге ондай контентті аз көрсетеміз.
Лентаны жаңарту: «Ұсыныстар» лентасында ұсынылатын контентті жаңартуыңызға, сондай-ақ танымал контентке лайк қою және пікір қалдыру сияқты өзара әрекеттесулерді жасауыңызға болады.
Тақырыптарды басқару: «Ұсыныстар» лентасындағы контентті реттеу үшін түрлі тақырыптарға қатысты қалаулы параметрлерді орнатуға болады.
Пікірлерге дизлайк қою: пікір сізді қызықтырмайтын болса, жазбаның пікірлер бөлімінде дизлайк қою арқылы бізге хабарлаңыз.

Сонымен қатар TikTok көретін контентіңізді реттеуге арналған тағы бірқатар мүмкіндіктерді ұсынады:

Ленталарды реттеу
Ленталарды мына құралдар арқылы реттеуге болады:
Кілтсөздерге сүзгі орнату: «Ұсыныстар», «Жазылымдар», «Достар», «Тікелей эфир» және «STEM» ленталарынан белгілі бір сөздері және олардың түрлі нұсқалары, сондай-ақ белгілі бір хэштегтері бар контентті алып тастау үшін сүзгілерді пайдалануға болады. «Кілтсөздерге сүзгі орнату» бөліміне кілтсөз қосқаннан кейін, пайдаланушылар ұқсас кілсөздерді, мысалы, синонимдер мен бір сөздің әртүрлі нұсқаларын сүзгіден өткізу үшін жасанды интеллектіні пайдалана алады.
Жазылудан бас тарту: егер сіз аккаунтқа жазылудан бас тартсаңыз, «Жазылымдар» лентасында немесе «Достар» қойындысында сол аккаунттың жазбалары жойылады.

Іздеу нәтижелерін реттеу
Сауда жасау және іздеу тәжірибесін мына құралдар арқылы реттеуге болады:
• Сүзгілер: іздеуді нақтылау үшін іздеу нәтижелеріне сүзгі қоюға болады. Мысалы, «Shop» қойындысында баға ауқымы, рейтингісі, түсі немесе өлшемі бойынша сүзгі қоюға болады.
• Сұрыптау реті: іздеу нәтижелерін өзектілігі, лайк саны немесе жарияланған күні бойынша сұрыптауға болады. «Shop» қойындысында іздеуді сәйкестігі, өтімділігі, бағасы (төменнен жоғарыға немесе жоғарыдан төменге) немесе қосылған күні бойынша сұрыптай аласыз.

Аккаунт ұсыныстарын реттеу
Контактілердің синхрондалуын өшіру: TikTok-тан бұрын синхрондалған контактілерді жоюға немесе құпиялық параметрлерінде синхрондалған контактілерді өшіруге мүмкіндік береді.
Ұсынылған аккаунттарды жою: жазылуға лайықты деген мақсатпен ұсынылған аккаунттарға қызықпайтыныңызды хабарлау үшін оларды ұсынылғандар тізімінен жоюға болады.

Хабарландыруларды реттеу
Ұсынылған жазбалар үшін қандай хабарландырулар алғыңыз келетінін таңдау үшін параметрлердегі хабарландыруларды басқарыңыз. Барлық хабарландыруды өшіріңіз немесе хабарландыруларды алғыңыз келетін өзара әрекеттесу түрлерін таңдаңыз.




TikTok-та жекелендіруді қалай басқаруға болады


Сізге көрінетін контент және сіз TikTok-та және соның ішінде TikTok Shop-та пайдаланатын басқа да мүмкіндіктер жеке талғамдарыңызға немесе қызығушылықтарыңызға сәйкес іріктеледі, осылайша жекелендірілген тәжірибе қалыптасады. TikTok-та жекелендіру параметрлерінің екі түрі бар: жекелендірілген ленталар және жекелендірілген іздеу. Екі параметр де әдепкі бойынша қосулы болады, бірақ оларды осы нұсқауларды орындау арқылы өшіре аласыз.

• Жекелендірілген ленталар параметрін өшірсеңіз, «Ұсыныстар», «Жазылымдар», «Тікелей эфир» және «STEM» (жекелеген аймақтарда) ленталарында, сондай-ақ «Зерттеу», «Достар» және «Маңайда» қойындысында (жекелеген аймақтарда) және «Shop» қойындысында (жекелеген аймақтарда) жекелендірілмеген контент көрсетілетін болады. Мысалы, «Жазылымдар» және «Достар» ленталарында сіз жазылған авторлардың контенті хронологиялық тәртіппен көрсетілуі мүмкін. «Ұсыныстар» лентасының орнына «Танымал» лентасын көретін боласыз және онда аймағыңыздағы және басқа елдердегі танымал контент көрсетіледі. Бұл параметр өшірулі болса, пікірлер, стористер және аккаунт ұсыныстары да жекелендірілмейді.
• Жекелендірілген іздеу параметрін өшірсеңіз, жекелендірілмеген іздеу нәтижелері мен ұсыныстары көрсетілетін болады. Сондай-ақ ұсынылған іздеу сұраулары мен іздеу нәтижелерінің сұрыпталуы да өзгереді.

TikTok-та жекелендіруді қалай басқару керектігі туралы толығырақ біліңіз.

Ескертпе: бұл жекелендірмеу мүмкіндігі тек ЕО-да және Қазақстанда қолжетімді.

Бұл сізге көмектесті ме?