Дыбысты қосу жолы
Жазбаңызға дыбыс қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. TikTok қолданбасында экранның төменгі жағындағы «Жазба қосу +» түймесін түртіңіз.
2. Түсіру экранының жоғарғы жағындағы «Дыбыс қосу» түймесін түртіңіз. Осы жерде мына әрекеттерді орындауыңызға болады:
༚ Алдын ала көру үшін дыбысты түртіңіз.
༚ Дыбысты «Ұсынылған», «Таңдаулылар» немесе «Соңғы» бөлімінен таңдаңыз.
༚ Дыбысты іздеу үшін «Іздеу» түймесін түртіңіз, содан кейін таңдауыңызды растау үшін «Жалғастыру» ✓ түймесін түртіңіз.
3. Дыбысты сақтау үшін «Таңдаулылар» түймесін немесе дыбыс клипін реттеу үшін «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
4. Жазбаңызға дыбыс қосу үшін бейненің кез келген жерін түртіңіз.
Сондай-ақ өңдеу экранында жазбаңызға дыбыс қосуға болады.