Хабарландырулар

Бөлімге өту


Кіріс жәшігі хабарландыруларын сүзіп алу жолы  •  Push-хабарландыруларды қалай қосуға немесе өшіруге болады?  •  Рush-хабарландыруларды өшіру жолы 




Жаңа хабарламалар, әрекеттер, жазылушылар, т.б. нәрсе орын алғанда, кіріс жәшігіңізге хабарландырулар келеді. Push-хабарландырулар TikTok қолданбасын пайдаланбаған кезіңізде құрылғыңызға жіберіледі. Бұған лүпілдер, пікірлер, бейне ұсыныстары, т.с.с. нәрселер туралы хабарландырулар кіруі мүмкін. 






Кіріс жәшігі хабарландыруларын сүзіп алу жолы


Кіріс жәшігі хабарландыруларын сүзіп алу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында төменгі жақтағы 
«Кіріс жәшігі» опциясын түртіңіз.
2.
«Әрекеттер» түймесін басыңыз.
3.
«Барлық әрекет» опциясын түртіңіз, содан кейін «Лайктар мен таңдаулылар», «Пікірлер», «Өзіңіздікін қосу» немесе «Еске алулар мен тэгтер» опциясын басып, кіріс жәшігіңіздегі хабарландыруларға сүзгі қолданыңыз.






Push-хабарландыруларды қалай қосуға немесе өшіруге болады?


Рush-хабарландыруларды қосу немесе өшіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында төменгі жақтағы 
«Профиль» опциясын түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы
«Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3.
«Хабарландырулар» опциясын түртіңіз, содан кейін өзіңіз қабылдағыңыз келетін хабарландыруларды қосыңыз немесе өшіріңіз.

Құрылғы параметрлерінен TikTok хабарландыруларын өзгерте алатыныңызды есіңізге саламыз.






Push-хабарландыруларды өшіру жолы


Құрылғыңызда push-хабарландырулардың белгілі бір уақыт аралығында өшірілу кестесін орнатуыңызға болады.

Push-хабарландырулардың өшірілу кестесін орнату үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында төменгі жақтағы 
«Профиль» опциясын түртіңіз.
2. Жоғарғы жақтағы
«Мәзір» ☰ түймесін түртіңіз, содан кейін «Параметрлер және құпиялық» тармағын таңдаңыз.
3.
«Хабарландыруларды» басыңыз.
4.
«Push-хабарландыру кестесі» опциясын түртіңіз.
5. Параметрді қосыңыз, содан кейін уақытты реттеңіз. Сіз жоспарлаған уақытта push-хабарландыруларды жібермейміз.

Push-хабарландырулар туралы бірер сөз:
•  13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін әдепкіде уақыт 21:00 мен 08:00 аралығына орнатылады. Бұл параметрді өзгерту мүмкін емес.
•  16 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін әдепкіде уақыт 22:00 мен 08:00 аралығына орнатылады. Бұл параметрді өзгерту мүмкін емес.
•  Егер ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз, «Отбасылық параметрлер» бөлімінде баланың push-хабарландыруларының дауысын өшіру үшін қосымша уақытты жоспарлай аласыз. Әдепкі жоспарланған уақыт пен пайдаланушы көрсеткен интервал қабаттасып жатса, әдепкі параметрлер басымдыққа ие болатынын ескеріңіз. Мысалы, 13 жасар жасөспірімнің жоспарлы уақытын 23:00-ден 07:00-ге дейін орнатсаңыз, 21:00-ден 08:00-ге дейінгі әдепкі уақыт сіз орнатқан параметрдің орнына орнатылады.




Бұл сізге көмектесті ме?